Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
5)
 
O

–  өзіне  тән  иісі  бар  күшті  тотықтырғыш  газ.  Озонды  барлық 
ауа  ластаушыларының  арасында  улылығы  жоғары  классқа  жатқызады. 
Максималды  1  реттік  ШРК  0,6  мг/м
3
.  Орташа  тәуліктік  ШРК  0,03  мг/м
3

Озонның жоғары концентрациясы өнеркәсіптік аудандарда байқалады. 
6)
 
CH
  –  көміртегі  мен  сутегінің  химиялық  қосылыстары.  Оларға 
бензин,  әр  түрлі  сұйықтықтар  өнеркәсіптік  еріткіштер,  химиялық  тазартуда 
қолданылатын  заттардың  құрамында  болатын  әр  түрлі  ластауыш  заттарды 
жатқызады.  Мысалы,  бензол  лейкемияның  себебі,  гексан  адамның  жүйке 
жүйесінің ауыр зақымдарының себебі, бутадиен күшті канцероген. 
7)
 
Pb
  –  күміс  сұр  түсті,  кез-келген  түрде  улы  металл.  Қорғасын 
бояғыш  зат  ретінде,  типографиялық  құймаларды,  қару-жарақ  жасауда, 
металлдарды  дәнекерлеу  кезінде  қолданылады.  Атмосфера  ластануының 
қорғасын  қосылыстарымен  ластану  көзінің  80%  транспортты  құралдардан 
шығатын  этилденген  бензин,  антидетонациялық  материал  ретінде 
тетраэтилқорғасын  пайдалану  салдарынан  шығарылатын  газдар  құрайды. 
Орташа тәуліктік ШРК қорғасын үшін 0,0003 мг/м
3

8)
 
Фреондар
  –  адам  синтездеген  галоген  құрамдас  заттар.  Олардың 
артықшылығы олар  жанғыш  зат емес, улы  емес  және бейтарап.  Хлорланған 
және  фторланған  көміртегі  хладагенттер  ретінде  кондиционерлерде, 
тоңазытқыштарда  және  көпіршік  түзілу  агенті  ретінде,  газды  өрт 
сөндіргіштерде аэрозольдерде қолданылады. 
9)
 
Аэрозольдер
  –  атмосфераға  жанартаулар,  өрт,  отын  жағу  кезінде 
дайын  күйде  түседі  немесе  атмосферада  химиялық  реакциялар  нәтижесінде 
түзіледі.  Антропогендік  аэрозоль  түзілу  10-20%  құрайды.  Ауада 
аэрозольдердің болуы жылу балансын бұзады. Сондай-ақ атмосферада қатты 
аэрозольді бөлшектердің түзілуі нәтижесінде ауаның мөлдірлігі нашарлайды, 
көкшіл түтін пайда болады. Атмосфераның шаңдылығының жоғарылауы жер 
альбедосының ұлғаюына әкеледі. Ал оның нәтижесінде күн радиациясының 
жұтылуы азаяды. Қалаларда қатты бөлшекті аэрозольдердің түзілуі көбінесе 
күкірт  диоксидіне  байланысты.  Ол  күкірт  қышқылына  айналады.  Кейін 
аммиакпен реакцияға түсіп, аммоний сульфатын түзеді.  
1.
 
А
уа жағдайын санитарлық – гигиеналық бақылау критерийлері. 
Ауаны  ластайтын  заттар  адам  организміне  көбінесе  тыныс  алу  жолдары 
арқылы  түседі.  Олар  кеңірдек  пен  бронхтар  арқылы  өтіп,  өкпе 
альвеолаларына түседі. Одан әрі қан мен лимфаға өтеді. 
Гигиеналық  нормативтерді  жасау  лабораториялық  жануарлардың 
кешенді зерттеуі арқылы және өз еркімен келіскен адам ағзасының ластаушы 
затқа  әсерін  бақылау  арқылы  жүзеге  асады.  Қазіргі  кезде  500-ден  астам 
атмосфералық ауаны ластаушы заттар үшін ШРК анықталған. 
Гигиеналық  нормативтер  адам  өмірі  үшін  физиологиялық  оптимумды 
қамтамасыз етуі қажет. Өте аз мөлшерде аз уақыт әсер ететін заттар көрінетін 
функционалды  өзгерістерге  әкелмейтіндіктен 
максималды  1  реттік  ШРК
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет