Жұмысының қорытындысы және жылдық есебі 2015-2016 оқу жылы



Дата07.02.2017
өлшемі103,34 Kb.
#8847
«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің

жұмысының қорытындысы және жылдық есебі

2015-2016 оқу жылы

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- оқушыны білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі бастауыш оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру сол арқылы таным әрекетін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.

Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Ендеше, өскелең ұрпаққа білім негізін қалап жүрген бастауыш сынып мұғалімдерінің жылдық есеп беруі жайлы сөз болмақшы. Жалтыр орта мектебінің бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 5 мұғалім қызмет етеді.

Біздің әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:"Оқытудың жаңа технологиялары негізінде мұғалімдердің танымдық белсенділігін арттыру, кәсіби дамуына ықпал етіп, сапалы оқытуды жүзеге асыру."

Бастауыш сыныптарының ӘБ-тің мақсаты:

*Сапалы оқытуды жүзеге асыру үшін шығармашылық қабілеттерін арттырып,оқытудың тиімді әдістерін енгізу.

*Мұғалімнің өзін-өзі реттеуі, сыни ойлауы, бағалауы бірлескен жұмыстың табсты болуы бөлінген көшбасшылық арқылы дамиды.

*Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабылеті мен ынтасын дамыту.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істейді. Әр мұғалімнің өз мәселелері бар.

Даярлық тобының тәрбиешісі Сулейменова К.Б. Білімі арнаулы орта. Еңбек өтілі -10 жыл, санатсыз.Мұғалімнің мәселесі:"Ұлтық салт-дәстүрді бойына сіңіре отырып оқыт, тәрбиелеу.".

1-сынып жетекшісі Бейсекеева А.С.Білімі арнаулы орта. Еңбек өтілі – 1жыл, санаттсыз. Мұғалімнің мәселесі:"Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыра отырып, тіл байлығын дамыту".

2- сынып жетекшісі Заирова Г.С. Білімі арнаулы орта. Еңбек өтілі - 6 жыл, 2-ші санатты Мұғалімнің мәселесі: "Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып,өнегелі ұрпақ тәрбиелеу".

3- сынып жетекшісі Бейсембаева К.К. Білімі жоғары. Еңбек өтілі -1 жыл, санатсыз. Мұғалімнің мәселесі:"Оқушылардың сөздік қорын дамытып, патриодтық тәрбие беру".

4- сынып жетекшісі Тайлакова А.М. Білімі жоғары. Еңбек өтілі – 30 жыл, 1-санат. Мұғалімнің мәселесі:"Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту".

Қыркүйек айында өткізілген тіл апталығында ”Тілім менің-жүрегім” атты мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсене қатысты.

Қыркүйек айында 2-4 сыныптарда арасында оқу жылдамдығы тексерілді. Мақсаты: мемелекеттік білім стандарты бойынша бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығы мөлшерге сай болуын қадағалу.

2- сыныпта мөлшерге сай 5 оқушы, мөлшерден асқан 3оқушы, мөлшерге жетпеген 8 оқушы. Сапа 46% құрайды.

3- сыныпта мөлшерге сай 6 оқушы, мөлшерден асқан 4оқушы, мөлшерге жетпеген 12 оқушы. 62% құрайды.

4- сыныпта мөлшерге сай 3 оқушы, мөлшерден асқан 4оқушы, мөлшерге жетпеген 4 оқушы. 63% құрайды.
Қазақ айының 19-нан 29-ы аралығында бастауыш сынып апталығы өтті.
Апталық жұмыс жоспары:




мазмұны

күні

сынып

жауапты

1

Апталықтың ашылуы«Кім тапқыр?» интеллектуалды ойын

19.10.

2-4 сыныптар

Тайлакова А.М. Заирова Г.С.

2

Ашық сабақтар

1.Математика

Көп таңбалы санды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлу алгоритмі.

2. Қазақ тілі

Сөйлем

3. Қазақ тілі



Дауыссыз н мен ң.

4. Сауат ашу

Ы әрпі мен дыбысы


23.10.

22.10
22.10

21.10

4 –сынып

3 –сынып
2 –сынып
1 - сынып


Тайлакова А.М.

Бейсембаева К.К.


Заирова Г.С

Бейсекеева А.С



3

Сыныптан тыс шаралар:

1.Мейірімділік–асыл қасиет.

2.Ертегілер әлеміне саяхат.

3. Дені саудың –жаны сау.

4. Менің Отаным –Қазақстан.

5. Тілашар.

6. Математикалық эстафета.

7. Ардақтайық қазақтың ата салтын.


21.10


21.10

22.10


23.10

24.10


27.10

3 –сынып
2 –ынып

4 –сынып

1 –сынып


1-4 сыныптар

Бейсембаева

Заирова Г.С

Тайлакова А.М.


Бейсекеева А.С

Бастауыш сынып мұғалімдері



4

Ата аналарға арналған семинар «Мектептегі оқушыларды тәрбилеуде сынып жетекшісі мен ата-аналармен бірлескен жұмысы»

28.10.

Ата-аналар

Бастауыш сынып мұғалімдері

5

«Зерде» интелектуалды марафон

20.10

2-4 сыныптар

ОІМ Базылбаева Э.Е.

6

Оқу жылдамдығын тексеру

19.-20.10.

2-4 сыныптар

ОІМ Базылбаева Э.Е.

7

Қортынды тест

29.10

2-4 сыныптар

ОІМ Базылбаева Э.Е.

Апталықтың мақсаты:Оқушылардың пәндер бойынша тапқырлық, алғырлық, зейін қабілеттерін көрсету.Ұтымды,ұшқыр ойлап,тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру

Барлық сынып оқушылары белсене қатысты.Оқушыларға өте қызықты болды.

Қараша айында бастауыш сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өткізілді.



Қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту пәндері бойынша I орынды 2-сынып оқушысы Өмірбек А, 3-сынып оқушысы Амангельдинова З: IIорынды 4-сынып оқушысы Болатова А, 3-сынып оқушысы Демкенова Ж, Бейбитова А:IIIорынды 2-сынып оқушысы Мухаметхали Ш ие болды.

Математика пәні бойынша II орынды 4-сынып оқушысы Абай Ж, 2-сынып оқушысы Закиров А: III орынды 2-сынып оқушысы Куат А, 3-сынып оқушысы Майдан Ә ие болды.

Дүниетану пәні бойынша I орынды 4-сынып оқушысы Сейтжанов А, 2-сынып оқушысы Жабайханова А: II орынды 2-сынып оқушысы Хуттымбек ЕIII орынды 2-сынып оқушысы Куан Н, Қырықбай Б, 4-сынып оқушысы Айтуган Л ие болды.

Мектептің жылдық жоспары бойынша 20-21 желтоқсан күндері 2-11 сыныптардан әкімшілік бақылау жұмыстары алынды. Мақсаты: мемлекеттік стандарт бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау. оқушылардың білім, білік дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау.2-4 сыныптар оқушы саны 43. Қазақ тілі пәнінен бастауыш сыныптар бойынша сапа 60% құрайды, үлгерім 85% құрайды оңтайлы деңгейді көрсетті. Математика пәнінен бастауыш сыныптар бойынша үлгерім 93% сапа 57% құрайды қанағаттанарлық деңгейді көрсетті.

Желтоқсан айында ОІМ Э:Е: Базылбаева 3-4 сынып оқушыларын логикалық есептерді шығару деңгейлерін тексерді. Тексеріс жоспар бойынша жүзеге асырылды.


  • Көбейту кестесін тексеру;

  • Тест алу.

  • Логикалық сипатта тапсырмалар.

  • Математика сабақтарына қатысу.

Көбейту кестесі 2 түрде тексерді. Бірінші компьютер арқылы «ТabMult 1.0» бағдарламасы бойынша, екінші ауызша.

3-сынып оқушылары «ТabMult 1.0» бағдарламасы бойынша, қортындысы мынандай: жоғары деңгейде орындаған8 оқушы 100%:

Жеткілікті деңгейде:4оқушы 83%. Қатерлі деңгейде: 1-оқушы 25%. Бір бала ақыл-ойы тежеліп дамыған.

4-сынып оқушылары Жоғары деңгейде 6 оқушы 100% , Жеткілікті деңгейде:3оқушы 82%. Қатерлі деңгейде: 1-оқушы 35%.

Тест тапсырмалары бойынша 3-сыныпта барлығы 14 оқушы , қатысқаны 14, 1оқушы ЗПР, қортындысы ортақ ұпай 9,5 (63%.) оңтайлы деңгейде.

Тест тапсырмалары бойынша 4-сыныпта барлығы 10 оқушы , қатысқаны 10, Қортындысы ортақ ұпай 10 (71%.) жеткілікті деңгейде анықталды.

3-сыныптаүйде оқитын бір бала бар Дарширнен Ерсолтан арнайы бағдарлама бойынша. Пән мұғалімдері кесте бойынша сабақ береді.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Сулейменова К.Б. I жартыжылдық есебін берді. Жыл соңында тәрбиеленушілерден тест алынып, тексерілді нәтижесі мынандай:






Деңгей

Оқушылардың аты-жөні




1.

Жоғары

Майдан Шади, Каримова Айзада, Әлібек Әділжан, Байтұрсын Шынғыс, Шаримбекова Дильназ, Өмірбек Айбын, Бейбіт Іңкәр, Смағұлова Гүлназ,Темірбек Назерке 9 оқушы

43 %

2.

Жеткілікті

Рымбек Ералы,Мұратхан Айым, Мұхаметхали Аяна,Сейлғазы Жадыра, Анай Альфари, Ансаган Жансая 6 оқушы

28 %

3.

Қанағаттанарлық

Умирбеков Айдын, Бекен Ерасыл,Балтабаев Думан, Чагаева Аяужан. 4 оқушы

19 %

4.

Қатерлі

Алтынбеков Мейрамбек, Сопылова Жансая.2 оқушы

9%

Бастауыш сыныптардың білім сапасын тоқталсақ:





Оқушы саны

үлгерімі

Сапасы




1-сынып

12

100

52




2-сынып

22

100

45,5




3-сынып

15

100

60




4-сынып

11

100

77

Бастауыш сыныптар мектептегі барлық іс-шараларға жыл бойы қатысып отырды айта кетсек: Алтын күз мерекесі, Жаңа жыл, Тіл ашар тойы, Әліппемен қоштасу ертеңгілігі, Бастауышпен қоштасу барлық өткізілген шаралар ата-аналардың қатысуымен өтті.

2015-2016 жылы бастауыштан 1 мұғалім Тайлакова А.М. мерзімінен бұрын жоғары санатқа өтініш беріп, біліктілік тестілеуден өтті.

Жыл бойы мұғалімдер оқушылармен, түрлі олимпиада, байқау, педагогикалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.



2- сынып мұғалімі Заирова Г.С. «Қазақстан ұстаздары» республикалық журналы ұйымдастырған «Ең үздік мерекелік сценарий» республикалық және халықаралық қашықтық конкурсынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Білім беру желісінің «Мұғалімдер сайтының» «Инфоурок» жобасында әдістемелік жұмыстары жарияланды. Оның ішінде сыныптан тыс жұмыстары, тест тапсырмалары, олимпиада тапсырмаларының жинақтары, ашық сабақ жоспары. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналына «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында өткізілген сыныптан тыс ашық сабағы жарияланды. «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. «ПОНИ» халықаралық конкурсына қатысушыларды сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Оқушы жетістіктері: «Қазақстан ұстаздары» республикалық журналы ұйымдастырған «Ең үздік кроссворд» республикалық және халықаралық қашықтық конкурсынан Закиров Алмаз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «ПОНИ» халықаралық конкурсында Қуан Нұрай жеңімпаз атанды.

3-сынып мұғалімі Бейсембаева К.К. «Үлгілік сабақ» атты ІІІ Республикалық педагогтар сайысында «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша І орын дипломмен марапатталды. Білім беру желісінің «Мұғалімдер сайтының» «Инфоурок», «Копилка уроков» жобасында әдістемелік жұмыстары жарияланды. Оның ішінде сыныптан тыс жұмыстары, тест тапсырмалары, олимпиада тапсырмаларының жинақтары, ашық сабақ жоспары. «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналына «Мейірімділік - асыл қасиет» тақырыбында өткізілген сыныптан тыс ашық сабағы жарияланды. «ПОНИ» халықаралық конкурсына қатысушыларды сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиадаларының қатысушысы. Семинарларға қатысуы: «Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының идеяларын енгізу мүмкіндіктері» атты семинар 2016жыл 15 сәуір. Оқушы жетістіктері: «ПОНИ» халықаралық конкурсында Майдан Әди, Демкенова Жулдыз, Сейтжанов Санжар, Бейбитова Аяулым, Амангельдинова Наргиз дипломмен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет