Кәсіби педагогикалық мәдениет – маманның кәсіби-педагогикалық мәдениеті – бұл арнайы кәсіби міндеттерді шешу амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Кәсіби-педагогикалық мәдениет интериозацияланған жалпы мәдениетті білдіреді және жалпы мәдениетті педагогикалық іс-әрекет саласына арнайы жобалау қызметін атқарады.
Оқытушы педагогикалық мәдениетпен үш аспектіде өзара байланысөа түседі:
кәсіпті игеру барысында педагогикалық мәдениетті зерттеу тұрғысынан;
тәжірибелік іс-әрекеттің мәдени-педагогикалық саласына ену арқылы;
педагог педагогикалық құндылықтарды алып жүруші және тасымалдаушы;
педагог шығармашылық іс-әрекетте өзін жүзеге асырады және педагогикалық мәдениетті туғызады.
Педагогикалық мәдениеттің жалпы теориялық негізіне және де оның жеке бағыттарына: методологиялық бағыт, гиманитарлық бағыт, этнопедагогикалық бағыт, тарихи-педагогикалық, танымдық-эстетикалық бағыт, коммуникативтік бағыт, технологиялық бағыт, рухани бағыттарды жатқызуға болады.
1980 жылдары алғаш рет жоғары оқу орны мұғалімінің педагогикалық мәдениеті мәселесін көтерген ғалым А.В.Барабанщиков болды. Педагогикалық мәдениет ұғымын ол ұстаздың жеке тұлғасын дамыту деңгейі, адамгершіліктің педагогикалық тәжірибесіне ие болудың белгілі бір деңгейі ретінде түсіндіреді.
Педагогикалық мәдениет кәсіби-педагог тұлғасының интегративті қасиеті, әсерлі педагогтың іс-әрекеттің бастамасы мен алғышарты, мұғалімнің кәсіби іскерлігінің жалпы көрсеткіші мен өзін-өзі дамытудың кәсіби мақсатқа негізделуі.
Қазіргі кезеңде педагогикалық мәдениет үш бағытта зерттелу үстінде: аксиологиялық, іс-әрекеттік және тұлғалық-шығармашылық.
Достарыңызбен бөлісу: |