Білуге тиіс: жиналатын тораптардың, механизмдер мен станоктардың құрылысы және жұмыс істеу принципі, оларды құрастыруға техникалық шарттар; өңделетін металдардың механикалық қасиеттері мен оларға термиялық өңдеудің әсері; тойтарма жіктер мен дәнекер қоспалардың және олардың төзімділігін қамтамасыз ету шарттарының түрлері; баяу және тез балқитын дәнекерлердің, флюстардың, протравтардың құрамы мен оларды әзірлеу тәсілдері, орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымы; слесарлық аспапты қайрау және жетілдіру ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Автомашиналар - кабиналар, кузов, артқы мост құрастыру.
2. Автошлагбаумдар - білік бойынша секторды аралау.
3. Тоңазытқыш агрегаттары - сыртқы қабырғасы бойынша монтаждау.
4. АКМ-400 үлгісіндегі және оған ұқсас амортизаторлар - толықтай түпкілікті құрастыру.
5. Қол жетегі, тісті берілісі бар барлық мөлшердегі және үлгідегі кеме арматурасы – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру.
6. Механикалық ұстара барабандары - тісті кесік және радиалды соғысын құрастыру, тексеру.
7. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – дәлдіктің берілген сыныбының шегінде саңылауларға ойық жасау және соңғы құрастырудың алдында гидравликалық қысымда сығымдау.
10. Барлық диаметрдегі вентильдер – клапандарды ысқылау және гидравликалық сынау.
11. Желдеткіштер, моторлар – құрастыру, реттеу.
12. Жапсырмалар, стакандар, орындықтар, дәнекерленген және басқа да бөлшектер – өтпелі және тесіп өтетін диаметрі 2 мм-ге дейін және 24-тен жоғары 42 мм-ге дейінгі ойық кесу.
13. Ауа ажыратқыштар – жалпы құрастыру.
14. Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жаппалар – құрастыру.
15. Карданның қалпағы мен сақиналары – кондукторда кейіннен шикіқұрамдай отырып құрастыру, бұрғылау.
16. Жылжымалы есіктер – жасау.
17. Құлыптардың бөлшектері – жасау.
18. Қуаты 73,6 кВТ (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру.
54. Құйылған күректер дестесі – дәнекерлеуге құрастыру және қиыстыру.
55. Күрделі құрылымдағы панельдер – жасау.
56. Резина өткізгіштер – жасау.
57. Тексеру тақтайлары – қырып тегістеу.
58. Дара тарелкалардың астындағы тұғырлары – құрастыру, реттеу.
59. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі сырғыма мойынтіректер – қырып тегістеу.
60. Тіреу және сүйеу кемелік мойынтіректер – 0,05 мм-ге дейінгі дәлдікте жанасатын бетін сипап тексеріп қосымша қиыстырмай корпус және қақпақ төсемдеріне жапсырмаларды қалау.
61. Сыртқы диаметрі 500 мм-ден асатын бір қатарлы шарик және радиалды, шарикті радиалды сферикалық, екіқатарлы мойынтіректер – жинақтау және құрастыру.
62. Поршендер – шатунмен құрастыру және поршенді сақинаны қиыстыру.
63. Редуктор, диірмен және шнек жетектері – құрастыру.
64. Мойынтіректердің жартылай муфталарын, сақиналарын шешуге арналған айлабұйымдар – құрастыру.