Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕРДІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ



бет133/157
Дата07.02.2022
өлшемі318,23 Kb.
#82083
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   157
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕРДІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ


Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. Материалдық («технологиялық») мәдениеттің негізгі жетістіктері. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері.
Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм) концепциялары. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті).
Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. Сақ, скифтердің ұлы көшпелілік өркениеттері. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері. Сақ, массагет, скиф, сарматтар өнері: қару-жарақтық, сәндік-қолданбалы, мүсін, сәулет өнері. Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. «Шу-батыр» поэмасы. Жазуы. Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт. Табиғат ескерткіштері мен сақ, массагет, скиф, сармат, ғұндардың материалдық мәдениет ескерткіштері. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері. Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис). Сақ өркениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеті. Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары. Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың қасиетті (сакральды) мәдениеті.
Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері. Қазақстандағы көшпелілік мәдениет дамуының ғұндық кезеңі. Ғұн жазуы (әліпби, ғұндардың руна жазуы). Ғұн батырлары Еділ (Атилла). Аттила туралы поэма («Атилланың Галлияға бірінші жорығы»). «Эдда» скандинав эпосындағы Аттила бейнесі («Атли туралы сөз»). «Нибелунгтар туралы сөз». Испан трагедиясындағы XVI ғасырдағы драматург Кристобала Вируестің Еділ батыр (Атилла) бейнесі – «Қаһарлы Аттила», Ц. Вернердің романтикалық драмасы «Аттила, ғұндар патшасы». Фольфганг Франк операсы «Аттила, ғұндар патшасы». Джузеппе Верди операсы «Аттила». Ағылшын ақыны Герберттің «Аттила» поэмасы. Француз ғалымы А. Тиерридің «Аттила тарихы» еңбегі. А. Соловьевтың «Аттила қазынасы» жұмысы. М. Султанбековтың «Аттила» пьесасы. С. Өтенияздың «Аттила» ғылыми зерттеуі.
Ғұндардың өнері. Ғұндардың аңдық стилі.
Көшпелі мәдениет дамуындағы прототүркі кезеңі. Энкида – прототүркілердің даңқты кейіпкері («Гильгамеш» поэмасы). Прототүркілердің өмірі мен тұрмысы туралы Аристей Проконнестің «Аримаспея» поэмасы. Б.д.д. І ғасырдағы прототүркілердің өмірі туралы Хань-Шижунь үйінен шыққан қытай ханшайымының «Аққудың әні».
Үйсін мен қаңлылар мәдениеті. Үйсін мен қаңлылардың құпиялары (мистерии), би өнері, музыкасы.
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. Ата-баба культы. Тәңіршілдік. Тәңіршілдіктің құдайлар пантеоны. Ежелгі түркілердің салт-дәстүрлері мен рәсімдері. Аруақ культы. Ежелгі түркілердің руна жазуы. Ежелгі түркілердің қасиетті жазбасы «Алтун битиг» (Алтын кітап).
Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. Түркі жазуы. Түркілердің көлденең жазуы. Түркі жазуының түрлері: соғдылық, брахми, манихейлік, ұйғыр. Түркі қағанатының мемлекеттік жазуы.
Руна жазуы. Руналық мәтіндер. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштері. Түркілердің мәдени ескерткіштері: Орхон-енисей, Ленско-Прибалтийлік, Алтай, Ертіс жағалауындағы, Шығыс-түркістандық, Орта Азиялық (жетісулық руналар, ферғандық руналар, сырдариялық руналар) және Шығыс еуропалық ескерткіштер. Орхон-Енисей эпиграфиялық шығармасы. «Күлтегін ескерткіші», «Тоныкөкке құрмет белгісі», «Білге Қағанға құрмет белгісі». Оғыз тайпаларының ескерткіштері: «Қорқыт Ата кітабы», «Оғыз-наме». Ежелгі түркі ақындары Йоллығ-тегін, Тоныкөк.
Қағаз жасау технологиясы. Түркілердің ктіап баспасы. Түркі кітаптарының типтері мен формалары.
VI-дан VIII-ші ғасырға дейінгі түркілердің наным-сенімдері: буддизм, манихейлік, христиандық (несториандық). Түркілердің аударма қызметі. «Майтрисимат» «Даналықты жетілдіру» («Праджняпарамита»), «Патшаларға нұсқаулық» («Раджвавадака»), «Абхидхармакоша» Васубандху поэмасының қолжазбасы («Білім қазынасы» Х ғ.), «Трипитака» буддизмнің негізні каноны буддалық мәтіндерді түркі тіліне аудару. Бешбалык қаласынан шыққан Шынгко Шелитутунг – буддалық сутралар «Суварнапрабхасаның» түркілік аудармашысы (Алтын жылтыр). Чисуй тудун, Пратья-шири, Кики түркі ақындары. Манихейлік әдебиет. Христиандық діни әдебиет.
Кошо-Цайдам ескерткіштері. Далалық өркениет. Далалық өркениеттің негізні құндылықтары.
Ежелгі түркілік өркениеттер мен жетістіктер. Кеңістік және уақыт түсінігі. Техника және көшпелілердің ежелгі технологиялары. Түркі аймағының мәдени-тарихи байлығы – мәдени мұра ретінде. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Мәдени ескерткіштерді, Қазақстанның ежелгі көшпелілерінің мәдени ареалы мен қалаларын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған мәдени саясаттың негізгі бағыттары. «Қазақстанның сакральды географиясы» бағдарламасы, Бекет-Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің құраушысы ретінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет