Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны


Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі



бет66/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Боран романы

Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі

Портрет
Суреткер көркем бейнені мүсіндеу барысында оның болмысын неғұрлым жан – жақты әрі шынайы, толыққанды тұлғалау мақсатымен түрлі көркемдік әдеби амал – тәсілдерді шебер пайдалануға ұмтылады. Ондай тәсілдердің негізгілерін атар болсақ, олар: портреттік тәсіл, мінездеу, кейіпкер тілін даралау жолдары, адамның күйініш – сүйініш халін суреттеу т.б.
Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше. Портрет – француз сөзі, мағынасы бейнелеу дегенді білдіреді. Бұл көркем шығармада кейіпкердің бет пішіні, киім киісі, жүріс – тұрысы, жалры сырт келбеті тұрғысынан суреттелуі. Жазушы кейіпкерін сыртқы түр – тұлғасымен, қимыл – қозғалысымен таныстыра сипаттай отырып, оны нақты тірі адам бейнесінде көз алдымызға елестетеді және оның ішкі әлеміне де барлау жасауға тырысады.
Портреттің түрлері де, қырлары да сан алуан. Мәселен, портретті ерекшелік сипатына қарай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болғандай: мөлтек портрет, топтама портрет, сатиралық портрет, психологиялық портрет, статикалық портрет, портрет – мінездеу, живописьтік портрет т.б.
Көркем шығармалық тәжірибеде кейіпкер портретін түрлі жағдайларға және жас мөлшеріне қарай құбылтып – өзгертіп, оны әр қырынан толықтырып, қайталап беріп отыру да кең орын алған үрдіс. Бұл живописьтік портреткетән ерекшелік.
Өмірде адам түрлі жағдаяттарда көрінеді, танылады, есейеді, уайымға түседі, көкірегін шаттық кернеп, толқып – тасатын сәттері де баршылық. Әдеби бейнені де жазушы міне осындай алуан күйде, түрлі өмір кезеңдерінен алып әр қырынан (сыртқы түр-түсі, ішкі жан әлеміндегі өзгерістер) бейнелеп – бедерлеуі керек. Осыған сәйкес ол кейіпкердің іс – әрекетімен қоса оның кескін – келбетін де алуан ситуацияларда түрліше құбылтып, ішкі – психологиялық толғанысын танытатындай етіп беріп отырады.
Әрине, қай түрі болмасын, портрет ең алдымен шынайылығымен, нақтылығымен ұтымды. Шын шеберлік адамның сыртқы кескінін, қимыл – қозғалысын сипаттай отырып оның ішкі жан әлемінің сырларын аңғартуда, сезіндіруде болса керек. Бұл ретте сөз жоқ, психологиялық портреттің атқарар рөлі мен маңызы ерекше.
‟Психологиялық портрет тек автордың баяндауымен жасалынбай, кейіпкер көзімен, сөзімен, аңдауымен бой көрсетпек” дейді тарихи роман табиғатын зерттеуші профессор Т.Сыдықов [40, 46 – 49 бет].
Ғалымдар көркем әдебиеттегі портретті 2-ге бөледі: ситуациялық және жалпы портрет.
Жалпы портретте көркем бейненің өзіне тән үнемі болып тұратын сипат белгілері суреттелсе, ситуациялық портрет кейіпкердің бір сәттік эмоциялық кейпін береді [4, 106 бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет