Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету


Шамадан тыс кернеулі жердегі жұмыстар



Pdf көрінісі
бет46/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

3.2 Шамадан тыс кернеулі жердегі жұмыстар 
Кернеулі жерлердегі желілерде жұмыс істей отырып, қалыпты жұмыс кернеуінен басқа техник 
ішкі шамадан тыс кернеуге және атмосфералық шамадан тыс кернеуге ұшырауы мүмкін. Ішкі 
шамадан тыс кернеуге коммутациялық шамадан тыс кернеу және қысқа мерзімді шамадан тыс кернеу 
жатады. Коммутациялық шамадан тыс кернеуге жерге доғалы тұйықталудың мерзімдік шамадан тыс 
кернеуі, индукциялық жүктеме кезіндегі шекті шамадан тыс кернеу және жүктемесіз тізбектің 
тұйықталуы кезіндегі шамадан тыс кернеу жатады (соның ішінде қайта қосу). 
Қысқа мерзімді шамадан тыс кернеуге қоректендіру желісі кернеуінің артуы және резонансты 
шектен тыс кернеу жатады. Көп жағдайда шамадан тыс кернеудің ішкі ауытқу шегі мен жүйенің 
жұмыс фазалық кернеуінің ең үлкен ауытқу шегі арасындағы қатынас шамадан тыс кернеудің ішкі 
коэффициенті деп аталады. K
0
шамадан тыс кернеу коэффициенті торлы құрылым, жүйедегі 
құрамдастардың параметрлері, бейтарап нүктелердің жұмыс режимі, қысқа тұйықталу мен іркілістер 
сипаты және жұмыс үдерісі тәрізді факторлармен статистикалық байланысты.
Электрлік қауіпсіздік жөніндегі жұмыс рәсімі мынаны тікелей қарастырады: «күн күркіреу 
және жай түсу (мысалы, күн күркіреуі естілген немесе найзағай жарқылы көрінген жағдайда), қар, 
бұршақ, жауын немесе тұман жағдайында кернеулі жерде жұмыс істеуге тыйым салынады». 
Найзағайлы разряд аймағындағы кернеулі желіде жұмыс істеуге тыйым салынғанмен, найзағалы 
разряд аймағынан тыс орындалатын кернеулі жердегі жұмыс үшін атмосфералық шамадан тыс 
кернеу қауіп төндіруші болып қала береді, себебі атмосфералық шамадан тыс кернеу желі бойымен 
алысқа тарала береді. Сондай-ақ, таралу кезінде атмосфералық шамадан тыс кернеудің ауытқу шегі 
үнемі сөніп отыратындықтан, таратудың тиісті қашықтығын таңдап, атмосфералық шамадан тыс 
кернеу қауіп төндірмейтін қалдық шаманы есептеу қажет, осылайша атмосфералық шамадан тыс 
кернеудің қауіптілік дәрежесі сөндіріледі.
Сөндіру қашықтығы 20 км тең деп есептеледі (адамдар найзағай жарқылы құбылысын 20 км 
аспайтын радиус қашықтығында бақылай алады). Осылайша, жоғарыда келтірілген техникалық 
қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау үшін, кернеулі желіде жұмыс жүргізу кезінде негізінен ішкі 
шамадан тыс кернеу және жұмыс кернеуі есепке алынады. Ішкі шамадан тыс кернеуге 
коммутациялық шамадан тыс кернеу және қысқа мерзімді шамадан тыс кернеу жатады. [3] 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет