Жоба тақырыбы



бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі26,99 Kb.
#131904
1   2   3
Байланысты:
Блум таксономиясы Word

Жобаның мақсаты: Блум таксаномиясын пайдалана отырып оқушылардың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Негізгі бөлім:
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылыПенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні - оқушыларды кәсіби іс- әрекетті меңгеруге бағытталады.
Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай - ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі.
Блум таксономиясы - сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі
Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру
Мақсаттар жүйесі. Оқушылардың іс-әрекеті
Білім: Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Түсінік: Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Қолдану: Алған білімді қолданады
Талдау: Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады
Жинақтау: Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Бағалау: Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Ол Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады.
Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

  1. білу; 2) түсіну; 3) қолдану; 4) талдау; 5) жинақтау; 6) бағалау.

Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
Негізінде, Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді. Осылайша, Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет