Пәннің міндеттері
Пәннің міндеттері мынадай: студенттер қазіргі заманғы жоғарғы
молекулалы қосылыстар химиясының ғылымы жетістіктерін меңгеріп және
оны дамыта алуы, алған білімін өзінің кәсіптік іскерлігіне қолдануы болып
табылады.
Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:
жалпы жоғарғы молекулалы қосылыстар химиясы туралы ұғымдары;
- жоғарғы молекулалы қосылыстар туралы түсінікке ие болуға;
А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясының негізіне сүйене отырып,
жоғарғы молекулалы қосылыстар химиясының жіктелінуі, жоғарғы
молекулалы қосылыстардың қасиеттерін,құрамын, құрылысын олардың
лабораторияда және өнеркәсіптегі алыну әдістерімен танысып, алынған
жоғарғы молекулалы қосылыстардың синтезін және олардың пайдалану
облыстарын білуге;
Жоғарғы молекулалы қосылыстарды танып білу, жоғарғы молекулалы
қосылыстардың жіктелуі, өнеркәсіптік алыну жолдарын,негізгі және
анықтамалық әдебиеттерді қолдана білу, техниканы меңгеру сонымен қатар
тәжірибелер жүргізуден алынған фактылардың есебін істей білуге;
Оқулықтар мен негізгі әдебиеттермен өздік жұмысы, химиялық тәжірибелер
орындау, одан алынған мәліметтердің қорытындысын бақылап есептеп
біріктіруде практикалық дағдыларды меңгеруге.
Достарыңызбен бөлісу: |