Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Есептеу-санау аспаптары жүйесі – баптау



бет56/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   108

16. Есептеу-санау аспаптары жүйесі – баптау.

17. Күрделілігі әртүрлі және бағдарламамен басқарылатын металл кесетін станоктар, автоматиканы баптаудың икемді технологиялық процестерінің жабдығы.

18. Телевизиялық және электронды-механикалық графикалық құрылыстар – баптау.

19. Жоғары және төменгі жиілікті күшейткіштер (күшейтудің екі-төрт каскадты) – кіретін радио шамдардың барлық өлшемдерін жетілдіре отырып және реттей отырып баптау, гетеродин контурларын баптау және жолақты күшейткіштер мен кесу сүзгілеріндегі жиілік жолағын тегістеу, резонансты баптау, жиілікті сипаттамаларды алу және сызу.

§ 55. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКАНЫ БАПТАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ақпараттық-өлшеу жүйелерімен жабдықталған өнеркәсіптік автоматика, телемеханика, байланыс, электронды-механикалық сынау және электрогидравликалық машиналар мен стенділердің күрделі схемаларын баптау, тексеру және пайдалануға тапсыру. Электронды есептеуіштері бар есептеу-ақша машиналарын және бағасы әртүрлі күміс ақшаларды тексеру және есептеуге арналған жарамсыз ету конвейерлерін баптау. Сынау машинасы бар басқарудың электронды есептеу жүйесін кешенді сынау. Электронды есептеу басқару машиналары схемаларын баптау және сынау. Механизмдер, аспаптар, жүйелердің күрделі және сынақ үлгілерін реттеу және сынауға арналған қағидаттық және монтаждау схемаларын жасау. Реттелетін аппаратураны баптау әдістерін және бақылау-өлшеу аспаптарымен және қоректендіру көздерімен қосу схемаларын әзірлеу. Радиостанциялардың, пеленгаторлардың аппаратурасы мен агрегаттарын, радарлық құрылғылар мен электронды аппаратураның автоматты қызмет ету құрылғылары мен аспаптарын баптау және тексеру.

Білуге тиіс: күрделілігі әртүрлі аппаратура блоктарын құрастыру технологиясы; есеп-ақша машиналарының электронды есептеуіштерінің, жарамсыз ету конвейерлерінің, есептеуіш-жинақтау машиналары мен басқару машиналарының конструкциясы, схемасы мен жұмыс қағидаты; әртүрлі электр блоктары мен күрделі реттеуіштерді баптау әдіс-тәсілдері; реттеуші құрылғылардың жекелеген элементтерін есептеу әдістері; техникалық тапсыру құжаттамасын ресімдеу ережесі; орындалатын жұмыс көлеміндегі телемеханика негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Оттегі, аргон, сутегі, ацетилен және басқа да газдарды өндіру жөніндегі күрделі өнеркәсіптік құрылғылардың автоматикасы – кешенді баптау.

2. Электронды медициналық аппаратура - баптау.

3. Радиоэлектронды аппаратура, барлық типті генераторлар, электронды осциллографтар, телебасқарудың күрделі контактісіз жүйесі – ақаулықтарды анықтап және жоя отырып баптау.

4. Күрделі ультрдыбыстық аппаратура –баптау.

5. Жарықфотометриялық, магнитоэлектрлік, оптика – акустикалық газоанализаторлар – баптау.

6. Бағдарламамен басқарылатын газ кескіш машиналар – баптау.

7. Электронды техника бұйымдарын жасауға арналған сынақ үлгілері – реттеу.

8. Радиациялық оптикалық пирометрлер және потенциометрлер – баптау және тексеру.

9. Метал кесетін станоктар және бағдарламамен басқарылатын станоктар, икемді технологиялық процестердің жабдықтары - автоматиканы баптау.

10. Тексеру құрылғылары – баптау.

11. Өнеркәсіптік телевидение құрылғысы - баптау.

§ 56. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКАНЫ БАПТАУШЫ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аспаптардың күрделі жүйелері мен жабдықтарды басқару жүйелерінің микропроцессорлық техника базасында, осы жүйенің элементтерін, бағдарламалаушы бақылаушыларды, микро және мини ЭЕМ мен электронды есептеуіш техникалық құралдардың басқа да жабдықтарын қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындай отырып, оларды жұмыстың белгіленген өлшемдеріне шығаруды қамтамасыз ете отырып, баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. Арнайы тестілеу бағдарламаларының көмегімен жабдықтардың басқару жүйелерін диагностикалау.

Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасындағы басқару жүйесі құрылымының негізгі қағидаттары, бағдарламаланатын бақылаушылардың функционалдық және құрылымдық схемалары, микро- және мини - ЭЕМ; микропроцессорлық құрылғылардың конструкциясы; бағдарламалау және автоматтандырылған электр жетектер теориясының негіздері; технологиялық және тестілік бағдарламаларды жүргізу тәсілдері; түрлендіргіш техниканың құрылғылары мен аспаптарының белгіленген статикалық және динамикалық сипаттамаларын алу мақсатында жүйелерді құру әдістемесі; микропроцессорлық техника базасында құрылған негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен диагностикалау аппаратурасының құрылысы; басқару жүйелерінде «жады» құрылымының әдістері мен ұйымдастырылуы; құрылғылары әртүрлі электронды блоктарды баптау тәсілдері, құрылғының жекелеген құрылымдарын есептеу әдістері; тапсыру техникалық құжаттамасын ресімдеу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 57. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКАНЫ БАПТАУШЫ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аспаптардың күрделі және бірегей жүйелері мен микропроцессорлық техника базасында жабдықтарды басқару жүйелерінің, осы жүйені, бағдарламалаушы бақылаушыларды, микро және мини ЭЕМ мен электронды есептеуіш техникалық құралдардың басқа да жабдықтарын қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ перифериялық жабдықтарды және есептеуіш техникалық құралдарды қолдана отырып, оларды тестілік бағдарламалар мен стенділердің көмегімен диагностикалауды орындай отырып, кешенді баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. «Зияткер» датчиктерін пайдалана отырып, сандық электр жетектерді баптау, жөндеу, реттеу және пайдалануға тапсыру. Басқару жүйелеріне арналған стандарт емес платаларды әзірлеу. Жабдықтардың технологиялық бағдарламаларын тестілік түзетуді жасау. Технологиялық жабдықтардың жұмысындағы істемей қалу жағдайларын талдау, жүйелендіру және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу. Қуаты 1кВт астам жиілік генераторларының радиокедергілерін басу құрылғыларын баптау және жөндеу. Электронды аспаптарды отандық номиналдарға қайта есептеу. Аспаптарды баптау және жөндеуге қажетті сызбаларды жасау. Ультрадыбыстық құрылғылардағы электронды блоктарды жөндеу және баптау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет