ЖҰмыс оқу бағдарламасы мамандық “Жалпы тәжірибелі дәрігер” Пән Фтизиатрия Оқу сағатының көлемі 180 Шымкент 2013 ж


Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ



бет6/8
Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#43039
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Фтизиатрия пәні бойынша дәрігер – интерндерге арналған аралық тест сұрақтар– 50 сұрақ

3 вариант


1~28 жастағы науқас әлсіздікке, аз өнімді жөтелге шағымданады. Өкпені физикалды зерттегенде патология анықталған жоқ. Қан анализі: лейк. – 7,6 х 109/л, лимфоциттер – 17%, ЭТЖ - 27 мм/сағ. Өкпенің рентгенографиясы: диаметрлері 1,5 – 2 см қосылған фокустар, перициссурит.

Неғұрлым мүмкін диагноз:

| өкпенің инфильтративті туберкулезі +

| өкпенің ошақты туберкулезі

| өкпенің диссеминирленген туберкулезі

| біріншілік туберкулездік кешені

| өкпенің каверноздық туберкулезі

2~ Ер адамда алғаш рет «оң өкпенің S1-2 ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі, ТМБ(-) » диагнозы анықталды. Спецификалық антибактериялды терапиядан кейін шеткері невриттер, бас ауру, жүрек тұсындағы ауырсынулар пайда бола бастаған. Бұл белгілер туберкулезге қарсы дәрілік заттың … жанама әсері.

| изониазидтің +

| стрептомициннің

| рифампициннің

| этамбутолдың

| пиразинамидтің

3~ Науқас 20 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Профилактикалық флюорография кезінде анықталған, қақырықтың 3- порциясында да ТМБ анықталмаған. Кеуденің жалпы шолу ренгенографиясында: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде бірлі – жарым аз интенсивті, контуры тегіс емес ошақтар бар; өкпе түбірі құрлымды, синустар бос.

Сіздің диагнозыңыз:

| оң өкпенің жоғарғы болігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай І категория +

| оң өкпенің жоғарғы болігінің ошақты туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай ІІ категория

| оң өкпенің жоғарғы болігінің инфильтративті туберкулезі, инфильтрация кезеңі ТМБ- жаңа жағдай І категория

| оң өкпенің S1 S2 шекеулі диссеминирленген туберкулезі ТМБ- жаңа жағдай ІІ категория

| оң өкпенің жоғарғы бөлігі туберкулезінің тығыздалу ошағынан кейінгі қалдық өзгерістер

4 ~ 50 жастағы науқас 10 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған, толық емдеу курсынан кейін Д есептен шығарылған. Кәзіргі уақытта дене қызуы 380С жоғарылаған, әлсіздік, түнгі терлегіштікке шағымданады. Рентгенограммада: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараюлар бар, өкпе түбірі құрылымды, синустар бос. Қақырық анализінде ТМБ анықталды.

Сіздің диагнозыныз:

| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1Б топты есеп+

| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 1 категория, 1А топты есеп

| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі шашырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1В топты есеп

| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі инфильтрация кезеңі ТМБ+, 1 категория, 1 топты есеп

| сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+, 2 категория, 1 топты есеп

5~ 35 жастағы науқас; 1 категория бойынша ем қабылдаған. Интенсивті кезеңнің 3 айының соңында өзін жақсы сезініп өз еркімен ауруханадан шықты. Соңғы 6 ай ем қабылдамаған. Жедел жәрдем бригадасымен өкпеден қан кетумен жеткізілген. Өкпе рентгенограммасында: оң өкпенің көлемі кішірейген, сақина пішіңді көлеңке, өкпе тінінің айналасында айқын фиброз және көптеген қосылған ошақтар анықталады. Кеуде аралық ағзалар оңға ығысқан. Қақырық анализінде 3 рет ТМБ анықталды.

Сіздің диагнозыныз:

| оң өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі шашырау кезеңі, үзілістен кейінгі ем +

| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі шашырау және ыдырау кезеңі, ТМБ+, рецедив

| оң өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі шашырау кезеңі, ТМБ+, сәтсіз ем

| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі, ТМБ+, сәтсіз ем

| оң өкпенің цирозды туберкулезі, ТМБ+, рецидив.

6 ~ 25 жастағы науқас, бұрын туберкулезбен ауырмаған. Температурасының 390С көтерілуіне, айқын әлсіздік және терлегіштікке шағымданады. Айтылған шағымдар 2 апта көлемінде мазалайды. Соңғы 2 күнде құрғақ жөтел және тұрақты бас ауру қосылған. Жалпы қарау кезіңде: тыныс жиілігі 36 рет минутына, пульс жиілігі 110 рет минутына. Өкпе рентгенограммасында: екі өкпенің барлық аланыңда (өкпе ұшынан диафрагма куполына дейін) 1-2 мм ошақтар анықталынады. Бронх жуындысын зерттегенде ТМБ анықталмады. Сіздің диагнозыныз:

| өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі ТМБ-, жаңа жағдай, 1 категория +

| өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі ТМБ-, жаңа жағдай, 1 категория

| өкпенің инфильтративті туберкулезі ТМБ-, жаңа жағдай, 1 категория

| өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі ТМБ-, басқа, 2 категория

| өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі ТМБ-, рецидив, 2 категория.

7 ~ 35 жастағы науқас емханаға 3 аптадан асқан қақырықты жөтел, айқын әлсіздік, арықтауына дене температурасының субфебрильді көтерілуі шағыммен келді. Қақырық анализінің бактериоскопиялық әдісінен кейін өкпе туберкулезінің активті формасы қойылды.

Науқас қақырығында анықталған қоздырғыш:

| Р.Кох бацилласы, 1882 жылы ашқан +

| Кальмент және Герен бацилласы, 1919 жылы ашқан

| Лаэйннека бацилласы, 1825 жылы ашқан

| И.Мечников бацилласы, 1888 жылы ашқан

| А.Фонтес бацилласы, 1910 жылы ашқан
8~ 26 жастағы ер кісі туберкулездің активті формасымен ауырған.

Негізгі жұқтыру көзі :

| туберкулезбен ауырған науқастар +

| инфицирленген адамдар

| үй жануарларының туберкулезбен ауруы

| жабайы құстарының туберкулезбен ауруы

| үй құстарының туберкулезбен ауруы

9~ 30 жастағы науқас соңғы 2 жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Кезекті рентгенограмалық зерттеуде: оң өкпенің 6 сегментіндегі деструкциялық қуыс анықталмайды, ескі кавернаның орнында домалақ пішіңді фокусты көлеңке анықталады, өкпе суреті орташа интенсивті контуры анық. Қақырықты 2 реттік бактериоскопиялық әдісте және микобактерияға себіндісінде ТМБ анықталмады. Ең мүмкін диагноз:

| оң өкпенің туберкулемасы тығыздалу және сіңірілу кезеңі. ТМБ(-) +

| оң өкпенің кавернозды туберкулезі сіңірілу кезеңі. ТМБ-

| оң өкпенің туберкулемасы ыдырау кезеңі. ТМБ-

| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі. ТМБ-

| оң өкпенің инфильтративті туберкулезі сіңірілу кезеңі. ТМБ-

10~ 24 жастағы науқас жедел ауырып үдемелі ентікпе, бас ауруы, құсу, 38,50С температура, әлсіздікпен ауруханаға түсті. Анамнезінде балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Рентгенограммада симметриялды контуры тегіс емес, аз интинсивті көлемі 2 3 мм дейін майда ошаұты татальды көлеңкелер. Қақырықта ТМБ анықталмаған. ЖКА лейкацит 15*10/9 СОЭ 35 Жұлын ми сұйықтығының анализінде Цитоз, 229 жасуша 1мм пленка алынған, Белок 0,66 г/л.

11 Науқастың болжам диагнозы:

| милиарлы туберкулездің инфильтрация фазасы +

| диссеминирленген туберкулездің инфильтрация фазасы

| туберкулездік менингиттің базилярлы формасы

| туберкулездік менингиттің спиналды формасы

| ошақты туберкулездің туберкулезді менингитпен асқынуы

12~ 27 жастағы науқас дене температурасының 37*c жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, аз мөлшерде қақырықты жөтелге шағымданады. Оң өкпенің бұғана астынан ылғалды сырылдар естіледі. Қақырықта ТМБ анықталмады. Жалпы қанда ЭТЖ-22 мм/сағат. Кеуде ағзаларының жалпы шолу ренгенограммасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес фокусты, орташа интенсивті, шеттері анық емес көлеңке анықталды. Өкпе түбірімен байланысқан « ауалы жол». Оң өкпенің түбірінде петрификаттар анықталады. Науқастың болжам диагнозы:

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ТМБ теріс +

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі, ыдырау кезеңі ТМБ теріс

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, шашырап ыдырау

кезеңі ТМБ теріс

| өкпе туберкулезінің тығыздау кезеңі, ТМБ теріс

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, сіңірілу кезеңі ТМБ теріс

13 ~35 жастағы науқаста өкпенің кавернозды туберкулезі дамыды. Бұл ауруға себебші болатын диагноз:

| өкпенің инфильтративті туберкулезі +

| өкпенің ошақты туберкулезі

| өкпенің диссеминирленген туберкулезі

| өкпенің циррозды туберкулезі

| туберкулезді бронхоаденит

14 ~ 47 жастағы науқас ыдырау фазасындағы өкпенің инфильтративті туберкулезі диагнозымен толық емдеу курсын алды. Қазіргі уақытта науқасты Д-есептің 2-тобына ауыстыруға ықтимал болатын жағдайлар:

| жабық ыдырау қуысы, интоксикация сиптомын жою, МБ(-) +

| қақырықтын конверсия жағындысы, интоксикация симптомы сақталған

| бактерия бөлу тоқтатылған, интоксикация симтомын жою

| жабық ыдырау қуысы, интоксикация симптомын жою, МБ(-)

| фиброзды-кавернозды туберкулезге ауысу, шашырау

15~ 20 жастағы туберкулездің активті түрімен ауыратын науқас туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдай бастады. Жүргізілген 1 ай емнен кейін науқаста артралгия, есту қабілетінің, жарық сезу және көру өткірлігі төмендеуі байқалға. Ең ықтимал себеп :

| пиразинамидке жанама әсер +

| стрептомицинге жанама әсер

| рифампицинге жанама әсер

| этамбутолға жанама әсер

| канамицинге жанама әсер

16 ~ 22 жастағы науқасқа «сол өкпенің 2 сегментінің ыдыраусыз және бактерия бөлу қабылеті жоқ ошақты туберкулезі» диагнозы қойылды. Ауру активті, профосмотр кезінде анықталды.

Диагнозы мен категорисы:

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі, инфильтрация фазасы МБ(-) ІІІ категория +

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі, инфильтрация фазасы МБ(-) ІV категория

| оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі, инфильтрация фазасы МБ(-) І категория

| оң өкпенің жоғарңы бөлігінің туберкулезі, cіңірілу фазасы МБ(-) ІІІ категория

| оң өкпенің жоғарңы бөлігінің туберкулезі, инфильтрация фазасы МБ(-) ІІ категория

17~ 45 жастағы науқас соңғы 2 жыл көлемінде өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Кезекті рентгенограмалық зерттеуде: оң өкпенің 6 сегментіндегі деструкциялық қуыс анықталмайды, ескі кавернаның орнында домалақ пішіңді фокусты көлеңке анықталады. Өкпе суреті орташа интенсивті контуры анық. Қақырықты 2 реттік бактериоскопиялық әдісте және микобактерияға себіндісінде ТМБ анықталмады.

Казіргі кездегі науқастың Д-есеп тобы:

| 2 топ+

| 3 топ


| 1 А топ

| 1 Б топ

| 1 В топ

18 ~ 35 жастағы науқас оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау кезеңі ТМБ + 1 категория бойынша 5 ай туберкулезге қарсы антибактериалды препараттармен ем алуда. Дезинтоксикация, инфильтраттының сіңірілуі аздап байқалып, ыдырау қуысы сақталған. Қақырық жағындысында конверсия жоқ.

Ем жоспары:

| науқасты ІІ категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты +

| науқасты ІІІ категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты

| науқасты ІV категорияға ауыстыру, емінің сәтсіздігіне байланысты

| науқасты І категория бойынша емдейміз

| науқасты емханалық емге ауыстыру.

19 ~ 26 жастағы науқас дене температурасының 37*c жоғарлауына, табетінің төмендеуіне, аз мөлшерде қақырықты жөтелге шағымданады. Оң өкпенің бұғана астынан ылғалды сырыл естіледі. Қақырықта ТМБ анықталмады. Жалпы қанда ЭТЖ 22 мм сағат. Кеуде ағзаларының жалпы шолу ренгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бқлігінде гомогенді емес фокусты қараю орташа интенсивті шеттері анық емес көлеңке. Өкпе түбірімен байланысқан « ауалы жол» анамнезінде туберкулезбен ауырған.

Науқасты емдеу категориясы:

| ІІ рецидив+

| ІІ, сәтсіз ем

| ІІІ алғаш анықталған

| ІV созылмалы

| І рецидив

20 ~ Өкпе туберкулезімен ауыратын 23 жастағы науқаста 6 апталық жүктілік анықталды. Туберкулезге қарсы қолдануға болмайтын дәрі:

| стрептомицин+

| этамбутол

| пиразинамид

| изониазид

| рифампицин

21 ~ 30 жастағы науқас емханаға кезекті профилактикалық тексерілуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, инфильтарация кезеңі 4*4 см көлемінде анықталды.

Емдеу тактикасы:

| 2 ай бойы специфкалық ем, одан кейін хирургиялық ем+

| 2 ай бойы специфкалық ем, жасанды пневмоторакс

| 2 ай бойы специфкалық ем, пневмоперитонеум

| спецификалық еммен бірге комплексті хирургиялық ем

| ұзақ спецификалық ем.

22~ 25 жастағы науқас, қақырықты жөтел, дене қызуының 38 дейін жоғарлауы мен емханаға келді. Жоғарыдағы шағымдары 3 апта мазалаған. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Кеуде ағзаларының жалпы шолу ренгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінде контуры анық емес 7,0*5,0 см инфильтративті көлеңкелер ағару аймағы шашырау аймақтары анықталды. қақырықты 3 рет бактериоскопиялық зерттегенде ТМБ анықталмады. Науқастың типі және категориясы:

| 1 категория. Алғаш анықталған+

| 2 категория. Рецидив

| 2 категория. Сәтсіз ем

| 3 категория. Алғаш анықталған

| 4 категория. Созылмалы

23~ 2 ай емнен кейін қолданбайтын спецификалық препарат:

| стрептомицин +

| этамбутол

| рифампицин

| изониазид

| пиразинамид

24~ Науқас «Оң өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі, инфильтрация кезеңі,ІV категория» диагнозы бойынша емделуде. Аяқасты науқаста ентікпе, терінің цианозы, акроцианозы, ауа жетіспеушілік, қорқыныш сезімі пайда болды. Ренгенограммада: өкпенің оң жағында үлкен ағару, аздап солған.

Сәйкес келетін диагноз:

| клапандық пневмоторакс+

| өкпе инфарктісі

| миокард инфаркі

| жабық пневмоторакс

| ашық пнемоторакс

25~ Науқас 23 жаста шағымы жоқ. Профилактикалық қаралу кезінде оң өкпенің 2 сигметінде шеттері тегіс, домалақ көлеңкелер анықталды. шеті ыдыраған айналасында бірлі жарым ошақты көлеңкелер анықталды. Анамнезінде өкпенің инфильтративті туберкулезі. Қақырық анализінде 5 КУБ. Қан анализінде лейкоциттер қалыпты, ЭТЖ 15 мм/сағ.

Ықтимал диагноз:

| өкпе туберкулемасы+

| өкпенің перифериялық рагі

| Өөпенің нейрофибромасы

| өкпенің эхинококты кистасы

| ошақты туберкулез

26~ 42 жастағы науқастың дене қызуы 380С дейін көтеріліп, оң жақ бүйірінің ауырсынуы мен құрғақ жөтел пайда болып жедел ауырды. Перкуссияда оң жағы тұйықталған. Аускультацияда оң жағында тыныс естілмейді. Өкпе рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігіңде жоғары қабырғамен шекаралас гомогенді қараю анықталады. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, ЭТЖ 25 мм/сағ.

Ең ықтимал диагноз:

| экссудативті плеврит +

| өкпенің инфильтративті туберкулезі

| пневмония

| өкпе ісігі

| өкпенің фиброзды- кавернозды туберкулезі

27~ Науқастың дене қызуы 40С - қа дейін көтерілген, айқын интоксикация белгілері бар, көп мөлшерде шырышты- іріңді сасық иісті қақырық бөлінуде. Қан анализінде: айқын лейкоцитоз, ЭТЖ – 30мм/сағ. Рентгенограммада: өкпесінің ортаңғы алаңында ағару аймағы, сұйықтық деңгейі бар инфильтративті көлеңке анықталады. Өкпе түбірі өзгермеген, синустары бос. Болжамды диагноз:

| абцестелген пневмония +

| өкпенің инфильтративті туберкулезі

| өкпенің кавернозды туберкулезі

| өкпе туберкулемасы

|өкпенің ошақты туберкулезі

28 ~ Науқас 35 жаста. Туберкулез ауруханасында «Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы, МБТ(+)диагнозымен стационарлық ем қабылдаған. Екінші айдың аяғында стационардан өз еркімен кетіп қалған. Соңғы екі айда ем қабылдамаған. Жедел жәрдем бригадасымен өкпелік қан кетумен жеткізілді. Обьективті: науқас бозарған , акроцианоз. ТАЖ минутына 30 рет, дене қызуы -37,5 С. Жөтелгенде аузынан алқызыл қан бөлінеді. Қан ағу бір сағат бұрын басталған , осы уақытқа дейін 200 мл қан жоғалтты. АҚҚ 80/50 мм.с.б. РS – 100 рет минутына.

29 Осы жағдайдың алдын алатын емдеу тәсілі:

|гемостатиктер ,жөтелге қарсы препараттар, арнайы ем.+

| гемостатиктер, антибиотиктер, қолдан жасалған пневмоторакс.

|гемостатиктер ,антибиотиктер, муколитиктер .

| хирургиялық ем, антибактериальді терапия.

| гемостатиктер, арнайы ем.

30 ~ 65 жастағы науқас әйел 2 ай бұрын басталған оң жақ иығының тұрақты ауырсынуға шағымданып дәрігерге келді. Науқас 4-5 кг арықтаған, әлсіздік пен тез шаршағандық байқалады. Жас кезінде туберкулезбен сырқаттанған. Жалпы қарағанда: оң жақтық Горнер синдромы байқалады: птоз, миоз және экзофтальм. Рентгенограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ауалығының төмендеуі байқалады.

31 Нақты диагноз қоюға көмектесетін зерттеу әдісі:

| фиброскопия +

| компьютерлік томография

|өкпенің трансторокалді биопсиясы

| рентген- томографиялық тексеру

| өкпенің жалпы шолу рентгенограммасы.

32 ~ Науқас 29 жаста, әлсіздік пен жоғарғы дене қызуына, салмақ жоғалтуға шағымданады. Бұғана үсті лимфа түйіні пальпацияланады. Рентгенограммада: өкпенің 1 сегменті бір текті емес қарайған, оң жақ трахеобронхиальді және трахея маңы лимфа түйіндерінің ұлғайғаны көрінеді. Қақырық анализінде: ТМБ(-) , ісік жасушалары анықталмады. ЭТЖ – 40мм/сағ.

Диагностикадағы ең тиімді әдіс:

| мойын лимфа түйіндерінің биопсиясы +

| компьютерлік томография

| биопсиямен бронхоскопия

| биопсиямен медиастиноскопия

| бронхография

33 ~ Науқас 40 жаста , алдында туберкулезбен ауырған. Дәрігерге қақырықты жөтелге , кешкілік субфебрильді температураға шағымданып келді. Қақырықты екі рет алып зерттегенде қышқылға төзімді бактериалар анықталды. Жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде , 1-3 қабырғалар деңгейінде ыдырау аймағы бар біртекті емес көлеңке анықталды. Оң және сол жақ өкпенің төмеңгі бөліктерінде интенсивтілігі әлсіз, шекаралары анық емес ошақтар анықталды. Өкпе түбірі өзгермеген .

34 Қолдануға тиімді ем:

|изониазид , рифампицин, пиразинамид, этамбутол +

| изониазид , рифампицин, пиразинамид

| изониазид , рифампицин, пиразинамид, канамицин

| изониазид , рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин

| изониазид , рифампицин, ПАСК ,этамбутол, стрептомицин.

35~ Саркоидоздың 1 сатысымен ажырату диагностикасын жүргізілетін ауру:

| кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі +

| диссеминирленген туберкулез

| ошақты туберкулез

| инфильтративті туберкулез

| фиброзды – кавернозды туберкулез.

36~ 42 жасар науқас бір жыл көлемінде сырқаттануда; кеуде клеткасындағы ауырсынуы , әлсіздік пен шаршағыштық мазалайды. Аускультацияда майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: интенсивтілігі әр түрлі полиморфты ошақтар, көбіне жоғарғы аймақта орналасқан . Қақырық Сәйкес келетін диагноз:

| созылмалы диссеминирленген туберкулез +

| жедел диссеминирленген туберкулез

| майда ошақты пневмония

| өкпе саркоидозы

| өкпе карциноматозы.

37~ 32 жастағы науқас ауруы жедел басталған; дене қызуы 40С дейін көтерілу, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар байқалған. Жұлын сұйықтығы жиі тамшылап ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди сынамасы оң; тұнғанда фибринді қабық түзеді. Қақырық анализінде 3 порциясында да МБ теріс.

Ең нақты диагнозы:

|туберкулезді менингит +

| іріңді менингит

| вирусты менингит

| серозды менингит

|менингококкты менингит

38~ 57 жастағы ер адам бірнеше ай бойы сырқаттануда; гриппозды күйден өздігінен бірнеше рет ем қабылдаған . Соңғы уақытта тамағында ауырсыну сезімі мазалаған. Айқын интоксикация, ентігу , кеуделік синдром байқалады. Қақырық анализінде МБ оң мәнді. Жалпы шолу рентгенограммасында екі өкпеде де бір- бірімен қосылатын, интенсивтілігі әртүрлі көптеген майда ошақтар бар, ағару аймақтары анықталады.

39 Сәйкес келетін диагноз:

|созылмалы диссеминирленген туберкулез ыдырау фазасында +

|жедел диссеминирленген өкпе туберкулез

| туберкулома

| фиброзды кавернозды туберкулез

| кавернозды туберкулез

40 ~ 48 жастағы ер адам өкпе туберкулезімен 5 жыл көлемінде сырқаттанады. Туберкулезді процесс өршуде. Обьективті: кахексиялы, перифириялық цианоз. Аускультативті: барлық өкпе алаңынан әр түрлі колибрлі ылғалды сырылдар. Қан анализінде айқын лейкоцитоз, ЭТЖ 25 мм/сағ., лимфопения, анемия белгілері . Рентгенограммада : өкпенің жоғарғы алаңында сақина тәрізді бірнеше көлеңкелер, олардың айналасында көптеген бронхогенді фиброз ошақтары.

41 Сәйкес келетін диагноз:

|фиброзды кавернозды өкпе туберкулезі +

|өкпенің кавернозды туберкулезі

| өкпе поликистозы

| абсцестелген пневмония

| брохоэктаздық ауру.

42 ~ Науқас 30 жаста ( автобус жүргізушісі) инфильтративті туберкулездің 1 категориясы бойынша 6 ай емнен кейін, инфильтрат орнында 1,2 – 1,5 см домалақ көлеңке , мардымсыз фиброзды өзгерістер фонында өкпе түбіріне жол сақталған. Қақырықта МБ анықталмайды.

Ең қолайлы ем:

| сегментэктомия +

| антибиотиктермен эндобронхиалді ем

| коллапсотерапия

| физиоем

|1 категория бойынша емді жалғастыру.

43 ~ 21 жасар С. атты науқастың рентгенограммасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 1-2 қабырғалар деңгейінде , 4*4 см көлемінде сақина тәрізді көлеңке анықталды. Перифокальды аймақта көптеген майда ошақтар көрінеді, өкпе түбірінде құрылымында дренажды бронхтың инфильтративті қабырғалы жұп сызықты « жол » бар, басқа өкпе алаңдары өзгеріссіз . Өкпе түбірі құрылымды. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек қолқа өзгеріссіз. Рентгенограмма бойынша қорытынды:

|кавернозды туберкулез +

|фиброзды кавернозды туберкулез

|өкпе туберкуломасы

|циррозды туберкулез

|инфильтративті туберкулез, ыдырау сатысында.

44 ~ Науқас 21 жаста 1 ай көлемінде мына диагнозбен ем қабылдауда: оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, туморозды формасы, ТМБ(+). Науқастың жағдайы нашарлаған , ұсатама тәрізді айқын , күніне 50,0 мл қақырық бөлінеді, жөтел мазалайды, төс арты ауырсынусыз, дене қызуының 38С градуска дейін көтеріледі, жөтел ұстамасында қақырыққа қан араласып шығады. Рентгенограммада: оң өкпеде бронхопульмоналді лимфа түйіндері ұлғайған, аралық бронхтық қуыс тарылған.

45 Ең қолайлы скринингті зерттеу әдісі:

| трахеобронхоскопия +

| өкпе томографиясы

| медиастиноскопия

|өкпе түбірі арқылы томограмма

| ангиопульмонография

46 ~ 27 жастағы науқас 5 ай бұрын мына диагнозбен есепке алынған: Өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті тубекулезі, оң жақты эксудативті плевритпен асқынған. ТМБ теріс . Қарқынды емдеу фазасы изониазидпен , рифампицинмен, пиразинамидпен, этамбутолмен 4 ай бойы жүргізілген. Емдеу барысында қақырықта микобактерия анықталмаған, МТ қоректік ортаға еккенде, анықталмады. Қазіргі уақытта науқас емнің қарқынды фазасын аяқтады. Рентгенограммада: динамика жоқ. Қақырық анализінде МТ анықталды.

Науқасты жүргізудің дұрыс тәсілі:

| «сәтсіз ем » 2 категория бойынша терапияны бастау.+

| ұстамалы емді 1 категория бойынша жалғастыру.

| қарқынды фазасын 1 категория бойынша 1 айға ұзарту.

| науқасты жеке-дара емдеу схемасына ауыстыру

| «сәтсіз ем » 1 категория бойынша терапияны жалғастыру.

47 ~ Ошақты туберкулезбен дифференциалды диагностика жүргізілетін аурудың түрі:

|пневмония +

| мононуклеоз

| карциноматоз

| дөңгелек инфильтрат

| диссеминирленген туберкулез

48 ~ 36 жастағы ер кісіде профилактикалық тексеру кезінде, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде ( С6) дөңгелек түзіліс анықталды. Тексеру нәтижесінде: Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы,ТМБ теріс деген клиникалық диагноз қойылды.

Категория мен түріне сәйкес науқасқа тағайындалатын оптималді ем:

|1 категория ( жаңа жағдай) +

|2 категория ( рецидив)

| 3 категория ( қолайсыз ем)

| 4 категория ( емді үзу)

| жеке-дара (резервті препараттармен).

49 ~ Оперативті емді қажет ететін туберкулеманың түрі:

| конгломератты туберкулема +

| псевдотуберкулема

| бронхтардың зақымдануымен туберкулема

| көлемі 2 см солитарлы туберкулема

| инфильтративті – пневмониялық туберкулема.

50 ~ 40 жастағы ер кісіде бірінші рентгенологиялық тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде диаметрі 12 см айқын шекаралы фиброзды ошақты өзгерістер анықталды.

Сәйкес келетін диагноз:

|оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы +

|біріншілік туберкулезді комплекс

|оң жақ өкпенің ошақты туберкулезі

| диссеминирленген өкпе туберкулезі

| оң жақ өкпенің фиброзды-ошақты туберкулезі


Каталог: kafedra
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы
kafedra -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы
kafedra -> Учебно-методический комплекс по дисциплине «культурология» Для направления 521400
kafedra -> Побічна дія ліків
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет