Жоспар: 1Домбыраның тарихы 2Домбыраның түрлері 3Сипаттамасы 4Домбыраның дамуы



бет2/4
Дата09.03.2022
өлшемі1,18 Mb.
#134860
1   2   3   4
Байланысты:
518999.pptx

Домбыраның түрлері


Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.
Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері
8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына
20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да
қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра,
негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді.
Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы,
«сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
ән мен күй домбырасы
  • торсық
  • тұмар
  • кең шанақты (екі нұсқасы)
  • балдырған
  • балашық
  • шіңкілдек
  • аша
  • үш ішекті
  • қуыс мойын
  • шертер
  • оркестр домбыралары
  • қоңыр дауысты (альт)
  • жіңішке дауысты (прима)
  • ащы дауысты (секунда)
  • бас домбыралар (екі нұсқасы) [1]

Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқатүйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет