Жоғарғы геометрия В05449 курс



Дата17.01.2023
өлшемі49,5 Kb.
#165704
Байланысты:
CTWWMJHFUHDL16012023140032


Жоғарғы геометрия 6В05449 3 курс



1

Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 8-ге, ал бүйір қабырғасы 12-ге тең.Үшбұрыштың табанындағы бұрыштардың биссектрисалармен бүйір қабырғалардың қиылысу нүктелерін қосатын кесіндінің ұзындығын табыңыз.

2

Қабырғалары а және 3а болатын дұрыс екі үшбұрыштың табандары бір ғана түзудің бойында жатыр. Үшбұрыштар түзудің екі жағына орналасқан, сондықтан ортақ нүктелері жоқ, ал олардың табандарының ең жақын ұштарының ара қашықтығы 2а-ға тең.Үшбұрыштардың төбелерінің ара қашықтығын табыңыз.

3

АВС үшбұрышының СВ, СА және АВ қабырғалары сәйкесінше 4см, 3см, 2см. Биссектрисалардың қиылысу нүктесі В бұрышының биссектрисасын қандай қатынаста бөледі?

4

KMN үшбұрышына K бұрышы ортақ, ал E төбесі MN қабырғасында жататын іштей ромб сызылған. Егер KM=m, KN=n болса, онда ромб қабырғаларын табыңыз.

5

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасына жүргізілген медианасы мен табан қабырғасының арасындағы бұрыштың синусы 3/5 – ке тең. Үшбұрыштың төбесіндегі бұрыштың синусын табыңыз.

6

АВС үшбұрышының А бұрышының биссектрисасы ВС қабырғасын 28см және 12см болып келетін екі кесіндіге бөледі. Егер АВ – АС=18см болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңыз.

7

Тең бүйірлі үшбұрыштың ауданы 25см², ал табанындағы α бұрышының tgα=4 тең. Үшбұрыштың табанының ұзындығын табыңыз.

8

Үшбұрыштың табаны 20см, бүйір қабырғаларына жүргізілген медианалар 18см және 24см. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.

9

АВС үшбұрышының қабырғалары АВ=9, ВС=17, АС=10. Осы үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесінен АС қабырғасына дейінгі қашықтықты табыңыз.

10

Қабырғалары а=8, в=15, с=17 болатын үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы неге тең?

11

Тік бұрышты үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер гипотенузаны ұзындықтары 5см және 12см болатын екі кесіндіге бөледі. Үшбұрыштың катеттерін табыңыз.

12

Үшбұрыштың биіктігі, табаны және бүйір қабырғаларының қосындысы сәйкесінше 24 см, 28 см және 56 см-ге тең. Оның бүйір қабырғаларын табыңыздар.

13

Үшбұрышқа іштей сызылған параллелограмның қабырғалары 3 см және 5 см-ге тең, ал диогоналы 6 см-ге тең. Параллелограмның диогональдары үшбұрыштың бүйір қабырғаларына сәйкесінше параллель екендігі, ал оның кіші қабырғасы үшбұрыш табанында жатқандығы белгілі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыздар.

14

Тік бұрышты үшбұрышқа іштей шеңбер сызылған. Жанасу нүктесі гипотенузасына 2:3 қатынасында бөледі. Іштей сызылған шеңбердің центрі тік бұрыштың төбесінен см қашықтықта жатыр деп алып, үшбұрыштың барлық қабырғаларын табыңыз.

15

Үшбұрышқа іштей сызылған параллелограмның қабырғалары 6 см және 10 см-ге тең, ал диогоналы 12 см-ге тең. Параллелограмның диогональдары үшбұрыштың бүйір қабырғаларына сәйкесінше параллель екендігі, ал оның кіші қабырғасы үшбұрыш табанында жатқандығы белгілі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыздар.

16

Тік бұрышты үшбұрыштың периметрі 60 см-ге тең. Гипотенузаға жүргізілген биіктік 12 см-ге тең деп алып, оның қабырғаларын табыңыздар.

17

Тең бүйірлі үшбұрыштың ортоцентрі оның биіктігін қақ бөледі. Үшбұрыштың табанындағы бұрыштың тангенсін табыңыз.

18

қа тең АСВ бұрышының қабырғалары центрі және нүктелері болып келетін және өзара сырттай жанасатын шеңберлерді жанайды. ( кіші шеңбердің центрі). С =12см. Центрі болып келетін шеңбердің радиусын табыңыз.

19

АВС үшбұрышының қабырғалары АС=3см, ВС=4см. АД және ВЕ медианалары өзара перпендикуляр. Үшбұрыштың үшінші қабырғасы АВ табыңыз

20

АВС үшбұрышының СВ, СА және АВ қабырғалары сәйкесінше 4см, 3см, 2см. Биссектрисалардың қиылысу нүктесі В бұрышының биссектрисасын қандай қатынаста бөледі?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет