Басқарудың тиімділігін анықтау үшін басқару жүйесінің және ұйымдық құрылымының сәйкестігін анықтау керек. Анықтау міндеттер мен мақсаттардың теңгерімділігіне, жұмыскерлер құрамының жұмыс көлемі мен қиындығына, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуіне, технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай теңгерімділігіне сүйенеді.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру бірнеше қағидаларға негізделуі тиіс:
- Басқарудың ұйымдық құрылымы ұйымның мақсатына негізделуі тиіс, сонымен қатар өндіріске және оның қажеттіліктеріне бағытталуы керек;
- Мамандығына, қызметіне, қабілеттеріне және мүмкіндіктерін ескере отырып қызметкерлердің жұмысын оңтайлы түрде бөлу;
- Ұйымдық құрылымды қалыптастыру барысында әрбір қызметкер мен басқару органының міндеттері мен өкідеттіліктерін дұрыс бөлу керек;
- Қызметтер мен міндеттердің, өкілеттіліктер мен жауапкершіліктің арасында сәйкестік орнату керек, олай жасамаса жүйе құрдымға кетеді;
Осылайша ұйымдық құрылым функционалдық міндеттердің, құқықтар мен жауаптылықтың, тәртіптің тиімді бөлінуіне негізделеді. Басқарудың ұйымдық құрылымының элементтері – қызметкерлер (басқарушылар, мамандар, қызметкерлер) және басқару органы болып табылады.
Қазіргі капитализм жағдайында көптеген кәсіпорындар шағын болып құрылып, бірте-бірте ұлғая түседі. Осылайша ұйымның өмірлік циклі бір сатыдан екіншісіне көшеді және өмірлік циклдің (ендіру, өсу, жетілдіру және құлдырау) әрбір кезеңінде оның қызметі мен құрылымы өзгеріске ұшырап отырады. Ендіру кезеңінде ұйым құрылады және өзінің бірінші қадамдарын жасайды. Негізін құрушы болып кәсіпкер немесе кәсіпкермен біріккен адамдар тобы болып табылады. Өсу шағында кәсіпорынның қызметкерлерінің саны жоғарылайды, сонымен қатар кәсіпорын белгілі бір тауарды шығаруға бағытталады. Жетілдіру кезеңі үлкен көлемді өндіріс пен білікті жұмысшылардың өсуімен ерекшеленсе, құлдырау кезеңі деорталықтандырылуды күшейтумен, кәсіби бөлімдердің көбеюімен ерекшелендіріледі.
Ұйымдық құрылымды құрудың негізгі факторлары келесідей:
Ішкі факторлар: техникалық (өндірістің көлемі және қиындығы, өндіріс пен басқарудың автоматтандырылу деңгейі)
1. Ұйымдық (өндіріс типі, өндірістік құрылым, т.б.)
2. Экономикалық (шаруашылық байланыстар, қызметті жоспарлау мен бағалау жүйесі, материалдық ынталандыру жүйесі)
3. Әлеуметтік-психологиялық (психологиялық климат, басқарушының беделі, формалды емес қарым-қатынас)
Сыртқы факторлар:
1. Аймақтық орналасу (сыртқы байланыстардың көлемі)
2. Табиғи жағдайлар.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру процесін жалпы қарастыра отырып, мынадай шешімге келуге болады:
1) Кіршіксіз ұйымдық құрылым болмайды, бірақ әрбір құрылым өз кәсіпорнында белгілі бір қағидалар бойынша тиімді бола алады. Сол үшін қандай да бір ұйымдық құрылымды таңдамас бұрын оның оң және теріс факторларын қарастырған жөн.
2) Әрбір кәсіпорынның ұйымдық құрылымы немесе оның бір бөлігі, сол ұйымның мақсат-міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.
3) Ұйымның әлеуметтік құрылымы оның мақсатына ғана емес, өзге де ұйымдық технология, өндірістік жүйеге қатысушы құрылымнан, ұйымның мүшелерінің мәдениетінен, яғни ұйымдық құрастырушылардан тұрады.
26. Ұйымның негізгі бизнес-процестерінің құрамын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |