Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет91/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
анықтаған  кезде  ең  басты  назар  жоғары  сезімталды  ағзаларды  іздестіруге 
бөліну қажет.  
Тест-ағзалардың  токсиндерге  қатысты  сезімталдығын  бағалаудың 
негізгі  әдісі  ретінде  олардың  өлім-жітімін  тіркеу  болып  табылады.  Тесттің 
негізгі  (классикалық)  ұзақтығы  –  96  сағат.  Токсикологиялық  тесттердің 
классикалық ұзақтығының 96 сағатқа созылуының себебі әр түрлі елдердегі 
ғалымдардың жұмыс аптасының 5 тәулікке созылуына байланысты. 
ХХ ғасырдың басында қоршаған ортаның ластануын бағалаудың негізгі 
тәсілі  болып  «балық  пробасы»  деп  аталатын  балықтардың  өмірге 
қабілеттілігін  анықтайтын  әдіс  болды.  Әдістің  негізін  қалаушы  ресейлік 
ғалымдар Гримм, Арнольд, Чермак, Долгов, Никитинский. Әдіс шет елдерде 
де  кең  таралды;  өзінің  қарапайымдылығы  мен  ыңғайлылығына  сай  қазіргі 
уақытқа  дейін  қолданылады.  Әдістің  кемшілігі  балықтардың  лабораторияға 
бейімделушілігінің  ұзақтығында  (15-20  тәулік),  оның  өзі  күйзеліс  болып 
табылады.  «Балық  пробасы»  әдісінің  кейіннен  дамуы  АҚШ-та  қозғалу 
белсенділігін  контактсіз  тіркейтін  жүйенің  ойлап  табылуынан  және 
балықтардың іс-әрекетін анықтаудан соң белең алды. 
Балықтар су сапасының индикаторлары ретінде.  
Көптеген  жарияланымдар  сулардың  токсинді  ластануы  кезіндегі 
экожүйе  «денсаулығын»  сақтайтын  балықтардың  индикаторлар  ретіндегі 
роліне  куә.  Балықтар  су  қоймаларының  трофикалық  жүйесінде  жоғарғы 
орынды  алады.  Интенсивті  ластану  шарттарында  балық  ағзасының 
қабілеттілігі  ағзаға  әсер  ететін  токсиндерді  тиімді  түрде  зат  алмасу  арқылы 
шығарумен  анықталады                          .  Олардың  ағзасындағы  патологиялық 
өзгерістер  су  ортасының  токсиндік  деңгейін  анықтауға,  кумулятивті  әсерді 
бағалауға, сондай-ақ су қоймаларына түсетін, адамға зиян заттардың қаупін 
алдын  алуға  көмектеседі.  Балықтардың  физиологиялық  көрсеткіштерінің 
өзгерістері сандық мағынада тіркеледі, оларды әсер-доза тәуелділігін құруда 
қолдануға  болады.  Сондықтан,  су  ластануы  зардаптарын  бағалайтын 
көптеген  халықаралық  жобаларда  (MOLAR,  LIMPACs,  AMAP,  ICP-Water 
және  т.б.)  балықтардың  ағзалық  деңгейде  зерттелуіне  көп  көңіл  бөлінеді. 
Экожүйенің  «денсаулығы»  диагностикасы  үшін  жүйелік  зерттеулер 
маңызды, ал нәтижелер – статистикалық қамтылған. Бірақ, көптеген әдістер, 
соның  ішінде  биохимиялық  және  физиологиялық  өте  қиын,  сондықтан 
табиғи  су  қоймаларын  зерттеулер  кең  қолданылмайды.  Ұсынылған 
методикалық екі деңгейлі тәсіл тиімді үйлесімде бұқаралық материалды алу 
мүмкіндігі  мен  нақты  диагноз  қоюды  сабақтастыра  алады.  Индивидуумдер 
зерттеуінде бірінші макродеңгей ерекшеленді, ол бойынша аурулар ағзаның 
бұқаралық зерттеуі негізінде анықталады және алдын ала диагноз уланудың 
клиникалық және патология-анатомиялық белгілерімен қойылады. 
Диагностиканың 
екінші 
микродеңгейі
 
өзіне 
гематологиялық, 
гистологиялық,  биохимиялық,  құралдық  физиологиялық  және  басқа  да 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет