Сот төрелігі және соттық билік. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қоғауды, республиканың конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, республиканың жергілікті және басқа да соттары республиканың соттары болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша Жоғарғы Сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары;
аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық).
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржы экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың ісетрі жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған сотты Қазақстан Республикасының Президенті облыстық немесе ауданды сот мәртебесімен құрады.
Сот билігін тұрақты соттар жасайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика президентінің ұсынуымен сенат сайлайды. Жергілікті және басқа да соттардың төрғалары мен судьяларын Жоғары Сот кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада болуға, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болуға тиіс. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Сот лауазымына алғаш отырған адам міндетті түрде ант қабылдайды. Сот төрелігін атқарып отырған адам Қазақстан Республикасының Заңдарын және Конституцияны, сот этикасының ережелерін, сот отырысының құпиялығын сақтауға тиіс, сонымен қатар заңсыз кедергіге қарсы тұруы керек. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қосапағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сот және оның жанұясының мүшелері мемлекет қорғауында болады.
Соттың шешімі мен талаптары барлық тұлғаларға қатысты. Сот шешімін орындамаған адам заң алдында жауап береді. Сот төрелігінің басты қағидалары 77-бапта көрсетілген. Ерекше орында кінәсіздік презумпциясы. Ол қағиданың басты мазмұны адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.