Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Кардан біліктер, тежегіш барабандарының цапфалары – құрастыру кезінде қиыстыру



бет79/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108

2. Кардан біліктер, тежегіш барабандарының цапфалары – құрастыру кезінде қиыстыру.

3. Желдеткіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

4. Цилиндр блоктардың бастары, кардан шарнирлер – тексеру, бекіту.

5. Самосвал механизмдері цилиндрлерінің бастары – шешу, жөндеу, орнату.

6. Барлық үлгідегі қозғалтқыштар, артқы, алдыңғы мостылар, іліністі автоматтыны қоспағанда, жіберу қораптары, кардан біліктер – бөлшектеу.

7. Контактілер – дәнекерлеу.

8. Жеңіл автомобиль қанаттары – шешу, орнату.

9. Су, май сорғылар, желдеткіштер, компрессорлар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

10. Оқшаулау аспаптары мен электр жабдықтары агрегаттарының орамалары – сіңдіру, кептіру.

11. Реле – реттегіштер, жандыру таратқыштары – бөлшектеу.

12. Клапан ершіктері – шарошкамен өңдеу, ысқылау.

13. Фаралар, жандыру құлыптары, белгілер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

§ 102. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дизельді, арнайы жүк автомобильдерін, автобустарды, мотоциклдерді, шетелдің жеңіл авмобильдерін, жүк пикаптар мен шағын автобустарды жөндеу және құрастыру. Күрделі агрегаттарды, тораптарды және аспаптарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және оларды техникалық қызмет көрсеткенде ауыстыру. Барлық үлгідегі автомобильдер мен автобустарды стендіде жүргізу. агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды реттеу және сынау процесінде ақауларды, ақаулықтарды анықтау және жою. Бөлшектегеннен және жуғаннан кейін бөлшектерді іріктеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру, ақаулық ведомостілерін жасау.

Білуге тиіс: дизельді және арнайы жүк автомобильдері мен автобустарының құрылысы мен қызметі; автомобильдердің электр және монтаждау тәсімдері; агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды құрастыруға, жөндеуге және реттеуге техникалық шарттар; агрегаттарды, тораптар мен аспаптарды жөндеу, құрастыру және сынау процесінде табылған күрделі ақауларды анықтау және жою әдістері мен тәсілдері, сынау ережесі мен режимдері; агрегаттар мен тораптарды сынау және тапсыруға техникалық шарттар; күрделі сынау құрылғыларының қызметі және пайдалану ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; электр жабдықтарының және автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттарының кезеңділігі мен техникалық қызмет көрсету көлемі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері

1. Қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – қисық шатунды механизмді жөндеу және құрастыру.

2. Бөлу біліктері – блокқа орнату.

3. Генераторлар, статорлар, спидометрлер – бөлшектеу.

4. Самосвалды механизм гидрокөтергіштері – сынау.

5. Гидротрансформаторлар – байқау және бөлшектеу.

6. Дизельді қозғалтқыш цилиндр блоктарының бастары – құрастыру, жөндеу, герметикалығын сынау, орнату және бекіту.

7. Барлық үлгідегі қозғалтқыштар – жөндеу, құрастыру.

8. Артқы дөңгелектер – үйлесу бұрышын реттеу.

9. Барабанның тежегіш колодкалары, амортизаторлар, дифференциалдар – жөндеу және құрастыру.

10. Компрессорлар, тежегіш крандары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сынау.

11. Автоматты жіберу қораптары – бөлшектеу.

12. Механикалық жіберу қораптары – құрастыру, стендіде сынау.

13. Самосвал автомобильдерінің кузовтары, самосвал механизмдері – орнату, реттеу және түсіру.

14. Алдыңғы және артқы ілінісу мостылары, кардан біліктер – жөндеу, құрастыру және реттеу.

15. Алдыңғы осьтер – суықтай күйінде сығымдағышпен тексеру және түзету.

16. Түбірлі мойынтіректер – жапсырмаларын ауыстыру, қырып тегістеу, реттеу.

17. Поршендер – цилиндрлер бойынша іріктеу, шатунмен құрастыру, поршенді сақиналарды ауыстыру.

18. Күрделі электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттары – техникалық қызмет көрсетуде тексеру және реттеу.

19. Редукторлар, дифференциалдар – артқы мостының картерін жөндеу, құрастыру, сынау және орнату.

20. Реле – жандыру реттегіштері, таратқыштар – бөлшектеу, жөндеу.

21. Иінді біліктердің сальниктері, ілінісу ступицалары, шар сияқты рульді жетек саусақтары – ауыстыру.

22. Гидравликалық және пневматикалық тежегіштер – бөлшектеу.

23. Рульдік басқару – жөндеу, құрастыру, реттеу.

24. Поршенді құрамадағы шатундар – аспаппен тексеру.

25. Шатундар – поршенді саусақтар бойынша шатунның жоғарғы қалпағындағы төлкені ауыстыру; тіктеуіш бойынша төрт жағдайда иінді біліктің мойындары бойынша түпкілікті қиыстыру.

26. Автомобиль электр сымдары – тәсім бойынша орнату.

§ 103. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдің күрделі агрегаттарын, тораптары мен аспаптарын стенділер мен шассилерде реттеу және сынау және техникалық қызмет көрсету кезінде оларды ауыстыру. Тексеру аппаратурасында және тексеру айлабұйымдарында электр жабдықтарының бөлшектері мен тораптарын тексеру. Электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттарын тәсім бойынша оларды торапқа қоса отырып, орнату. Автомобиль агрегаттарын, тораптары мен электр жабдық аспаптарын жөндеу, құрастыру және сынау процесінде күрделі ақаулар мен ақаулықтарды анықтау және сынау. Бөлшектерді 6-7 квалитеттер бойынша күрделі слесарлық өңдеу, жетілдіру. Күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүк және жеңіл автомобильдері мен автобустардың жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомобильдер мен автобустардың конструктивтік құрылымы; күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеу, құрастыру, сынау және реттеудің техникалық шарттары; түрлі күрделіктегі электрлік және монтаждық тәсімдері және аспаптар мен олардағы агрегаттардың өзара іс-қимылы; жанамалы бөлшектердің тозу себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдері; сынау стенділерінің құрылымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет