Жұмыс бағдарламасы «Тәрбие жұмысының әдістемесі»


Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқау



бет3/4
Дата12.10.2020
өлшемі40,41 Kb.
#66199
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

2. Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқау


Аталған пәнді жетістікпен оқып үйрену үшін барлық сабақтарға қатынасу, дәрісті үнемі жүргізу, оқытушының барлық тапсырмаларын орындау, машықтану сабақтарына, СОӨЖ, СӨЖ өз уақытында дайындалу қажет. Машықтану сабағы барысында екпінді қатынасқаны жөн.

Барлық сабақтарға қатынасу қатаң түрде тексеріледі. Сабақты босатқан жағдайда оқылған материалға жауап бересіз. Себепсіз босатылған үш сабаққа ұпай есептелмейді.

Машықтану сабақтарына, СОӨЖ, СӨЖ дайындалу барысында сәйкес дәріс материалдарын білу қажет.

Семестр бойы екі межелік бақылау жүргізіледі.

Қорытынды емтихан барлық теориялық сұрақтармен практикалық тапсырмаларды қамтиды.
3. Курс ережесі және формасы

Аудиториялық сабақтар келесi түрлерден: дәрiстер (Д), практикалық (Пр) сабақтардан, СОӨЖ жартысынан тұрады.

Тақырыптардың жартысы сабақтарда, қалғаны өздiгiнен орындалады.

Дәрiстiк, практикалық сабақтарға қатысу мiндеттi. Егер студент қандай-да бiр себептермен сабаққа келмесе, тыңдамаған материалдар үшiн жауап бередi.

Сабақ кезiнде тәртiп бұзылса студент аудиториядан шығарылады немесе оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.

Аралық аттестация қортындылары студенттiң сабаққа қатысуын, өздiк жұмыстарын өз уақытында орындауын, сабақ үстiнде жауап беруiн, аралық бақылау нәтижелерiн ескере отырып қойылады.

Олар мiндеттi түрде айтылған уақытында тапсырылуы тиiс. Өз уақытынан кеш тапсырылған бақылау жұмыстарына автоматты түрде төмен баға қойылады.

Студенттердiң бiр-бiрiнен көшiргенi немесе плагиат (дайын тапсырманы көшiру) үшiн аудиториядан шығарылады немесе оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет