7 сурет – Қызмет паспорты
Қызметке тапсырыс және сұранысты толтыру:
Қызметті қосу үшін «Онлайн қызметке тапсырыс» түймесін басу керек (7 суретті қараңыз). Осыдан кейін тапсырыс беруші туралы ақпараты бар бет жүктеледі (8 суретті қараңыз)
8 сурет: Қызметті таңдау кезінде тіркелген мәліметтерге сәйкес тұтынушының ЖСН жолы автоматты түрде толтырылады.
8 сурет – Тапсырыс беруші туралы мәлімет
Пайдаланушының сұранысына ЭСҚ арқылы қол қою
«Сұранысты жіберу» түймесін басқында пайдаланушының электронды сандық қолтаңба арқылы қол қоюына сұраныс беті толтырылады. (9 суретті қараңыз)
9 сурет – Пайдаланушының ЭСҚ арқылы қол қоюына сұраныс беті
Егер сіз баптаулары орнатылған ЭСҚ-ны жұмыс орныңызда әске қоссаңыз, ЭСҚ туралы мәлімет автоматты түрде жүктеледі. Егер ЭСҚ баптаулары орнатылмаған болса «Сертификатты таңдау» түймесін қолдану арқылы ЭСҚ-ны көрсету қажет. Мәліметтер тексерілгеннен кейін «қол қою» түймесін басу керек.
Қол қойылғаннан кейін сұраныс «Еңбек нарығы» жүйесіне жіберіледі. Сұраныс «Жұмыста» статусында тұрады, «Жаңарту» түймесін басу арқылы «Орындалды» статусын аламыз. (10 суретті қараңыз)
10 сурет Статусты көру беті
«Қорытындыны көру» түймесін басқанда «Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама немесе ЖҚҮ ӘББ тіркелмегені жөнінде хабарлама» шығады (11а-б сурет қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |