Сабақтың басы
|
(Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Табиғат болмаса біз ауасыз, сусыз, тамақсыз өмір сүре алмас едік. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес. Әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.
|
1-топ. «Алтын күн». Ұраны: Күн шуағын сүйеміз,
Жадыраймыз күлеміз.
2-топ. «Таза ауа». Ұраны: Таза ауамен терең тыныс алайық,
Денемізді шынықтырып қалайық.
3-топ. Табиғат». Ұраны: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
|
|
презентация
|