Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет60/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

4.1--сурет.
Үлгілік оқшаулаушы қол қарнақтар (штанга) (а) Оқшаулаушы қарнақ (штанга); (b) 
сымға арналған оқшаулаушы ілгек; (с) оқшауланған сомын кілті; (d) оқшаулаушы виндер; (е) 
оқшауланған қысқыш; (f) сымға арналған оқшауланған кескі; (g) оқшауланған гидравликалық кескі. 
5) 
Оқшауланған қысқыш желілік сымдардың немесе басқа жеңіл салмақты құрылғыларды 
уақытша қолмен қысу үшін пайдаланылады. 4.1(е)-суретті қарау. 
6) Сымға арналған оқшауланған кескі бір тарамды кабельді немесе кішкене қималы кабельді иә 
болмаса қосымша оралған сымдарды кесу үшін пайдаланылады. 4.1(f) - суретті қарау. 
7) Оқшауланған гидравликалық кескі түйіспесіз жұмыстар жасаған кезде сымдарды кесу үшін 
пайдаланылады. 4.1 (g) - суретті қарау. 
Оқшаулаушы қол қарнақтар (штанга) кернеулі желілерде жұмыс жасаған кезде кеңінен 
қолданылады. Бекіткіш оқшаулағыш қосылыстарды тығыз әрі қатты етіп жасау қол қарнақты 
(штанга) жалғауға қойылатын жалпы талап болып табылады. Қарнақтардың (штанга) қуыс 
түтікшелерден дайындалған ішкі және сыртқы беттері мен ұштары су өтпейтін болуы тиіс. 
Ұштықтың қалпақшаларын ішкі бетті ылғал мен лас заттардың кіруінен қорғау мақсатында бос 
түтікшелерді екі жағынан бітеу үшін қолдану қажет. Қол қарнақтың (штанга) бекіткіш қосылысы 
беріктігі жоғары материалдардан жасалған болуы тиіс, металл қосылыстың ұзындығы 100 мм-ден 
аспауы керек және жиектері дөңгелек формалы болуы тиіс. Қол қарнақтың (штанга) ұзындығы 
минималды тиімді оқшаулайтын ұзындығына, түпкі металл қосылысының ұзындығына және қарнақ 
(штанга) тұтқасының ұзындығына байланысты болады. Әрбір бөліктің ұзындығы қолданылатын 
шарттарға сәйкес келуі тиіс [4]. Оқшаулағыш қол қарнақтың (штанга) 10 кВ-дағы минималды тиімді 
оқшаулайтын ұзындығы 0,7 м және 20 кВ-дағы минималды тиімді оқшаулайтын ұзындығы 0,9 м 
құрауы тиіс. 
2) Тіреу және керу (аспалы) қарнақтары (штанга) 
Тіреу қарнағы – бұл желілік сымның жүктелген бөлігіне қауіпсіз әрі сенімді қолдау көрсетуді 
ұйымдастыру үшін желілік сымға және жерге тұйықталған сымға (немесе жиекке, тірекке) екі 
жағынан бекітілген оқшаулағыш құралы болып табылады. Керу (аспалы) қарнақтары (штанга) ілініп 
тұрған құралмен жалғанатын және сымның жүктелген бөліктерін қауіпсіз әрі сенімді түрде 
қолдайтын оқшаулағыш құрал болып табылады. [5] Оқшаулайтын тіреу қарнақтары (штанга) мен 
оқшаулағыш траверсалардың үлгілік түрлері 4.2-суретте көрсетілген. 
1) Оқшаулайтын тіреу қарнағы жұмыс жасап жатқан кезде сымдар арасындағы қашықтықты 


68 
арттыру үшін сымдарды дұрыс ұстауда пайдаланылады. Ұзындығын 4.2 а)-суретте көрсетілгендей, 
қажеттігіне қарай реттеп алуға болады.
2) Оқшаулайтын траверса (сондай-ақ кабельге арналған кронштейн деп те аталады). Траверса
электр тірекке бекітіледі, ол алаңға төсеудің нақты сұлбасы бойынша үш фазалы сымдардың 
орналасуын реттейді. 4.2 (b)-суретте көрсетілгендей, ол сымдарды аспалы тіректерге көтеру үшін 
қолданылады. Пайдалану кезінде шамадан артық созылуға жол бермеу үшін сымдардың салбырау 
күшін бақылау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет