Жұмыстың өзектілігі



бет1/14
Дата19.01.2022
өлшемі251,96 Kb.
#129502
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
mtndk-esepterd-mazmny-zhne-ony-sheshu-zholdary



Кіріспе

Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітілген. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай зияткерлік дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту секілді өзекті мәселелер енгізілген. [1]

Жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Мәтіндік есептерді шығару оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, функционалдық тәуелділіктің идеяларын терең түсінуге есептеу мәдениетінің артуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай есептерді шығару нәтежиесінде оқушылардың нақтылы обьектілер мен құбылыстарды модельдеу білігі мен дағдылары қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет