Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет160/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

 
7.12 -сурет. (Жалғасы) 
Аспалы тіректерді кермеге ауыстыру (III). (i) қоспаларды орнату; (j) 
маневрлік сымның байпасын шешіп алу; (k) шешкен соң оқшаулайтын жабындарды орнату; (l) 
аспалы тіректердің траверстерін алу; (m) бөлшектегеннен кейінгі керме тірек. 
5)
Оқшаулау үшін орнатылған траверстер мен оқшаулағыштарды жабу. 7.12(d)-суретте 
көрсетілгендей траверстер мен оқшаулағыштарды оқшаулайтын жабындармен жабу. 
6)
Перифериялы желілік сымдарды шешіп алу керек. 
i)
Керме тірек траверстеріне перифериялы желілік сымдарды түсіру керек. Оқшауланған 
себеттегі төрт электрмонтер бірлескен күшімен перифериялы желілік сымдардың байланған 
сымын босатады және 7.12(e)-суретте көрсетілгендей орнатылған оқшауланған керме 
траверстің бүйірлеріне сымдарды берік орнатады. Ауытқулардың болуынан сымдар мен жерге 
тұйықтау арасында қысқа тұйықталуды болдырмау үшін сымдарды абайлап жылжыту қажет. 
ii)
Керме құрылғыларын орнату және аспалы оқшаулағыштарын бекіту. Оқшауланған себеттегі 
төрт электрмонтер алынуға жататын сымдардың екі ұштарына сақтандыру арқандарын 
орнатады. Сақтандыру арқандары жұмыстарды жүргізуге кедергі келтірмейтіндей орнатылуы, 
орнатылған соң тартылуы және салынатын жүктемені ұстауға қабілетті болуы қажет. 
Сақтандыру арқандарын орнату алдында жұмысшылар және олардың басшысы бірлесіп екі 
ұшындағы сымдар талаптарға сәйкес екеніне көз жеткізуі тиіс. Керме құрылғыларын орнату 
және перифериялы желілік сымдарды созу керек. Тізбектердің қысқыштарын орнату және 
оларды 7.12(f) -суретте көрсетілгендей аспалы оқшаулағыштарда бекіту қажет. Керме 
оқшауланған құралдарды, сымдарды тарту және салбырауын бақылау үшін пайдалану үшін 
қажет. 
iii)
7.12(g) -суретте көрсетілгендей маневрлік сым байпасын орнату. Сымдардың жалпы тоғын 
өлшеу керек. Оқшауланған себеттегі төрт электрмонтер маневрлік сымның байпасын алынуы 
тиіс екі сымда тиісті орнына орнатады. Алдын ала маневрлік сым байпасының қосылған 
жерлерінде сымдардың тотыққан қабаттарын алып тастауы қажет. Маневрлік сымдар 
байпасының ток өткізу қабілеттігі сымдардың жалпы тоғынан асуы қажет. Маневрлік сымның 
байпасы жұмысқа кедергі жасамайтындай орнатылуы, ал орнатудың үстінгі мен астынғы 
орындары арасындағы саңылау аса үлкен болмауы тиіс. Маневрлік сымның байпасын орнату 
алдында жұмысшылар мен басшысы бірлесіп маневрлік сым байпастарының екі ұшында 
фазалар қысқа фазааралық тұйықталуды болдырмау үшін талаптарға сәйкес келетініне көз 


190 
жеткізу қажет. 
iv)
7.12(h) -суретте көрсетілгендей, керме құрылғымен перифериялы желілік сымдарды және 
сақтандыру арқандарын тару керек. 
v)
Сымдарды ажырату керек және оларды 7.12(h) -суретте көрсетілгендей клемма ретінде 
орнату керек. Оқшауланған себеттегі электрмонтерлар қосылыс берік және үрдіс сәтті өткеніне 
көз жеткізген соң, маневрлік сым байпастарын параллель қосу жағдайларын анықтайды. 
Оқшауланған себеттегі төрт электрмонтер бірлесіп перифериялы желілік сымдарды ағыту, бұру 
және қалған перифериялы желілік сымдарды байлап клемма ретінде қолдану үшін оқшауланған 
кабель айырғышын пайдаланады. Сымдарды ағытқан кезде ағыту жерінде екі ағытылған ұштың 
ауытқуына жол бермеу үшін оқшауланған сымды бекітуге арналған ілгекпен бекіту керек. 
vi)
7.12(i) -суретте көрсетілгендей қоспаларды орнату. Ағытылған сымдардың қоспаларын қосу 
және қоспа арқылы өтетін токты өлшеп алу керек. Ток ағымы қабылданарлық екеніне көз 
жеткізу керек. 
vii)
Маневрлік сымның байпасын шешіп алу және 7.12(j) -суретте көрсетілгендей сымдағы 
оқшаулау мен қорғайтын жабындарын қалпына келтіру. 
viii) Қалған перифериялы желілік сымдарды ағыту үшін i бастап vii дейінгі жоғарыда көрсетілген 
қадамдарды орындау керек. 
7)
Орташа желілік сымдарды ағыту керек. Ол үшін перифериялы желілік сымдардың 
түйістіргіштерін ажырату бойынша жоғарыда сипатталған әрекеттерді орындау керек. 
8)
Сымдарды ағытқаннан кейін оқшаулайтын жабындарды орналастыру қажет. Ағытқаннан кейін 
кернеу астындағы сымдарды және орнатылған траверстерді 7.12(k)-суретте көрсетілгендей, 
оқшаулайтын жабындармен дереу жабу керек. Оқшаулайтын жабындар «жақыннан алысқа дейін» 
және «төменнен жоғарыға дейін» қағидасына сәйкес орнатылуы тиіс.
9)
Ескі траверстер мен оқшаулағыштарды шешу керек. Оқшауланған себеттегі төрт электрмонтер 
бірлескен күшпен 7.12(l) -суретте көрсетілгендей, ескі траверстер мен оқшаулағыштарды шешіп 
алады. Алдымен оқшаулағыштарды, кейін траверстерді шешу керек. Траверстер бөлшектенуі және 
қатты соғу мен селкілдеуге жол бермей, сақтылықпен орнатылуы тиіс. 
10)
Оқшаулайтын жабындарды шешу және жерге түсу керек. Жұмыстан кейін тіректе және 
сымдарда ешқандай заттар қалмағанына көз жеткізу керек. Кейін оқшаулайтын жабындарды алып, 
жерге түсу керек. Бөлшектенген керме тірек 7.12(м) -суретте көрсетілген. 
5)
Сақтық шаралары 
1)
Маневрлік сым байпасының ток өткізу қабілеттігі жабдықты пайдалану талаптарына сәйкес 
келуі тиіс. Маневрлік сым байпасын орнату алдында жұмысшылар мен басшысы бірлесіп 
маневрлік сым байпасының екі ұшындағы сымдар фазааралық қысқа тұйықталуды болдырмау 
үшін талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізуі керек. Сымдардың ұштарын ағытпас бұрын, 
маневрлік сым байпасының ток ағымы қабылдауға жарамды және қосылысы берік екенін тексеру 
мен растау үшін қысқышты амперметрді пайдалану керек. 
2)
Бір уақытта екі және одан артық желіде сымдарды ағытуға тыйым салынады. 
3)
Сымдарды ағытқаннан кейін екі ағытылған ұшы жақсылап байлануы, оқшаулануы, мықтап 
бекітілуі және жеткілікті қауіпсіз қашықтықта ұсталуы тиіс. 
4)
Сымдағы кернеу керме оқшаулағышының тізбектеріне толық берілмейінше және резервтік 
сақтандыру арқаны өзіне тиісті жүктемелерді қабылдамайынша сымдар ағытыла алмайды. 
5) Сымдар мықты оқшаулағыштардың тізбектерімен берік бекітілуі тиіс. 
6) Маневрлік сымның байпасын шешіп алу мен қосу, сондай-ақ траверстерді бөлшектеу мен орнату 
абайлап орындалуы тиіс. Маневрлік сым мен траверстер мықты бекітілуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет