7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 1226 «Көлік және байланыс ұйымдарындағы, материалды-техникалық жабдық және өтімдердегі мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелер (қызмет орны) басшылары»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеті шебері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті шеберінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық топ: 7511 «Теміржол көлігінің механизмдері мен жолдық машиналарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеті операторы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк вагон паркінің техникалық жағдайын тексеру, жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету және жабдықталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті операторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.
4-параграф «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша)»
9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 2359 «Басқа топтарға кірмеген, оқыту бойынша мамандар»
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша);
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - тәртіп пен поезд қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған жұмыстардың айлық жоспарын құру және жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.
5-параграф «Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы»
10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3; СБШ бойынша – 2-3;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жылжымалы құрамды, аумақты тазалау, үрлеу, сүрту, жинау, жуу жұмыстары;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.
6-параграф «Дизельді қондырғы механигі»
11. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4; СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3115 «Техниктер-механиктер»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: дизельді қондырғы механигі;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - бекітілген мерзімде және толық көлемде дұрыс техникалық қызмет көрсету және жабдық кемшіліктерін анықтау және жою;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Дизель қондырғы механигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 6-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 6-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 6-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
14. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
16. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
17. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№
р/с
|
Қызмет түрінің атауы
|
Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы
|
ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы
|
СБШ біліктілік деңгейлері
|
БТБА бойынша разряды
|
1
|
Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі вагондарды жөндеу-тексеру бригадасының (тобының) тексеру және жөндеу жұмыстарын орындауын басқару
|
Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы
|
Бекет бастығы (көлікте)
|
5
|
-
|
2
|
Техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу
|
Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері
|
Жөндеу-тұрақ бекеті шебері
|
4
|
1
|
3
|
Вагон паркінің техникалық жағдайын тексеру. Жолаушылар вагонына техникалық қызмет көрсету және жабдықталуын бақылауды жүзеге асыру
|
Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы
|
Вагон мен контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы
|
3
|
-
|
4
|
Тәртіп пен поезд қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған жұмыстардың айлық жоспарын құру және жүзеге асыру
|
Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша)
|
Нұсқаушы
|
4
|
1
|
5
|
Жылжымалы құрамды, аумақты тазалау, үрлеу, сүрту, жинау, жуу.
|
Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы
|
Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы
|
2-3
|
1-4
|
6
|
Бекітілген мерзімде және толық көлемде дұрыс техникалық қызмет көрсету және жабдық кемшіліктерін анықтау және жою
|
Дизельді қондырғы механигі
|
Дизельді, тоңазытқыш қондырғы механигі
|
4
|
1
|
Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасының жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52-шығарылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Теміржол станциялары және кіреберіс жолдары
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
-
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5
|
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе
|
Кемінде 3 жыл
|
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Кемінде 1 жыл
|
2-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті шебердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Теміржол станциялары және кіреберіс жолдары
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
-
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаптықтан соң
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5
|
Техникалық және кәсіптік білім (немесе орта білімнен соң), қосымша кәсіптік білім бағдарламалары, практикалық тәжірибе
|
Кемінде 3 жыл
|
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
|
3-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеті операторының жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Техникалық қызмет көрсету бекеті
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
-
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медециналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаплықтан соң
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
3
|
Практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім немесе негізгі орта білімі базасында кәсіптік білім және техникалық немесе жалпы орта білім болғанда кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі бағдарлама бойынша кәсіптік дайындық базасында ұйымдастыру курстары немесе кәсіпорындағы білім) және/немесе практикалық тәжірибе.
|
Кемінде 2 жыл
|
4-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушының (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Техникалық қызмет көрсету бекеті
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
-
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаптықтан соң
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5
|
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім практикалық тәжірибе
|
Кемінде 2 жыл
|
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім, практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
|
5-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Теміржол жылжымалы құрамы, дезинфекциялық-жуу станциялары мен бекеттері аумақтары, вагондарды кешенді дайындау бекетті
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
Мүмкін зиянды жағдайлар – тозаңдылық, газдылық, вибрация
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаптықтан соң
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
2
|
Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу)
|
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
|
3
|
Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар)
|
2 деңгейде 2жыл
|
6-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Дизельді қондырғы механигінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)
|
Дизелдік қондырғы, вагон
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
|
Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрация, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары газдылығы
|
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, кіріспе және алғашқы талаптықтан соң
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білімі мен оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
4
|
Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім, практикалық тәжірибе
|
Кемінде 1 жыл
|
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті бастығы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
1 Ф
|
Вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау сапасын бақылау
|
2 Ф
|
Жұмысшылардың еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын және қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылау
|
2-кесте
2. «Техникалық қызмет көрсету бекеті шебері» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
1 Ф
|
Құрылымдағы уақытылы ауыстырылымдар туралы хабарлау, журналдар жүргізу және мәлімдемелер рәсімдеу, нұсқама жүргізу
|
2 Ф
|
Техникалық қызмет көрсету бекеттері қызметкерлерінің жұмыстарын тіркеу
|
3-кесте
3. «Техникалық қызмет көрсету бекеті операторы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
1 Ф
|
Вагон паркінің, жолаушылар вагондарының, құрал-саймандар мен құрылғылардың техникалық күйін есепке алу
|
2 Ф
|
Жолаушылар вагондардың жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету графигін орындауды бақылауды іске асыру. Журналдарға жазбаларды жазу
|
4-кесте
4. «Нұсқаушы (автотежеуіш пен букстік торап бойынша, өндірістік-техникалық оқу бойынша)» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
1 Ф
|
Поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен алдағы тәртіп деңгейін жоғарылатуға бағытталған, шараларды іске асыру және жұмыс жоспарларын құрастыр
|
2 Ф
|
Мерзімді нұсқамалар, техникалық және практикалық сабақтар жүргізу
|
5-кесте
5. «Жылжымалы құрамды жуып-тазалаушы» еңбек қызметінің
(кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясы атауы (кәсіптік стандарттың бірліктері)
|
1 Ф
|
Жылжымалы құрамды тазалау, сүрту, жинау, жуу
|
2 Ф
|
Ерітінді дайындау, жұмыс режимін реттеу, аумақты тазалау
|
6-кесте
6. «Дизельді қондырғы механигі» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифр
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
1 Ф
|
Техникалық құжаттамаларды жүргізу. Вагондарды тіркеу және ажырату, вагондарды қабылдауға, оның құрылғыларын жөндеуден алуына қатысу
|
2 Ф
|
Вагонды қарау және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді бақылау
|
Ескерту: Ф – функция.
«Жолаушылар вагондарын
қарау және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |