Жұмыстың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі94,08 Kb.
#38998
«Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны.

Жұмыстың мақсаты:

1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау;

2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге

қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу;

Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.

Ойыншылар

Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Жүргізуші:«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің ТОЛОҒАЙ лагеріндегі оқушылар арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады,


Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділқазылар мүшесімен таныстыру
1.Э.К.Касенова
2.М.К.Берикканова
3.Н.А.Мейрамова
Жүргізуші: 
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Балалар, орындарыңа жайғастыңдар.

Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:

Ойынға 2 топ қатысады



Ойын ережесі:
Ойын 6 кезеңнен тұрады.

1.Бәйге
2. Полиглот
3. Білімпаз
4. «Жорға»


5 Айшықты сөздер

6. “Көп сөйлеме” Капитандар сайысы

7.“Сөзжасам”

Көрермендермен ойын « Сөзжұмбақ»

Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер.

Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 1 минут уақыт беріледі.
Барлығы сендерге ортақ 10 сұрақ қойылады.

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
Жүргізуші:

I – кезең «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық

І топ сұрағы


  1. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)

  2. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)

  1. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)

4 . Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс

5. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)



І І топ сұрағы

1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)

2. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)

3 . Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)

4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)

5. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңін кім жазған? (Абай)

ІІ.«Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.Үш тілде 30 ұпай, екі тілде жауапты айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.



(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

І топ тапсырмасы:

1.Аттан тай озады, атадан кім озады? Бала-ребенок-baby

2.Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды ? Балық-рыба-fish

3. Адамға ең қымбат жан? Ана-мать-mother

   4. Бір үйден көрдім, Қырық екі дос- жаран? Әріп-буква- letter



5.Қимылдаса қос шебер, Қыруар- қыруар іс өнер? Қол-рука-hand

6. Ашу – дұшпан, ақыл не? Дос-друг-friend

ІІ топ тапсырмасы:

1.Жолбарыстан аумайды, тышқандарды аулайды? Мысық-кошка-cat

2.Әттең даусым, тілім жоқ, құшағында білім көп? Кітап-книга-book

3. Бұлаңдаған құйрығы, бір алдарлық қулығы? Түлкі-лиса-fox

4. Жеп көріп ем өзім мен, жас шығады көзімнен? пияз-лук- onion

5. Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады? Қоян-заяц-rabbit

6. Бір қорапқа қамалғандар, жану үшін жаралғандар? Сіріңке-спичка- faier

ІІІ кезең «Білімпаз»

Бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.



Бұл ойында пән мен ұпай санын таңдап алады.Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек.

Әдебиеттік оқу

1.Қазақ балаларына ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин  2.Қазақ халқы өзінің президентін қашан сайлады? 1991 1 желтоқсан



3.Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?(аңыз)

4. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі,

Қорқақ .... (мың рет өледі)



5. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ


Математика

1. 1дм.неше сантиметр?(10см)

2.Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)

3. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)

4. Бірінші қатарда 17 бала отыр,екінші қатарда одан 6 бала артық отыр.  Екінші қатарда қанша бала отыр?(23)

5.  х+25-140-40 (75) 

Қазақ тілі

1. Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)



2. Мәтіннің түрлерін ата.(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

3. Зат есім деген не? (Заттын атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Оларға Кім? Не? деген сұрақтар қойылады)

4. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес)

5. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? жұрнақ

Дүниетану

1.Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? Тоқтар Әубәкіров 1991 жыл

2.Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)

3. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?Абай

4.Адамға өмір сүру үшін не қажет?(ауа,су,жарық,жылу,тағам).

5.Адамның сезім мүшелері? (мұрын, тіл, қол, көз, құлақ)

ІҮ кезең «ЖОРҒА»

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі және жылдам жауап беру қажет.



Сұрақтары:

   1 топқа

  1. Аптаның бірінші күні? (дүйсенбі)

  2. 300+300+300 неше болады?(900)

  3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?(жуан, жіңішке)

 4. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)

 5. Күзде жапырақтар қайтеді?(сарғаяды)

  6. 10000 саны неше таңбалы сан?(5)

7. Өсімдіктің жер асты мүшесі?(тамыр)

 8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір)

9. Жылқының төлі қалай аталады? (құлын)

 10. Халықаралық әйелдер күні.(8 Наурыз)

   2 топқа

  1. Аптаның екінші күні? (сейсенбі)

  2. 200+200+200 неше болады? (600)

  3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді??(қатаң, ұяң, үнді)

 4. Бір ғасырда неше жыл? (100)

5. Қыста не жауады?(Қар)

6. 10000 неше таңбалы сан? (5)

  7. Өсімдіктің тыныс алу мүшесі? (жапырақ)

  8. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)

9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)

  10. 22-НАУРЫЗ қандай мейрам?(НАУРЫЗ)

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыны марапаттайды.



Ү кезең “Айшықты сөздер”

Сөз тіркестерінің мағынасын айту

І - топ

1.Төбесі көкке жетті Қуанды

2.Ине шаншар жер жоқ Бос жер жоқ

3. Төбе шашы тік тұрды Қорықты

4. Қой аузынан шөп алмас Жуас

ІІ – топ

1.Қабағынан қар жауды Ашуланды

2.Бетінен оты шықты Ұялды

3. Ит өлген жер Алыс

4. Көзді ашып - жұмғанша Тез, лезде

ҮІ - кезең “Көп сөйлеме” Капитандар сайысы (ыммен көрсету)

І топ : сағат, қолшатыр, апа

ІІ топ: қоян, гүл, машина

ҮІ І кезең «Сөзжасам» « Қазақстан» (қаз,аз,ат,тана, ана, апа ата,тас, саз, нас қазақ, ақ, қас,зат)

Ойын ойнату көрермендермен. Дұрыс жауап берсе ұпайын ұнаған топқа береді

Сөзжұмбақ” көзі жұмылып тұрады . Төрт ойыншы қатысады. Қолдарындағы әріптерді ауыстырып дұрыс сөзді құрау.



1. Қыздардың мойынға тағатын әшекейі? Алқа

2. Көп қабатты үйлер қайда болады? Қала

3. Қазақстан біздің ... Отан

4. Қыста таудан немен сырғанайды? Шана

Жүргізуші:

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,


Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!- дей келе сайысымыз аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет