Тыгыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның кұрамында клеткалар мен аморфтьгқ зат аз
болады да, талшыктар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер улпа терінін негізін, сіңірді,
шандырды, желкені қүрайды.
Дәнекер ұлпалық талшыктардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады:
тығыз қалыптаспаған және тығыз калыптасқан дәнекер үлпала-рын. Тығыз калыптаспаған дәнекер үлпасында
клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі багыттарда жатады және олардын орналасу бағытында қатаң
заңдылық болмайды. Тығыз калыптаскан дәнекер үлпаларының талшықтар шоғырларына үлпага әсер ететін
механикалық күштердің бағытына сәйкес орналасу зандылыктары тән. Үлпаның негізгі массасын күрайтын
талшықтардын түріне байланысты калыптаскан дәнекер үлпасьш коллагендік және серпілмелі
(эластикалық) деп бөледі. Тығыз қалыптаспаған дәнекер үлпасы адам мен сүтқоректілер терісінін негізін
қүрайды. Коллаген талшықтарынын шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқышұйқыш шырмалып жатады (5-сурет).
Дәнекер үлпасының бүл түрінде коллагендік талшықтармен бірге эластиндік талшықтардың кейбір саны
кездеседі. Бүл үлпада клеткалар аз болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер
үлпасында байқалатын кейбір клеткаларда кездеседі. Тығыз дәнекер үлпасы сіңірді қүрайды (6-сурет).
Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады. Талшықтар шоғырьшың арасында саңылаулар
болады, ондағы аморфты затта фиброциттер жатады. Фиб-роциттер немесе сіңір клеткалары, бірінші ретті коллаген
талшықтар шоғырының тізбектерінің арасьшда орналасады. Бірінші ретті коллаген шоғырлары бірігіп, екінші ретті
шоғырлар күрайды. Оларды эндотеноний (tendo — сінір) деп аталатын борпылдак қалыптаспаған дәнекер үлпаның
жүқа қабаты қоршап түрады. Осы принциппен екінші ретті коллаген шоғырлары, үшінші ретті шоғырларға бірігеді,
бүларды да дәнекер үлпасы каптайды, бірақ олардын дәнекер үлпалық кабы қалың болады және перитеноний деп
аталады.