Ж¦мыстыњ жалпы сипаттамасы


“Ғылыми дискурс және сөз мәдениеті” тараушасында ғылыми қарым-қатынас тілінің формалды-тілдік ерекшеліктері мен нормалары көрсетілді



бет26/42
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#33493
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

“Ғылыми дискурс және сөз мәдениеті” тараушасында ғылыми қарым-қатынас тілінің формалды-тілдік ерекшеліктері мен нормалары көрсетілді.


Көптеген сөз күнделікті тұрмыста кәдімгі лексикалық мағынасында жұмсалса, ғылыми қарым-қатынаста (ғылыми дискурста) арнайы ұғымды білдіру қызметіне төселіп, яғни терминдік мәртебеге ие болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің жаратылыстану, табиғат ғылымы мен қоғамдық ғылым салаларында мамандандырылған лексемалардың саны жүздеп, мыңдап саналады.
Жаңа пайда болған білімді атау үшін тұрмыста танылған ұғымды білдіретін сөз ғылыми дискурста ғылымда танылған ұғымды білдіретін арнайы қызмет атқарады. Сөйтіп, қазақ тілінің негізінде ғылым тілі қалыптасып, жұмыс істей бастады, ал тілдік бірліктердің (лексика, фразеология, сөзжасамдық бірліктердің) ғылыми дискурста мамандануы ғылыми стильдің пайда болуында негізгі факторлардың бірі болды.
Ғылым тілі ағылшын, неміс, орыс тіл білімінде “арнайы мақсаттағы тіл” деп те аталады. Белгілі бір ғылыми дискурста терминдер қандай да бір ғылыми ұғымды ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге маманданғандықты білдіретін ақпаратқа ие тілдік бірлік болып табылады, сөйтіп белгілі бір мәтінді біртұтас ғылыми тіл ететіндей тоғыстырушылдық (интеграциялауыштық) қызмет атқарады.
Ұлттық тілдің функционалдық саласы болып табылатын ғылым тілінің негізгі арқауы – термин. Басқаша айтқанда термин ғылымдағы “орталық” ұғым, түпқазық ұғым. Қазіргі кезде мамандық тілінің тілдік, тілдік емес ерекшеліктері барған сайын күшейе түсуде. Мысалы, салалық ғылымдар тілінде формула, сызба, символ, схема, сурет т.б. бейвербалды таңбалардың қатары көбейе түсті. Тіпті ғылымның белгілі бір саласының өзінде әлденеше тармақтар пайда болып, олар өздерінің терминдік, терминдік элементтер жүйесі арқылы бір-бірінен алшақтай түсті. Бұл бағытты кәсібицентристік бағыт деп атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет