Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


- сату көлемі туралы мәлімет



бет63/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

- сату көлемі туралы мәлімет;
- жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар;
- күтілетін тиімділік және нәтижесі;
- нәтижелерін қолдану аймағы.
Резюме бизнес-жоспардың ең басты таныстырушы бөлігі болғандықтан, оны нақты, қысқа және дәлелді етіп жасау керек. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болашақ тұтынушыларға берілетін тауарлар (қызметтер), яғни өнімнің сипаттамасын беретін бөлімнен басталады. Бұл бөлім нақты ұқыпты талқылауды қажет етеді. Кәсіпкердің тауарлар мен қызметтер жөнінде нақты мәліметтері болуы тиіс.
3. Тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы. Бұл бөлімде кәсіпкер ұсынылған жоба шеңберінде өндірілетін өнімі немесе қызметі туралы сипаттамаларды көрсетеді. Оларды бәсекелестердің өнімдерімен салыстырады және өндірісті дамыту жоспарларына талдау жасайды. Мұнда өнімге қатысты келесі мәселелер қарастырылады: өнім атауы, функционалдық тағайындалуы, оның негізгі қасиеттері, қабылданған стандарттарға сәйкестігі, тауарлары мен қызметтері қандай сұраныстарды қанағаттандырады, нарықта олардың басқалардан айырмашылығы, жетістіктері мен кемшілікгері, тұтынушының осы тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, нені ұтатындығы туралы айтуы қажет.
4. Сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау. Нарық пен маркетинг барлық кәсіпорындар үшін шешуші фактор болып табылады. Егер өндірілген өнім нарықта сұранысқа ие болмаса, оның өмір сүруіне жоғары технологияны қолдану, қосымша капитал салу т.б. көмектесе алмайды. Сондықтан кәсіпкер өз өнімін берілген нарықта сата алатынына және нарықтың белгілі бір бөлігін иелену мүмкіндігіі бар екендігіне инвесторлар мен кредиторлардың көзін жеткізу керек. Бұл бөлім нарықты зерттеуге арналған, яғни ұсынылып отырған жоба нарыққа және ондағы қалыптасқан жағдайға қалай әсер ететіндігі қарастырылады. Ең алдымен нарықтың мүмкіндіктері мен сұраныс анықталады. Сонымен бірге нарықтың негізгі сегменттері, мәні мен сипаттамалары, сатып алушылар қажеттіліктерінің өзгеру келешегі, жаңа тауарларға нарықтың әсері және т.б. жан-жақты талқыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет