«Жолда жүру ережелері» бойынша нұсқаулық
Көшеге шыққаныңда жүргіншілерге кедергі жасамау үшін алдымен солға, сонан соң оңға қарап ал.
Мектепке барарда көшеден өтетін жері сирек кездесетін қозғалыс бағытын таңдап ал.
Қала көшелерінен өткенде мұқият бол. Асықпа. Тек жаяужолмен немесе жолдың жиегімен жүр.
Көшеден өту аз болса - қауіп те аз.
Жаяужолдың оң жағымен асықпай жүр.
Жолдың шетінен алыс жиегімен жүр.
Көшенің немесе жолдың жүретін бөлігіне шықпа.
Қақпалар қасынан өткенде, әсіресе, мұқият бол: қақпадан автомобиль шығуы мүмкін.
Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан байқап өт: жолаушылар кенет есік ашып қалып сені соғуы мүмкін.
Көшеден тек жаяу жүргінші жолымен өт.
Көшеден өтерде сол жағыңа қарап ал. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса –жүр.
Жолдың ортасына жеткенде, тоқта. Егер көлік қозғалысы басталса, «қауіпсіздік аялдамасында» күт. Енді оң жағыңа қара. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса, көшеден өтуіңді аяқта.
Жаяу жүргінші жолы жоқ көшеде жаяужолдың бір бұрышынан келесі жаяужолдың бұрышына дейін өткен дұрыс: бұл қауіпсіздеу болады.
Егер көшеде қозғалыс үлкен болса, басқа ересектерден немесе полиция қызметкерінен көшеден өткізуін сұра.
Көлікті отыру алаңында немесе жаяужол бойындағы аялдама белгісі бар жерде күт.
Автобус, троллейбус, трамвайға отырар алдында тәртіп сақта. Басқа жолаушыларға кедергі жасама.
Автобус, троллейбус, трамвайға артқы есік арқылы кір.
Шығарда тек алдыңғы есіктен шық. Алға қарай ілгерілеп шығуға алдын ала даярлан.
Көлікке кіріп, шығарда асықпа және итерме.
Трамвайдың алдынан айналып өт. Автобус пен троллейбустың артынан өт. Автобус пен трамвайдан түскенде жаяужолмен жаяу жүргінші жолына дейін жетіп барып, көшенің екінші бетіне өту керек.
Көшеден өткенде, бағдаршамның дабылына назар аудар: қызыл – ТОҚТА - барлығы тоқтау керек; сары – НАЗАР АУДАР – келесі дабылды күт; жасыл – ЖҮРІҢІЗ – көшеден өтуге болады.
Көліктің ішінде қозғалып жүрме, үстағыштардан ұстап тұр, терезеден басыңды шығарып қарама, қолыңды шығарма, қажетінсіз апаттық батырманы баспа.
Жолда не оның жанында ойын ойнама. Велосипедпен, роликті конькимен және т.б. жүрме.
Көшеде жақын келген көліктің алдынан жүгіріп өтпе.
Жақын өтіп бара жатқан көлікке жармасып тіркеспе.
Достарыңызбен бөлісу: |