Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы



бет5/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар салғастырма әдіс, дистрибуциялық талдау, формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма-тарихи әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Сондай-ақ сөз мәдениеті пәнінің бағалауыштық сипаты болатыны, осы бағалауыштық сипат оппозициялық жүйе құрайтынымен байланысты қарама-қарсы қою тәсілі қолданылды:
- тілдің барлық деңгейіндегі ортологиялық құрылымдық қабаттардағы оппозиция: дұрыс-бұрыс;
- сөз этикетіне қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: әдепті (дәстүрде бар) – әдепсіз (дәстүрде жоқ);
- нормативті этикаға қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: орынды – орынсыз; (мысалы, біреуді көзінше мақтамау (орынды), біреуді көзінше мақтау орынсыз);
- сөз байлығына қатысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: сөз байлығы – сөз жұтаңдығы;
- сөз тазалығына қатысты құрылымды қабаттардағы оппозиция: сөз тазалығы – сөз шұбарлығы;
- экспрессивтілікке байланысты құрылымдық қабаттардағы оппозиция: бедерлі – бедерсіз;
- логикалық құрылымға қатысты қабаттардағы оппозиция: қисынды – қисынсыз;
- танымдық құрылымға қатысты қабаттардағы оппозиция: тілі ауыр – тілі жеңіл;
- сөздің функционалдық құрылымына қатысты қабаттардағы оппозиция: лайықты – лайықсыз т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет