Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар



Дата24.02.2020
өлшемі24,64 Kb.
#58965
Байланысты:
7 срс

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

а) СКП-дің жүргізетін жұмысы және олардың маңызы

б) "Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"

в)Теміржолда және автомагистральдарда СКП-дің жұмысы

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

«Астана Медицина Университеті»КеАҚ

Жұқпалы аурулар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Теміржолда және автомагистральдарда СКП-дің жұмысы

Орындаған: Сматулла А.Н.

Топ: 209 ЖМ

Тексерген:Байбосынов Д.М.

Нұр-Сұлтан-2019ж

Негізгі бөлім



"Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары

1. Жалпы ережелер

1. "Жолаушы поезының вагон-ресторанына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ережелер) құрылысы жүріп, қайта жаңартылып жатқан және жұмыс істеп тұрған вагон-ресторандарға таралады.

2. Осы санитарлық ережелер меншік нысанынан тәуелсіз тағамдық өнімдерді тасымалдаумен, өндірумен және оларды дайындап темір жол поездарындағы вагон-ресторанына, буфет-барларына тамақпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғаларға арналған

3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) вагон-ресторан - жолаушылар поезды жол жүргенде тағамдық өнімдерді дайындап жасайтын және оны сатумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру пункті;

2) буфет-бар - жолаушылар таситын поезд вагонының ішінде тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған сусын, шырын, су және зауыт қаптамасындағы тез бұзылмайтын өнімдерді сататын бөлік;

3) жол аралығы - теміржол араларындағы учаске;

4) рейстік нормалар - жолаушылар поезының бір сапарына берілетін тағамдық азық-түліктің нормасы, бөлшектеуге арналған құралдар, ыдыстар;

5) жабдықтау пункті - вагон-ресторанды сапарға дайындап, оны керекті заттармен жабдықтайтын теміржол торабының арнайы орны;

6) жабдықтау - вагон-ресторанды сапарға дайындап, оны керекті заттармен жабдықтау.

4. Алыс және мемлекетаралық сапардағы поезд жолаушыларына тамақ өнімдерін дайындау,сақтау және сату жолаушы поезының вагон-ресторанында осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Вагондағы жолаушыларға дайын тамақты сервисті арбаларда жеткізуге рұқсат беріледі.

2. Вагон-ресторанды жабдықтау пунктіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

5. Вагон-ресторанды жабдықтау - жабдықтау пунктінде жүзеге асырылуы керек. Жабдықтау пунктінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1) вагон-ресторанға Қазақстан Республикасында қолдауға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстары (бұдан әрі - рұқсат берілген зарарсыздандырғыш зат);

2) вагон-ресторанды ауыз сумен жабдықтау;

3) ағымдағы жөндеу жұмыстары мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету;

4) зарарсыздандыру, дезинсекция және дератизация;

5) қатты және жұмсақ керек-жарақ құралдарды және ыдыстарды тиеу;

6) азық-түлік шикізаттарын, тағамдық азық-түліктерді, сусындарды тиеу.

6. Жабдықтау пункттері орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, канализация және суағарлар жүйесіне қосылуы керек; онда: ауыз суды құятын қондырғы, аккумуляторларды зарядтайтын құрылғылар, канализация жүйесі, қоқыс жинағыштар, жерасты өткелдері, жүріп өту жолдары, түсіру және тиеу жұмыстарын механикаландыратын құралдар қарастырылуы керек.

3. Вагон-ресторанды сумен қамтамасыз етуге және канализациясына қойылатынсанитарлық-эпидемиялогиялық талаптар

7. Вагон-ресторанды сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесін орнату қолданыстағы нормалар мен ережелерге сай жүзеге асырылады.

8. Вагон-ресторанды жол жүру сапарына толық жететін су қорымен қамтамасыз етілуі керек. Вагон-ресторанның сыйымдылығына құйылатын су қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Ауыз су мен жабдықтау арнайы сумен жабдықтайтын колонкалардан ғана жүзеге асырылуы керек.

9. Вагон-ресторанда су сақтайтын сыйымдылықтар экипировка пункттерінде кем дегенде 10 күнде бір рет жуылып, шайылып және зарарсыздандырылып отыруы керек. Сыйымдылықтарды және суды зарарсыздандыру үшін нұсқауға сай Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттар қолданылуы тиіс.

10. Сумен жабдықтау жүйесін жуу және залалсыздандыру графиг және вагон-ресторанның техникалық жағдайы туралы журналдағы жазуға сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырушы қызметтік тұлғалардың актілері бойынша жүзеге асырылады.

Сумен қамтамасыз ету жүйесін жуу және залалсыздандыру жөніндегі белгі вагон-ресторанның техникалық жағдайы туралы жазылатын журналға енгізіледі.

11. Вагон-ресторанды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жеке су жылытқыш орнатылады (берілетін судың температурасы 80 о С-тан төмен болмауы тиіс).

12. Ыстық және суық су қосып араластырғыш арқылы барлық асханалық және ас-үйлік ыдыстарды, құрал-саймандарды жууға, шикізаттар мен азық-түліктерді технологиялық өңдеуден өткізуге арналған ванналарға жүргізілуі керек. Ыстық судың температурасы 50-65 о С-тан төмен болмауы тиіс.

13. Вагон-ресторанның қызметкерлері үшін себезгі кабиналары, ыстық және салқын су келетін раковина жабдығы, себезгі торлы шлангі қарастырылуы керек.

14. Өндірістік тағам қалдықтары мен қоқыстарды ішінде полиэтиленді қапшығы бар қақпағы тығыз жабылатын арнайы қоқысжинағышқа салып, жинайды. Қалдықтары және қоқыстары бар қапшықтардың толуына байланысты вокзалдардың (стансалардың) қоқысжинағыштарына тасталынады. Күн сайын жұмыс күнінің соңына қарай барлық қоқысжинағыштар жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қосып, жуылады. Қоқыс жинағыштар жоқ болған жағдайда поездың қозғалатын уақытында және стансаларда қоқыстар мен тағам қалдықтарын тастауға болмайды.

15. Ыстық және суық су болмағанда, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесі бұзылған жағдайда вагон-ресторанның жұмыс жасауына тыйым салынады.

16. Вокзал перрондарында, аялдайтын пункттерінде және санитарлық аймақта шеңберінде жуғыш ванналардан ағынды суды ағызуға тыйым салынады.



4. Вагон-ресторанның үй-жайларын салуға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологияық талаптар

17. Вагон-ресторанда төмендегідей бөлме жайлар болуы тиіс: ас үй, түскі ас залы, өнім сақтайтын қойма және себезгі бөлмесі (жуынатын бөлме). Ас үй бөлмелері өндірістік учаскелерге бөлінеді: ас үй ыдыстарын жуатын ас үй, асхана ыдыстарын жуатын бөлме, қызмет көрсететін орын, буфет бөлімі және сақтау қоймасы; өнімдерді сақтауға арналған сақтайтын қойма, түскі ас ішетін зал, қызметкерлер (себезгі қондырғысы бар) және келушілерге арналған дәретханалық үй-жайлар.

18. Вагон-ресторанның өндірістік және тұрмыстық үй-жайларын басқа мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.

19. Асханалық ыдыстарды жуатын орын тікелей байланыста болатын ас үймен жапсарлас үй-жайда орналасуы керек. Қызмет көрсететін орын ас үйдің түскі ас ішетін залмен қолайлы байланысын қамтамасыз етуге тиіс. Өнімдерді сақтауға арналған үй-жай вагон-ресторанға өнімдерді тиеуге қолайлы және оларды тазалауға және зарарсыздандыруға қиындық тудырмайтын учаскелерінде орналастырылады.

20. Түскі ас ішетін зал қаптамасы жуғыш және зарарсыздандырғыш еріткіштермен ылғалдатын тазалағанға тұрақты материалдардан жасалған үстелдермен жабдықталған. Периметрі бойынша үстелдер биіктігі 5 миллиметрден кем емес ернеумен жиектелу тиіс. Үстелдің тере жақ бетінде бөтелкелерді ұстап тұратын ойықтардың болуы тиіс.

21. Вагон-ресторанның түскі ас ішетін залындағы үстелдер арасынан өтетін жердің ені даяшының қызмет көрсететін арбашығымен өте алуын қамтамасыз етуі тиіс.

22. Түскі ас ішетін залда қаптама материалы жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен ылғалдатып тазартуға мүмкіндік беретін, жартылай жұмсақ арқа қоятын және отыратын орны бар үстелдер орнатылады.

23. Үй-жайға ағымдағы тазалау ластануына қарай Қазақстан Республикасында жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды пайдалану жөніндегі нұсқауға сай 24 сағат бойы кемінде екі рет жүргізіледі. Жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар арнайы қарастырылған орында дайындаушы немесе таңба қойылған ыдыста, қақпағы бар көлеңкелетілген ыдыста сақталады. Сапар кезінде вагон-ресторан тазалықты сақтауы тиіс. 24. Тазалауға қолданылатын керек-жарақтарға таңба қойылып, әрбір өндірістік учаскеге және үй-жайларға бекітіліп, арнайы бөлінген орындарда бөлек сақталуы керек.

25. Өндірістік үй-жайларға (учаскелерге) бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді.

26. Егер тағам өнімдерін сақтауға, қолдануға және сатуға мүмкіндік беретін жағдайға санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілсе, жолаушылар поезының вагонын буфет-бармен жабдықтауға рұқсат етіледі.

27. Отыратын орындарды қоса алғанда, буфет-бардың үй-жайының ауданы 15 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

28. Буфет-барда келесі жабдықтар болуы тиіс:

1) витриналары, шкафтары, сөрелері бар тірегі;

2) тоңазытқыш жабдығы (шкафтар, прилавка, витриналар);

3) приборлары бар бір рет пайдаланылатын ыдыстар - тез бұзылмайтын өнімдерді жіберу үшін;

4) 8 отыру орнынан кем емес, келушілерге арналған фиксерлі столдар және жартылай жұмсақ арқалы орындықтар;

5) қақпағы және полиэтиленді қапшығы бар тағам қалдықтарына арналған қоқысжинағыш;

6) тазалауға қолданылатын керек-жарақтар.



5. Жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

29. Желдету, жылу беру жүйесін орнату және пайдалану және ауаны баптау қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келуі керек. Вагон-ресторан механикалық кіретін-шығатын ауаны желдеткішпен және ауа баптағышпен жабдықталуы тиіс. Вагон-ресторанды желдету жүйесі жөнелтілген пункттен тағайындалған пунктке дейін үздіксіз жұмыс істеуі, ауаның біркелкі бөлінуін және өндірістік үй-жайлардан шығатын иістің түскі ас ішетін залға келмеуін қамтамасыз ету керек.

30. Ас үйден және асханалық ыдыстарды жуатын орыннан жылудың және ылғалдың артығын жою үшін ауаның сырттан келуін қарастыру керек, вагонға берілетін ауа фильтрлер көмегімен тазалануға тиіс.

31. Ас үйде қатты отынмен жұмыс жасайтын плитаны пайдалануға болмайды.

32. Желдеткіш камералар ауаны сорудың алдын алу үшін қазандық тұратын бөлімнен және ас үйден мұқият оңашалау керек. Жылытқыш құралдардың қорғағыш футляры болуы тиіс.

33. Ауаны ластау (газ, шаң, иістер), жылуды сәулелендіру көздері бар үй-жайлар жергілікті шығатын ауаны желдеткішпен жабдықталуы тиіс.

34. Вагон-ресторан салонынан берілетін ауа температурасы қыздырғанда 18 о С-тен төмен және 26 о С-тен, салқындатқанда 16 о С-тен төмен болмауы тиіс.

35. Вагонға жылу беру жүйесі вагон - ресторанда қосу 22 о С/қосу алу 2 о С ауа температурасын ұстауы тиіс.

36. Жасанды жолмен жарықтандыру үшін қорғайтын арматурасы бар люминесценттік лампалар пайдаланылады.

37. Жасанды жолмен жарықтандыру нормаланған жарықтандыруды қамтамасыз етуге, ол көзді қарықтырмайтындай және күрт көлеңке бермейтіндей болуға тиіс.

38. Вагон-ресторанының бөлме жайындағы пайдалану мерзімі біткен люминесценттік лампаларды сақтауға болмайды. Сақтау экипировка пунктінің жеке бөлме жайында жүзеге асырылуы тиіс.

6. Өндірістік жабдықтар, құрал-саймандар, ыдыстар және қораптарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

39. Ас үйде өндірістік жабдықтар, өнімдерді өңдеуге арналған механизмдерді қызметкерлер еркін түрде ала алатындай етіп орналастырылады.

40. Пайдаланылатын өндірістік жабдық, керек-жарақтар, асүйлік және асханалық ыдыстар, өндірістік үстелдердің жабындылары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы тиіс. 41. Ас үйде плита периметрі бойынша ернеушемен және шығып тұрған шатыры бар ауа желеуімен жабдықталуы тиіс. Вагон-ресторанның ас үйінде келесідей өндірістік жабдықтар болуы тиіс:

1) духовый шкафы бар плита;

2) СВЧ пеші немесе конвекциялық пеш (топтастырылған термопарасы бар);

3) тоңазытқыш жабдықтар (шкафтар, витриналар, прилавкалар, камералар);

4) шикі және дайын өнімдерге арналған өндірістік үстелдер;

5) қызмет көрсетуге арналған үстел (ас үй мен қызмет көрсететін орын арасындағы қабырғада);

6) ас қатықтарға, ыдыстарды және ас үйдегі керек жарақтарды сақтауға арналған шкафтар, кептіргіш;

7) қақпағы және полиэтиленді қапшығы бар тағам қалдықтарына арналған қоқысжинағыш.

42. Көбірек мұздатуды қажет ететін дайын өнімді пайдаланғанда төмен температуралық мұздатқыш жабдықтар қарастырылады.

43. Ас үйде көкөністерді қысқа мерзімге сақтауға және өңдеуге арналған арнайы жабдықталған орын болуы тиіс.

44. Шикі және пісірілген өнімдерді дайындауға арналған өндірістік үстелдер шеті дөңгелектелген жібі жоқ жабындылардан дайындалады.

45. Жуғыш үй-жайда төмендегілер орнатылуы тиіс:

1) пайдаланған асхана ыдыстарын қабылдауға арналған үстел;

2) ыдыстарды қолмен жуу үшін үш секциялық ванналар, ағып тұрған тесіктерді жабуға арналған себезгілік саптамалары және тығындары бар араластырғыш арқылы ваннаға ыстық және суық суды беріп, шыны ыдыстарға және асхана құралдарына арналған екі секциялық ванналар;

3) таза ыдыстарды кептіруге және сақтауға арналған орын;

4) тағам қалдықтарына арналған қоқысжинағыш.

46. Су ағатын құбырлар қатып қалмас үшін ысытқышпен жабдықталады.

47. Қызмет көрсететін орында дайын тағамдарды қабылдауға арналған үстел, таза ыдыстар мен стақандарды сақтауға арналған шкаф, нан кескіш қызмет көрсетуде қолданылатын басқа да жабдық болуы тиіс.

48. Өнімдерді сақтауға арналған бөлме жайларда көкөністерді, картопты, жеміс-жидектерді сақтайтын, құрғақ өнімдерді сақтайтын жеке орын бөлінеді, шикі және дайын өнімдерді сақтауға арналған тоңазытқыш жабдық орнатылады.

49. Вагон-ресторан шикі етті тартуға арналған еттартқыш немесе ауыстыратын құралы бар әмбебап турағыш механизмімен қамтамасыз етілуі тиіс. Пісірілген өнімдерді ұнтақтау үшін еттурағышты пайдалануға болмайды.

50. Ет, балық, көкөніс және басқа тағамдарды турау үшін арнайы пышақтар және қатты жынысты ағаштан жасалған (қайың, қарағай, клен) тегіс, бүдірсіз бөлшектегіш тақтайлар немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген басқа да материалдар пайдаланылады. Арнайы пышақтар мен бөлшектегіш тақтайшалардың жоғарғы бүйірінде төмендегідей таңбалары болуы тиіс: "ШЕ" (шикі ет), "ШБ" (шикі балық), "ПБ" (піскен балық), "ПЕ" (піскен ет), ЕГ (ет гастрономия), БГ (балық гастрономиясы) "Н" (нан), "С"

51. Бөлшектегіш тақтайшалар мен арнайы пышақтарды сақтау шикі және дайын өнімдер үшін бөлек жүзеге асырылады. Тақтайшалар арнайы белгіленген жердегі ұяшықтарда, қырынан қойылып сақталуы тиіс, бір бірінің үстіне қоюға рұқсат етілмейді.

52. Дайын тамақты дайындау және сақтау үшін тат баспайтын болаттан жасалған ыдыс пайдаланылуы тиіс. Алюминийден және дюралюминийден жасалған ыдыстар тамақты дайындау және қысқа мерзімге (бір сағаттан көп емес) сақтау үшін ғана пайдаланылады.

53. Жарығы бар, шеті сынған, эмалі зақымдалған, пішіні өзгерген ыдыстарды қолдануға болмайды.

54. Асханалық, шайлық ыдыстар және асханалық құралдар қышкәрленнен, кәрленнен, шыныдан, ал асхана құралдары тот баспайтын болаттан болуға тиіс. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген полимерлі материалдан жасалған ыдыстарды қолдануға болады.

55. Асханалық ыдыстарды жуу төмендегідей реттілікте жүргізілуге тиіс:

1) механикалық жолмен тамақтың қалдықтарынан тазалау;

2) ваннаның бірінші секциясында жуғыш заттарды қосып, температурасы 40 о С-тен төмен болмайтын суда жуу;

3) ваннаның екінші секциясында бірінші секцияға қарағанда екі есе аз көлемде жуғыш заттар қосып, температурасы 40 о С-тен кем болмайтын суда жуу;

4) ваннаның үшінші секциясында ыдыстарды температурасы 65 о С кем болмайтын ыстық ағын сумен шаю;

5) ыдыстарды торланған сөрелерде, сөрелерде кептіру.

56. Шыны ыдыстарды және асханалық құралдарды екі секциялы ваннада жуу төмендегі реттілікпен жүргізіледі:

1) температурасы 40 о С-тен төмен болмайтын суға жуғыш заттарды қосып жуу;

2) температурасы 65 о С-тен төмен болмайтын ағын сумен шаю;

3) торларда, сөрелерде кептіру.

57. Жұмыс күнінің соңында асхананың барлық ыдыстары мен құралдарын Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен міндетті түрде зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі.

58. Асүй ыдыстарын жуу тәртібі:

1) механикалық жолмен тамақтың қалдықтарынан тазалау;

2) температурасы 40 о С-тен төмен болмайтын суға рұқсат етілген жуғыш заттарды қосып, шөткемен жуу;

3) температурасы 65 о С-тен төмен болмайтын ағын сумен шаю;

4) торларда-кептіргіштерде төңкерілген қалыпта кептіру.

59. Технологиялық жабдықты ластануына және жұмыстың аяқталуына қарай жуады. Жұмыс соңында өндірістік үстелдер жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар қосып жуылады, ыстық сумен шайылады, сүртіледі.

60. Әрбір технологиялық операциядан кейін бөлшектегіш керек-жарақтарды механикалық жолмен тазалау, жуғыш заттармен ыстық сумен жуу, ыстық ағынды сумен шаю керек. Шикі және дайын өнімге арналған бөлшектегіш керек-жарақтар арнайы бөлінген орында бір-бірінен оқшау сақталуы тиіс.

61. Жұмыс соңында ауыстырылатын механизмі бар әмбебап еттартқышты бөлшектеп, жуып, ыстық сумен өңдеп, кептіріп және арнайы бөлінген орында сақтау керек.

62. Ыдыстарды жууға арналған шөткелер және жөкелерді күнделікті жұмыстан кейін жуып, 10-15 минут бойы қайнатып, кептіріп және арнайы бөлінген орында сақтау керек.

63. Асханалық құралдар мен дәмдеуіш салатын құралдарға арналған подностар мен құндақтар асханалық ыдыстарға арналған ванналарда жуғыш заттарда қолдану арқылы жуылып, шайылып және майлықпен құрғатылып сүртіледі.

64. Сорпаны сүзуге арналған елек әрбір қолданған сайын ыстық сумен жуылып және кептіріледі.

65. Ас-үйлік таза ыдыстар және құралдар арнайы аспалы шкафта сақталады.

66. Шалаөнімдер салынған ыдыстар тек, ас үйдегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ас-үйлік ыдыстарға арналған ваннада жуылуға тиіс. Шалаөнімдер салынған ыдыстарды арнайы белгіленген жерде сақтау керек.

Қорытынды

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өзінің күнделікті жұмысында, адамдардың тіршілігінің барлық тұстарын қамтитын мемлекеттің заңдарының, үкімдерінің, жарлықтарының, нормативтік және нұсқаулық құжаттардың және басқалардың жинағы түріндегі санитарлық заңнамаларға сүйенеді. Атап айтқанда, санитарлық заңнамаларға кіретіндер:

• «ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы», «ҚР Экологиялық кодексі» және басқа да ҚР заңдары;

• ҚР Президентінің Жарлықтары және ҚР үкіметінің Қаулылары;

• Гигиеналық нормативтер: ШРЕК. ШРЕД, ӘШАҚД, ДШ (доза шектері – иондағыш сәулеленулер үшін) және басқалар;

• Әр түрлі нысандарды орналастыруға, жоспарлауға, салуға, керек-жарақпен жабдықтауға және пайдалануға қойылатын гигиеналық талаптар жазылған санитарлық ережелер мен нормалар (СанЕменН), құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ) әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, ереже жиынтықтары, нұсқаулар;

• Тағамдық азықтардың, су құбырлары суларының және басқалардың сапасына арналған мемлекеттік стандарттар (ГОСТ-тар), салалық стандарттар (ССТ-тар), шикізаттарға, өнімдерге, жабдықтарға арналған техникалық шарттар.

Заңнамалық құжаттарға кіретін құжаттарды гигиеналық ғылыми зерттеу мекемелері немесе гигиена мамандарының қатысуымен, басқа ведомстволар дайындайды және бұл құжаттардың барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін заңдық күші бар.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі

2. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т., Жалпы эпидемиология,Алматы 2000

3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V040002798_

4. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0

Кіріспе

"Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызметкөрсету пункттерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары



1. Жалпы ережелер

1. "Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет көрсету пункттерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) іс-әрекеті техникалық қызмет көрсету пункттерін жобалаумен, құрылыспен, қайта құрастырумен және пайдаланумен, жолаушылар вагондарын темір жол станцияларында жабдықтаумен байланысты барлық меншік нысанының жеке және заңды тұлғаларына арналған.

2. Ұйымның бірінші басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды:



1) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті (бұдан әрі - жабдықтау пункті) - вагондарды сапарға дайындау және жабдықтауды жүзеге асыратын теміржол жолының арнайы учаскесі;

2) жабдықтау бригадалары - вагондарды жуу, оларды жинау құралдарымен жабдықтау және отынмен, сумен толтыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын жабдықтау пунктінің жұмысшылары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет