Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


 Дәріс  Дәріс тақырыбы: Су сапасының биоиндикациясы



Pdf көрінісі
бет83/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

10 Дәріс 
Дәріс тақырыбы: Су сапасының биоиндикациясы 
Мақсаты: 
Білім  алушыларға  су  сапасының  биоиндикациясы  жайлы 
білім беру.  
 


 
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Сапалы  су  табиғаттың  эстетикалық  және  рекреациялық  потенциалын, 
биоалуантүрлікті,  халықтың  денсаулығын,  және  тамақ  өнеркәсібі  мен 
техникалық өнімдерді сақтаудың негізгі шарты болып табылады.  
Бүгінгі таңда табиғатты кешенді ластау антропогендік құбылыстардың 
тірі  ағзаларға  тікелей  және  жанама  әсерлерінің  әр  түрлі  болуымен 
сипатталады  және  оған  мысал  ретінде  мұнай  өндіру  әсерін  жатқызуға 
болады.  Сондықтан  экологиялық  нормалау  экологиялық  қауіпсіздік 
жүйесінің  қалыптасуының  негізгі  мәселесі.  Антропогендік  әрекеттердің 
әртүрлілігіне  байланысты  олардың  құрылу  механизмдері  мен  экожүйе 
құрылысының  алдын  ала  терең  зерттеуінсіз,  нақты  жүйеге  байланысты 
мөлшер мен әсерге қатысты анықталған мәліметтерсіз, ғылымдағы Жер мен 
өмір туралы қиын теориялық жоспардағы зерттеулердің керектігін көрсететін 
мониторинг  бағдарламасын  да,  мәліметтерді  өңдеу  мен  жинаудың  тиімді 
әдістерін де көрсету қиын болып табылады        . 
Бүгінгі  ғылымның  ең  бір  күрделі  мәселелеріне  антропогенді  ықпалды 
нормалаудың  негізгі  сұрақтарына  биологиялық  жүйелер  жағдайының 
диагностикалық  критерийі,  яғни  тірі  ағзалар  нормасы  мен  патологиясы, 
популяциялар  мен  бірлестіктерегі  адаптациялық,  дестабилизациялық  және 
деградациялық  құбылыстары,  экожүйенің  ассимиляциялық  сыйымдылығы 
және т.б. жағдайдарды жатқызылады. 
Осы күнге дейін антропогендік жүктемені қысқарту туралы шешімдер 
Қазақстан  Республикасындағы  тәжірбиеде  басқа  шетелдік  елдер  секілді 
балық  шаруашылығы  және  санитарлық-тұрмыстық  қолданыстағы  су 
қоймаларындағы жеке ластаушы заттардың шекті рауалы және рұқсат етілген 
концентрациясы негізінде қолданылады. Ластаушы заттардың түсуін шектеу 
жүйесі,  яғни  судағы  зиянды  заттардың  рұқсат  етілген  концентрациясын 
сақтау  судың  сапасын  және  су  экожүйелерін  толықтай  деградациядан 
қорғауға мүмкіндік бермейді 
            ,             ,             
.  
Қазіргі  таңда  көптеген  мамандардың  көмегімен  шекті  рұқсат  етілген 
көрсеткіштер әсері (ШРКӘ) және шекті рұқсат етілген тасталындылар (ШРТ) 
туралы  концепциялар  мен  әдістер  белсенді  түрде  жасалуда.  Онда  ШРК 
деңгейіне  дейін  жекелеген  ингредиенттердің  су  экожүйесіне  қосылуы  және 
гидрологиялық факторлар негізге алынған 
            

Әлемдік  ғылымда  рұқсат  етілген  шекті  рауалы  концентрация  (ШРК) 
ұғымына жақын критикалық жүктеме концепциясы көпшілікке белгілі, бірақ 
ол  экспертті  мағынаны  емес  сандық  мағынаны  білдіреді.  Критикалық 
жүктеме  дегеніміз  -  экожүйенің  ең  әлсіз  компоненттеріне  жағымсыз 
өзгерістер  әкелмейтін  бір  немесе  бірнеше  ластаушы  заттардың  максималды 
рұқсат  етілген  шамасы.  «Критикалық  деңгей»  ұғымы  ШРК  мағынасына 
ұқсас,  яғни  табиғи  экожүйелердің  ең  сезімтал  тізбегінде  бұзылыс 
туғызбайтын, бір немесе бірнеше ластаушы заттардың шекті мөлшері. ШРК 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет