Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы


Әлеуметтік жаңғыру – қоғам амандығының негізі



бет12/157
Дата07.02.2022
өлшемі318,23 Kb.
#82083
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Әлеуметтік жаңғыру – қоғам амандығының негізі
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту.
Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі. 
Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.
2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі. 
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаев-университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.  
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына және ҒТҮ (ғылыми –техникалық үдеріс) -ті басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.
Жаппай Еңбек ету Қоғамы. ҚР әлеуметтік модернизациясы саясатының негізі – нағыз өндіргіш еңбек пен бәсеге қабілеттілік және мықты жаппай еңбек етуші қоғам болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет