Жұмыстың орындалғаны (жетекшінің қолы)


Қазақстандағы қонақ үйлер



бет6/7
Дата30.12.2021
өлшемі38,22 Kb.
#106894
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ALISHER WWS

2.3 Қазақстандағы қонақ үйлер

«Достық» отелі шетел азаматтарына өте қызықты. «Интерлюкс отелі, бұл қала сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. «Алия», «Уют» орташа қонақ үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы отель «Ворота», «Туюк су». Бүл керемет пансион Швейцариядағы альпілік қонақ үйге үқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.

«Анкара» — қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар.Оның ішіде люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан. «Премьер-Медеу-Интернейшнэл» — қонақ үйі — Алматы қаласының орталығынан 15километр, ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады.

«Медеу» қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр жерде бассейн орналасқан.

«Премъер-Алатау» қонақ үйі – Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар бар.

Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. «Байқоңыр» — «5» жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй «Казақмыс корпорациясының» меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 — шы жылы іске қосылды. Қонақ үй — Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған. Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған.

«Бизнес-центр» — «3» жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған.  Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.

«Металлург» — қонақ үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген. Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40 орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде   орындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет