Жұмыстың мақсаты



бет2/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

Он алтылық санау жүйесі


Екілік санау жүйесін қолдану қолайсыз. Сондықтан екілік санды жазуды қысқарту үшін 16 негіздеуіші бар санау жүйесі қолданылады. Бұл жүйені он алтылық деп атайды. Он алтылық санау жүйесі позициялық санау жүйесіне жатады.

Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрларды белгілеу үшін ондық сандарының мәні 10, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Мысалы, 4DC,A716; 48E,8916; 21EA16;



Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру үшін ол санды негіздеуішінің дәрежелерінің қосындысы түрінде жазып алып, есептейміз.



Мысалы:

1) 3Е5А116=3*164+E*163+5*162+A*161+1*160 .

Ондық жүйенің ережесі бойынша арифметикалық операцияларды орындай және А=10, E=14 ескере отырып, 3Е5А116=25539310 аламыз.

2) 48С,В716 = 4*162+8*161+C*160+B*16-1+7*16-2 =



4*162+8*161+12*160+11*16-1+7*16-2 =

Тапсырмалар

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз

1. A87E16 7. BE,74116

2. 23DF16 8. F11,56716

3. EA1216 9. 981,DA16

4. 1A2216 10. 23,3B16

5. 9116 11. F54,4716

6. 7C3116 12. 235,F16



Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру

Практикада екілік санау жүйесін пайдалану қолайсыз, сол себепті көбіне он алтылық және он алтылық санау жүйелері қолданылады.

24=16 екенін пайдаланып төменде келтірілген сәйкестікті табамыз: он алтылық санау жүйесіндегі әрбір санға екілік санақ жүйесіндегі төрт орынды сан сәйкес келеді.

Екілік санау жүйесі

0000

0001

0010

0011

0100

0101

0110

0111

Он алтылық санау жүйесі

0

1

2

3

4

5

6

7




Екілік санау жүйесі

1000

1001

1010

1011

1100

1101

1110

1111

Он алтылық санау жүйесі

8

9

A

B

C

D

E

F

Енді осы кестені пайдалана отырып он алтылық санау жүйесіндегі санды екілік санау жүйесіне ауыстырамыз:


  1. 28A3E16= 0010 1000 1010 0011 11102= 1010001010001111102;

  2. DE7,9C16=1101 1110 0111, 1001 11002=110111100111,100111002;

Тапсырма:

  1. 10D7F16 6. D44,1F16

  2. 238D16 7. 1FA,1816

  3. 89A116 8. 53,FF116

  4. FA8816 9. 28C,7116

  5. D37EF16 10. 10C,AD616

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыруды екі әдіспен ауыстыруға болады:

1) 16  10  8 бұл ұзақ әрі қолайсыз әдіс.

2) 16  2  8.

Осы екінші әдісті пайдаланып 4С1,2F416 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстырайық:

а) 4С1,2F416 = 0100 1100 0001, 0010 1111 01002;

б) Енді екілік санау жүйесіндегі санды үтірден оңға қарай және үтірден солға қарай бағытта үш разрядтан жіктеп бөліп алып, кестені пайдаланып сегіздік санау жүйесіне ауыстырамыз:

010 011 000 001, 001 011 110 1002= 2301,13648;


Тапсырмалар:

Кестені пайдаланып он алтылық сандарды сегіздік санау жүйесіне аударыңдар.

1. А3616 6. 102,9E16

2. В7С16 7. 456,EA16

3. 2Е116 8. B03,DF16

4. 8DF416 9. EA2,E316

5. AB4716 10. ED7,8716

Оқушылардың өзіндік жұмыстары

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз:

1) 18D16; 6) 9A0716; 11) 1A5,6F16;

2) 35E916; 7) 38EE16; 12) 21C,D16;

3) 73AD16; 8) D79816; 13) C54,F816;

4) 23E16; 9) 3F9116; 14) A2,B116;

5) 9A316; 10) 5FF916; 15) 3D,65A16;

Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру

1) 9C16; 6) 36D16; 11) 16,5716; 16) 7D1,2116;

2) 7B16; 7) 3E8116; 12) 25D,616; 17) 2E6,7E16;

3) D816; 8) 257E16; 13) BB,6916; 18) 65B,B116;

4) 9E116; 9) 6B5816; 14) 74E,516; 19) A57,E616;

5) 7B216; 10) 2D3416; 15) 3,F1416; 20) 7D1,F216;



Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары

Тапсырма. Кестені толтырыңыз.




Ондық с.ж.

Екілік с.ж.

Сегіздік с.ж.

Оналтылық с.ж.

1

2

3

4

5

I-нұсқа

358,95













11011101011













547













164А

I I –нұсқа

634,67
















472













7АС




1101111010101







I I I –нұсқа

582,02



















1Ғ6Е




1000111101010













364




IV-нұсқа

369,025













1000011111101













641













4D61

V-нұсқа

468.15













11010001011













734













2D4A

VI-нұсқа

654.27
















632













5AD




1100001010101







VII-нұсқа

286.52



















1D8E




1011111101011













274




VIII-нұсқа

492.025













1111011001101













375













4C61

IX-нұсқа

417.75













110011101011













737













952F










4D67




1000100111010













267





Бақылау сұрақтары:

1. Информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?

2. Информациялық технология деген не және жаңа информациялық технологиялардан айырмашылығы неде?

3. Информациялық процестер деген не?



  1. Дербес компьютер деп қандай компьютерлерді айтады?

  2. Ертеңгі күннің технологияларында компьютер программаларының атқаратын рөлі

қандай?

  1. Санау жүйесі дегеніміз?

  2. Екілік, сегіздік, ондық санау жүйесі дегеніміз?


Зертханалық жұмыс №2.

Тақырып: Бүгінгі күнгі есептеу техникасының архитектурасы (2 сағат зертханалық,

1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Компьютердің архитектурасын және компьютер жұмысын ұйымдастыру принциптерін оқып үйрену

Цифрлық техниканың негізгі құрылғылары, олардың сипаттамасы

ДКдің функциональдық бөліктері:

1. Жүйелі блок – (кейде процессор деп атайды. Бұл қате)

2. Монитор – дисплей.

3. Клавиатура (пернетақта).

4. «Тышқан» тєріздес манипулятор.

5. Принтер мен сканер.

Жүйелі блоктың ішінде не бар?

Жүйелі блоктың металл корпусының (қанқасының) ішінде қорек блогы, аналық тақта, т.б. орналасқан.



  • POWER батырмасы – компьютерді өшіруге, қосуға қажет. Power батырмасы құрастыру кезінде аналық тақтадағы тиісті жерлерге жалғануы керек. Бұл айтылғандар АТХ корпусына қатысты.

  • RESET – кез келген жағдайда компьютерді қайта жүктейді.

Компьютерді электр жүйесіндегі болатын кездейсоқ өшуден сақтандыратын (UPS, Uniterruptible Poruess System) құрылғылар арқылы ток көзіне қосады. Қорек блогының шықпасында +3.3, +5, +12, -12, -5 вольттық кернеу болады. Қалған кернеулер қажетіне қарай тақталарда болады. (Мысалы, орталық процессорға қажетті кернеу). Қорек көзінің шықпасындағы кернеу көздері қосымша түрлендірілмейді де бірден қозғауыштары (двигатель) бар құрылғыларға (қатты диск, CD-ROM, т.б) беріледі. Ал қалған құрылғылар аналық тақтадағы төмен деңгейлі кернеу көзіне жалғасады.

Компьютердің єрбір компоненті оларды өндірушілердің көрсеткен сипаттамалары бойынша көрсетілген кернеу көздеріне қатаң тєртіп бойынша жалғанады.

Компьютер іске қосылғанда алдымен қорек блогі тексеріліп, тестен өтеді. Оған көп болғанда 0,1-0,5 секунд уақыт керек. Тест біткеннен кейін орталық процессорға RESET сигналы түседі. Яғни RESET түймесін басқанда шақырылатын сигнал келеді. ¤зін тексеретін тестен өтілген қорек блогы жұмысын бастай алмайды. Бұл электрондық схемаларды зақымданудан сақтайды.

Тест дұрыс өткен жағдайда орталық процессор программаны орындауға дайын болады. Бірақ бұл этапта аналық тақтада орналасқан тұрақты жадыдағы бастаушы (стартовый) программа ғана іске қосыла алады. Осы блоктың жұмысының нєтижесінде басқа программаларды, ал соңынан операциялық жүйені іске қосуға мүмкіндік туады. Алдымен орталық процессордың күй-жағдайын оның жұмыстық мінездемесі тексеріледі. Дєлірек айтқанда қорек кернеуі температурасы, жүйелік шинаның жиілігі, көбейткіш т.б. тексеріледі. Егер олар өндірушінің осы модульге берген анықтамаларына сєйкес келмесе компьютер қосылмауы мүмкін. Тексеру қарапайым есептерді шығару арқылы процессордың ақауын анықтауға негізделген.

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары туралы «компьютер архитектурасы» деген термин қолданылады. Бұл дербес компьютердің логикалық ұйымдастырылуын, құрылымын жєне ресурсын білдіреді.

IBM – үйлесімді компьютердің өзге компьютерден ерекшелігі ашық архитектуралық принципінде. Ашық архитектура – көптеген құрылғыларды бір жүйеге біріктіруге арналған бірқатар интерфейстер мен шиналардың үйлестірілген шешіміне негізделген архитектура.

Көптеген басқа компаниялар табыстарын кемітуден сақтанып ашық архитектураны қабылдамады. Ал IBM фирмасы мен оның IBM РС компьютері ашық архитектураның арқасында дүниежүзіне ең танымал болды.

Кез келген дербес компьютер мынадай функционалды бөліктерден тұрады:



  • орталық процессор – жүйелік блок ішінде орналасқан

  • негізгі жады – ол да жүйелік блок ішінде орналасқан

  • сыртқы құрылғылар

Енгізу/шығару құрылымы

Дербес компьютерде қолданушылардың қатынасы кірген мєліметтерді енгізу мен осы мєліметтерді қайта жөндеу нәтижесіндегі процедураны енгізеді. Сондықтан ДК-нің міндеті конфигурациясы ретінде енгізу/шығару құрылымы болып табылады. Қазіргі диалог процесінсіз бола алмайтын қосымша стандартты құрылымды көрсетуге болады.



Монитор

Монитор /дисплей/- мәтіндік және графиктік мәліметтерді визуальды көрсетуге арналған. Стандартты шығарылу құрылымы. Қызмет принципіне байланысты монитор электронды-сәулелік трубалы мониторға және сұйық криссталдағы дисплейге бөлінеді.



Пернетақта

Пернетақта басқару бұйрықтарымен және алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізудің стандартты клавишті құрылымы. Монитор мен пернетақта комбинациясы қолданушының жеңіл интерфейсін қамтамасыз етеді: пернетақтаның көмегімен компьютердің жүйені басқарады, ал монитордың көмегімен нәтижені алады.

Пернетақта ПК-ның стандартты құрылымына жатады, сондықтан оның негізгі функцияларының іске асуы үшін арнайы жүйелік программалар қажет етілмейді /драйвер/. Пернетақта жұмыс істеуінің программалық қамтамсыз етілуі енгізу-шығару BIOS негізіндегі жүйесінің құрамындағы микроүрдінің тұрақты жадысында орналасқан.

Пернетақтаның QWERTY стандарты бойынша енгізілген 101-104 клавишасы бар, /пернетақтаның алфавит бөлігінің жоғарғы сол жағында QWERTY пернелері орналасқан/. Олар тек орналасу варианттарымен және қызмет клавишасының формасымен және тілде қолданатын шарттасылған ерекшеліктер ажыратылады.

Пернетақтаның перне жиынтығы бірнеше функционалды группаға бөлінген: алфавитті-цифрлік, функционалды, курсорды басқару, қызметші, қосымша панельдер пернесі.

Манипулятор

Кішкентай екі /немесе үш/ батырмасы бар пластмассалы қорап ретінде болады. Манипуляторды бетімен жылжыту монитор экранындағы манипулятор курсоры деп аталатын графикалық объектіні жылжытумен синхронизацияланған. Пернетақтадан айырмашылығы манипулятор басқарудың стандартты құрылымы бола алмайды, сондықтан онымен жұмыс жасау үшін, арнайы жүйемен программа –манипулятор драйвері қажет. Драйвердің көзқарасы бойынша драйвер оқиға болды ма, манипулятор курсоры қазір экранның қай жерде екеніне анализ жасай отырып манипулятордың барлық жылжуы және оның клавишаларының кликтері оқиғаға байланысты қарастырылады. Бұл мәліметтер қолданбалы программаға беріледі, онда қолданушы жұмыс жасайды және осы арқылы программа қандай команда екенін және орындауға бастауды анықтайды.



Сыртқы құрылымдар

Перифериялық немесе сыртқы құрылымдар деп блок жүйесінің сыртында орналасқан арнайы этапта әрекеттестірілген ақпаратты өңдеу. Ең алдымен – бұл шыққан нәтижелердің тұрақталған құрылымы: принтерлер, плоттерлер, модемдер, сканерлер.



Принтерлер

Принтерлер ақпараттың қатты тасымалдауына шығаруға арналған, көп жағдайларда олар қағазға шығарылады. Принтердің үлгісінің көптеген түрі бар, оларды қызмет принципіне, интерфейсіне, өндіргіштігіне функционалды мүмкіндіктеріне байланысты өзгертеді. Қызмет принципіне байланысты: матрицалық, бүріккіш, лазерлі болып бөлінеді.



Сканер

Сканер компьютерге бір түсті немесе түрлі –түсті бейнелерді, графикалық және текстік ақпараттарды есептеуге мүмкіндік беретін құрал. Сканерді тексті немесе графикалық бейнені ары қарай жасау үшін компьютерге енгізу қажетілігі кезінде туады. Сканерленгеннен кейін ақпарат арнайы программалар қамтамасыз етілу арқылы өңделеді және текстік немесе графиктік файл ретінде сақталады.



Қызмет принципі

Сканердің негізгі қызметі – ССD-матрица (Charge Coupled Device-зарядталған байланысы бар құрылғы) немесе РМТ (фотмножитель). ССD-матрица–сыртқы шиелініс қатысуымен жарыққа әсер ететін диод жиынтығы.



Сканер классификациясы

Сканерленетін әдісімен ажырытылатын оригинал санына және оптикалық жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің үогілері бар. Ауыстырылу әдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды және қолды болып бөлінеді.



Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмасы

1. Принтерді орнату.

2. Дайын құжатты баспаға шығару.

3. Сканермен тәжірибелік жұмыс.



Бақылау сұрақтары:

1. ДКдің функциональдық бөліктерін ата.

2. Компьютер архитектурасы деген терминді қалай түсінесің?

3. Микропроцессордың түрлерін ата.

4. Монитор, пернелер тақтасының қызметі қандай?

5. Манипулятор дегеніміз не?

6. Принтердің түрлерін ата.

7. Сканер және оның атқаратын қызметі қандай?



Зертханалық жұмыс №3

Тақырып: Компьютердің программалық жабдықтамалары. Жүйелік программалар. Утилиттер (вирусқа қарсы программалар, архиваторлар)

(2 сағат зертханалық, 1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Ақпаратты сығу. Архиватормен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен дағдысын, Kaspersky Anti-Virus, NOD 32 антивирустық программасымен жұмыс жасап үйрену. -дискіні дефрагментациялау;

-файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындап үйрену.

Антивирустық сканер Kaspersky Anti-Virus Scanner-компьютерлік вирустарды тексеруге және олармен күресуге арналған программа.Программаны іске қосу тәсілдері:


  • Windows-тың негізгі менюінен;

  • Kaspersky AV Control Centre;

  • команда жолынан

Программаны ең жылдам іске қосу тәсілі- Windows-тың негізгі менюінен немесе Іске қосу-Программалар- Kaspersky Anti-Virus және Kaspersky Anti-Virus Scanner арқылы іске қосыңыз.Осыдан кейін экранда 1- суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.

Программаны іске қосудың басқа тәсілі- арнайы мақсат жасау үшін, яғни белгілі бір уақытта және айқын күйге келтіру үшін Kaspersky AV Control Centre-ден қосылады.



1- сурет.

Командалық жолмен Kaspersky Anti-Virus Scanner-ді іске қосу үшін, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасын орындағаннан кейін, ашылған диалогтық терезе avp 32.exe модулінің орындалуына толық жол ашуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет