Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
қайта аминденуінің нетижесінде қымыздық сірке және пирожүзім
қышқылдары түзіледі.
Егер сілтілік ортаға 2,4-динитрофенилгидразин қосса, қымыздық сірке
және пирожүзім қышқылдарының боялған гидразоны пайда болады.
Зерттеуге арналған үлгілер. Қан сарысуы гемолизсіз болу керек.
АсАТ-ты анықтау тәсілі.
Тәжірибелік сынақ: пробиркаға 0,5 мл АсАТ-тың субстраттық
ерітіндісі құйылып, 37°С температурада 5 мин қайнатылады, оған 0,1 мл
сарысу қосып, 37°С температурада 30 мин тыныштық күйге суытады. Содан
кейін 2,4-динитрофенилгидразин 0,5 мл мөлшерінде қосып, бөлме
температурасында 20 мин ұстайды. Бөлме температурасы жағдайында 5 мл
0,4 моль/л күйдіргіш сілтіні қосып, бояу пайда болғанға дейін 10 мин бойы
араластырады. Сынақ бос жүргізілмес үшін, оны ФЭК-ке салып, толқын
ұзындығы 500—560 нм (жарық фильтрінің түсі жасыл), кювет қалыңдығы
1см етіп таңдап алып өлшейді. Бос сынақты тәжірибелік сынақ сияқты
жүргізеді, бірақ сарысуды инкубациядан кейін қосады.
АлАТ-ты анықтау тәсілі.
Тәжірибелік сынақ: пробиркаға 0,5 мл АлАТ-тың субстраттық
ерітіндісін құйылып, 37°С температурада 5 мин қайнатылады, оған 0,1 мл
сарысу қосып, 37°С температурада 30 мин-қа тыныштық күйде суытады. Әрі
қарай сынақ АсАТ-ты анықтағандай жүргізіледі.
Каравей әдісі арқылы
Достарыңызбен бөлісу: