Күтілетін оқу нәтижелері.
Пәнді оқу нәтижесінде студент қабілетті болады:
- табиғат, адам, қоғам мәнмәтінінде (контекст) мәдениет морфологиясы мен анатомиясын өлшемдер мен формалар жүйесі ретінде сипаттауға;
- белгі, мағына, архетип, рәміздердің шығу тегі мен мәнін болмыс тәсілімен айқындалған материалдық мәдениеттің типімен сәйкестендіру арқылы мәдени код жүйесі ретінде түсіндіруге;
- Қазақстанды мекендеушілердің мәдени мұрасы туралы ақпаратты реттеуге және олардың қазақ халқының мәдениетіне әсер ету арналарын анықтауға;
- түркілердің мәдени капиталын жіктеуге, Батыс Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен мәдени өзара әрекет формалары мен арналарын реттеуге, олардың адамзат пен қазақ халқының интеллектуалды және мәдени тарихына қосқан үлесін айқындауға;
- мәдени мұра мен қазақ тілінің сақталу факторы ретінде оның дамуы мен жаңғыруының қазіргі заманғы мемлекеттік бағдарламаларын енгізе отырып, қазақ мәдениетінің әр түрлі кезеңдері туралы дәлелді ақпаратты ұсынуға;
- қазақ мәдениетінің, қазақ тілі мен оның мәдени-ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлінің мәртебесін сақтау тұрғысынан ұлттық мәдени мұраға шынайы баға беруге;
- заманауи қазақ мәдениетінің қазіргі күйін бағалауға, оның даму болашағы мен жаңғыру бағыттарын айшықтау және негіздеуге; мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып кәсіби қызмет бағдарламаларын жасақтауға;
- Қазақстанның мәдени саясатын шынайы бағалауға және соның негізінде мәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып, этникааралық және мәдениетаралық коммуникацияны құруға, мәдениет мәселелері бойынша пікірталасқа түсуге, дәлелді түрде өз ойын қорғауға.
Достарыңызбен бөлісу: |