Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4



бет3/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

3. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 4-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«ҚК-нің 17-бабының екінші бөлігіне сәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алуға тиіс.
Егер кінәлі адамның жасаған әрекеті өзінің жас балаларына қарсы бағытталған болса немесе сотталушының асырауында жас балалар болмаса не ол ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, ҚК-нің 53-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп танылуы мүмкін емес.
Басты сот талқылауы барысында прокурор ҚПК-нің 340-бабы бесінші бөлігінің қағидаларын сақтай отырып, жаңа айыптау актісін жасау арқылы айыптауды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың орын алғанын көрсетіп, толықтыруға құқылы.»;
2) 5-тармақта:
бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуының болуы
ҚК-нің 12-бабының бірінші бөлігінде бекітілген бірнеше рет жасалу ұғымына сәйкес айқындалады.»;
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер ҚК-нің Жалпы бөлігінің ережелеріне сәйкес адамға ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген жазаның бір де біреуі тағайындала алмаса, онда сот ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігіне сілтеме жасамай, оған ҚК-нің 40 немесе 81-бабында көзделген жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындайды. Сот қабылдаған шешімнің негіздемесі ҚК-нің Жалпы бөлігінің жазаның сол немесе өзге түрін қолдануға тыйым салуды белгілейтін тиісті нормасының ережесіне сілтеме жасалып, үкімнің уәждеу бөлігінде жазылуға тиіс.»;
4) 7-тармақта:
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келсе, бұл қағидалар ескерілмейді.»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚК-нің 55-бабының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде жаза ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дайындағаны немесе қылмысқа оқталғаны үшін жаза тағайындау жағдайларында ҚК-нің 55-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер ҚК-нің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.»;
5) 9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмаған адамға ҚК-нің 55 және 56-баптарының қағидалары бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындау кезінде соттар ҚК-нің
81-бабының тиісті жаза түрі мерзімінің немесе мөлшерінің ең жоғары және ең төменгі шектері туралы ережелерін негізге алғаны жөн.»;

6) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:


«9-1. ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша қылмыстық жаза мерзіміне қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін адамды күзетпен ұстау мерзімі, оның ішінде адамды ҚПК-нің 131-бабының тәртібімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстау уақыты ғана есептеледі. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін адамның күзетпен ұсталу мерзімі (сотталған адамға іздеу салуға, жазаны алмастыруға және т.б. байланысты) ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары қолданылмай, қылмыстық жазаның мерзіміне есептелуге жатады.
Адам ҚК-нің 63-бабы қолданылып, шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған кезде үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамауда ұстау уақыты ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша ол нақты бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда жазасын өтеуге жататын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ескеріле отырып, жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.»;
7) 11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот үкімімен екі және одан көп қылмысты (олар бірнеше рет жасалған кезде және нақты жиынтығында) жасауға кінәлі деп танылған адамды алғаш рет қылмыс жасаған адам деп танылуы мүмкін емес.»;
8) 12-тармақта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот үкiмi бойынша тағайындалған жазасы (айыппұл, қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу) ҚК-нің Жалпы бөлігінде осы жаза түрлері үшін көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарды бас бостандығынан айыруға сотталғандар деп тануға болмайды.»;
тоғызыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Сот ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағы негізінде қылмыстың қайталануын немесе қауіпті қайталануын, егер бұл туралы айыптау актісінде көрсетілген жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп тани алады.»;
9) 14-тармақтағы үшінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қосымша жазаның әр түрі тағайындалса, онда олар тиісті мөлшерлері мен мерзімдері келтіріле отырып, үкімде және түпкілікті жазаны тағайындау кезінде көрсетілуі тиіс.»;
10) 15-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Егер адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ ол заңды күшіне енгенге дейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда сот ҚК-нің 58-бабы алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес оған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.»;
11) 16-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бас бостандығын шектеуге, қоғамдық жұмыстарға тартуға, түзеу жұмыстарына немесе айыппұл салуға сотталған кезде – үкім шығарылған күнгі жағдай бойынша өтелмеген жаза. Алдыңғы үкім бойынша жаза толық өтелген жағдайда ҚК-нің 60-бабының қағидалары қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда, жаңадан жасалған қылмыс үшін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау сәтінде қалған мерзімді жазаның өтелмеген бөлігі деп есептеген жөн. Егер аталған бұлтартпау шарасы тағайындалмаса, соңғы үкім шығарылған уақытқа қалған мерзім жазаның өтелмеген бөлігі болып табылады.»;
12) мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. ҚК-нің 64-бабының үшінші бөлігіне қатысты шартты түрде сотталған адамның өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамауы деп шартты түрде сотталған адамның өзіне жүктелген екі немесе одан да көп міндеттерді орындамауы не оның қандай да бір міндетті бірнеше рет орындамауы түсініледі.
16-2. ҚК-нің 65-бабы бірінші бөлігінің ережелері қылмыстық теріс қылық жасаған немесе алғаш рет қылмыс жасаған адамға қатысты мынадай мән-жайлардың жиынтығы болған кезде қолданылады: оның ҚПК-нің 182-бабына сәйкес ресімделген кінәсін мойындап келуі; қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал етуі; қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтыруы.
ҚК-нің 65-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатыла алмайды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында ҚК-нің 65-бабы бірінші бөлігінің ережесі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамға қолданылмайды.»;
13) 17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына немесе үкімдердің жиынтығына кіретін қылмыстар үшін негізгі жазаның әр түрін тағайындаған болса, онда оларды толық немесе ішінара қосу кезінде түпкілікті жаза оның барынша қатаң түріне сүйене отырып тағайындалуы тиіс.
Егер қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазасын толық өтегенге дейін қылмыстық теріс қылық жасаса, ҚК-нің 60-бабының қағидалары қолдануға жатпайды. Мұндай жағдайларда үкімдер дербес орындалуы тиіс.»;

14) 20-тармақта:


бесінші абзацта:
бірінші сөйлемдегі «не шартты түрде соттау орын алса» деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлемдегі «48-бабына, 63-бабының төртінші бөлігіне немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешкен кезде сот олардың тиесілілігін, меншік иесінің оның мүлкін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланғаны жөнінде хабардар болуын анықтауға және анықталған жағдайға орай ҚПК-нің 118-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға тиіс. Егер мүліктің меншік иесі басқа адамдардың оның мүлкін құқыққа қарсы пайдалану мақсаттары туралы білмесе және білуге тиіс болмаса, онда ол оған қайтарылуы тиіс.»;
15) 22-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігінде көзделген экономикалық қызмет саласында және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы, сыбайлас жемқорлық және көліктік қылмыстар жасаған адамдарға қатысты ерекшеліктерді ескеруі қажет.
Егер ҚК-нің Ерекше бөлігі тиісті бабының санкциясында белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру көзделмеген болса, онда сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оған
ҚК-нің 50-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша осындай қосымша жаза тағайындау туралы мәселені талқылауға тиіс.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды, егер ол ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген жағдайда сотталса ғана Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі қосымша жаза тағайындалуы мүмкін.»;

16) мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:


«22-1. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қаңтарға дейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.
2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет