Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін



бет27/98
Дата12.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#131607
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98
2. Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады:
1.Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).
2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).
3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4. Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).
Әлеуметтенудің бірінші реттігі және екінші реттігін ерекшелейді:
Г.М.Андреева әлеуметтену үрдісін негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған: еңбекке дейінгі, еңбек ету және еңбектен кейінгі кезең.
Автордың ойынша, осы үш кезеңнің ішіндегі ең маңыздысы отбасындағы әлеуметтену болып табылады. Бұл кезең туғаннан 18 жас аралығын қамтиды. Аталған кезеңді автор екі маңызды кезеңге бөліп қарастырған:
1) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды;
2) оқу кезеңі, кең мағынада адамның бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған тұтастай мектеп кезеңі және жоғары оқу орнында оқу жылдары кіреді.
3. «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді», – деп гендер ұғымын әлеуметтік тұрғыдан қарастырады.
Гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.
Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте «гендер» ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет