Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» және «объект» ұғымдары



бет33/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

35.Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» және «объект» ұғымдары Оқытушы мен оқушының арасындағы педагогикалық әрекеттесудің 3 үлгісін айқындауға болады
S-O қатынасы негізінде оқу тәртіптік үлгі құрылады. Негізгі қызмет атқаратын оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен бағдарламасын жүзеге асырушы ретінде педагог негізгі қызмет атқаратын тұлға болып есептеледі. Оқушы –әсер ету нысаны. Бала , оқушы студент берілген нақты нормативтер арасында берілген мағлұматты өз еркінен тыс қабылдауға тиісті. Тұлғаның орындаушылық тәртіптілік тілалғыштық қасиеттері бағаланады. Негізгі күш оқытуға емес педагогтың қолданатын әдістемесіне түседі.
S-S қатынасы педагогикалық үдерістің тең дәрежелі субъектілері тәрбиеші мен тәрбиеленуші болып табылатындықтан, өзіндік «Мен» ұғымын дамытуға және жүзеге асыруға күш салады. Жеке тоұлғаның қасиеттерін жоғарылатуға аса көп мән беріледі. Басшылық жасау стилі- демократиялық
O-S қатынасы негізінде құрылған үлгі- мұнда тәрбиешіге енжар рөл, ал субъект ретіндегі тәрбиеленушіге еркін тәрбиелену рөлі берілген. Міндет жүктеу негізінде қарама-қайшылықты жою жүзеге асырылады. Басшылық жасау стилі ымырашыл болса, ал басты қатынас түрі жағымды тамсанушылық болып табылады.
«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Объект - Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бойынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың жиынтығы. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы, ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің, шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік туғызады.
38 Оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын білім беру нәтижелері Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша қарастырылуда, олар: ӛз бетімен білу алуға, әлеуметтік ортада ӛмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені шешуге қабілеттілігі, ақпараттық, қарым–қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілігі, жауапкершілігі мен белсенділігі, т.б. Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын әрекет деп айтуға әбден болады. Жобалау әрекетінің жасӛспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді. Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.
Сұрақ Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері.
XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет