Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
қыналар  ескі  ағаштарды  жақсы  көреді,  және  де  олар  үшін  ағаш  қабығының 
үстінің  маңызы  зор.  Ескі  ағаштардың  кедір-бұдырлы  қабығына  әдетте  шоқ 
түпті түрлері қоныстанады, кейде жапырақты және қаспақтылары кездеседі. 
Жас ағаштардың аса қатпарланбаған қабықтарына жапырақты және қаспақты 
түрлері  өседі,  ал  тегіс  қабыққа  негізінен  қаспақты  қыналар  қоныстанады. 
Қыналардың  кездесу  жиілігіне  субстанцияның  қышқылдығы  да  әсер  етеді. 
Бейтарап  реакциясы  бар  қабықта  қышқыл  субстратқа  қарағанда,  қыналар 
өздерін  жақсы  сезінеді.  Ағаштардың  әр  түрлі  тұқымдарындағы 
лихенофлораның құрамының әр түрлі болуы осыған байланысты  
 Алайда бұл әдісті пайдалануға шектеулер де бар. Оның мәнісі мынада: 
қыналар  кез-келген  тірі  ағзалар  сияқты  қоршаған  ортаның  әрбір  өзгерісіне 
жауап қайтарады. Сондықтан да, табиғатта көбіне қыналардың қандай да бір 
зақымдалуының  нақты  себептерін  анықтау  мүмкін  емес.  Температураның 
немесе  ылғалдылықтың  қарапайым  ықпалы  әсіресе,  егер  поллютанттың 
концентрациясы шамалы болса ластанудың әсерін байқатпауы мүмкін. 
Оларға  ең  бастысы,  ортаның  қышқылдығын  ұлғайтатын,  тотығу 
үдерістерін жылдамдататын заттардың яғни SO
2
, HF, HCl, азот тотығы, озон 
сияқты  қосылыстардың  зиянды  әсер  ететіндігі  анықталды.  Сонымен  қатар, 
басқа  ағзалар  үшін  улы  болып  саналатын  қабаттарда  біршама  мөлшерде 
жинақталатын ауыр металдар, сондай-ақ табиғи және жасанды радиоактивті 
изотоптар салыстырмалы түрде алғанда қыналар үшін уытсыз болады . 
Қабаттарының  типі  бойынша  қыналарды  қаспақты  (қабықтық), 
жапырақты,  бұталы  деп  бөледі.  Қаспақтыларда  –  жұқа  (тегіс  немесе 
қиыршықты,  кедір-бұдырлы)  қабықша  түріндегі  қабаты  болады  және 
субстратқа  (қабыққа,  тасқа,  топыраққа)  өте  тығыз  бітіседі,  оларды 
субстратты  бүлдірмей  бөліп  алу  мүмкін  емес.  Жапырақты  –  ұсақ  қабыршақ 
немесе  тілімше  түрінде  болады,  саңырауқұлақ  гифтерінің  түйіндерімен 
(ризоидтармен)  бекінеді  және  субстраттан  оңай  бөлінеді.  Бұталы  – 
субстратқа  өзінің  негіздерімен  бекінетін,  жіңішке  жіпшелер  немесе  жуан 
тармақталған бұталар түрінде болады               
Ластандырушыларға 
ең 
тұрақтылары 
қаспақтылар, 
орташа 
тұрақтылары  –жапырақтылар,  әлсіз  тұрақтылары  –  бұтақты  қыналар  болып 
есептеледі.  
Кейбір  зерттеушілер  қыналардың  қабаттарының  өздеріне тән  боялуын 
металдардың  жинақталуымен  түсіндіреді.  Олардың  пікірі  бойынша,  темір 
жинақталған  кезде  осы  өсімдіктердің  кейбір  түрлерінің  қабаттары  қоңыр 
реңге, ал мыс жинақталғанда - жасыл реңге ие болады. 
Зауыттардың  өнеркәсіптік  аудандарындағы  және  оған  іргелес  жатқан 
аумақтардағы көптеген зерттеулер атмосфераның ластануы мен қыналардың 
белгілі  бір  түрлерінің  санының  қысқаруының  арасындағы  тікелей 
тәуелділікті  көрсетеді.  Қыналардың  ерекше  сезімталдығы  олардың  ортаға 
сіңірілген улы заттарды бөліп шығара алмайтындығымен түсіндіріледі.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет