Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстанның



Pdf көрінісі
бет2/49
Дата01.12.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.

 
Жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстанның 
қазіргі заман тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
 1-
тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстанның 
қазіргі заман тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) "Білім 
туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесінде Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына 
сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды. 


2. Осы бағдарлама Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерделеу негізінде алынған білім арқылы, 
студенттің тарихи санасын қалыптастыруға арналған. 
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, мемлекеттің 
біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық 
белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстан қоғамының 
алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани негіз қажет. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы 
тарихи және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін 
айшықтап береді. 
3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарлама бойынша 
оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (5 академиялық кредит) құрайды. 
 2-
тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
4. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы 
шынайы, толық білім беру; мемелекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі 
мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару. 
1) ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды қалыптастыратын Қазақстанның қазіргі заман 
тарихы білімін жүйелеу; 
2) Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер 
түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен 
заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді 
тұжырымдамасын жасау; 
3) полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және 
рухани негіздерін қалыптастыру; 
4) жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге 
қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру; 
5) Дүниежүзілік тарих ауқымындағы бүгінгі Қазақстан қазіргі заман тарихының қайталанбас 
ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу. 
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 
1) тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін 
көрсетеді; 
2) өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра 
көрсетіп, сыни қарайды; 
3) Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен 
талдау тәсілдерін меңгереді; 
4) тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу 
жолын түсіндіреді; 
5) қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу; 
6) тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен ортақтық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының 
терең тамырларын салыстырады; 
7) ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының 
маңыздылығын анықтайды; 
8) қоғамның демократиялық құндылықтарды толеранттық өзаракелісушілікті азаматтық ұстаным 
тұрғысында қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет