Бюджет тапшылығы және инфляция.
Жоспар:
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Үкіметтің кірістері мен шығыстары.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру. Инфляциялық салық және сеньораж. Лаффер қисығы.
Әдістемелік кенес:
Бірінші сұрақты бастамастан бұрын біз мынаны есте сақтауымыз керек, ол кез – келген елдің қаржы жүйесiнiң негiзгi буыны (звено) мемлекеттiк бюджет болып табылады. Бюджет - (ағыл: - ақша салатьн қоржын, сөмке). Мемлекеттiк бюджет — мемлекеттiң негiзгi қаржылық жоспары. Оның көмегiмен сала арасында ЖҰӨ - бөлiнедi және қайта бөлiнедi. Ол мемлекеттiң шығыны мен табыстарының балансы (тепе-теңдiгi). Бюджеттiң қорлары (ресурстары) шаруашылықтардың табысы негiзiнде құралады. Бюджет бiр жылға есептелiнiп жасалады және оны Республика Парламентi бекiтедi. Мемлекеттiк бюджет Республикалық бюджет және жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық бюджет) болып бөлiнедi.
Бюджет мынадай үш қызмет атқарады:
- Бөлу қызметі Мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық табыстың 20-60 % дейiнi қайта бөлiнедi.
- Бақылау қызметі – бюджет ресурстарының қозғалысы экономиканың қаржылай жағдайын көрсетiп, оны бақылау мүмкiндiгi туады.
- Реттеушi қызметi мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығысының өзгеруi, жұмыссыздық деңгейiнiң азаюын, өндiрiстiң құлдырауын жеңiлдетiп отырады, былайша айтқанда экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Мемлекеттiк бюджет екi бөлiмнен тұрады, олар бюджеттiң түсiмi (кiрiсi) және шығыны. Бюджеттiң түсiм жағы барлық түсiмдердi қамтиды. Олар негiзiнен салықтардан құралады (барлық түсiмнiң 85-90 %) - олар кәсiпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа салық, жергiлiктi салық, сонымен қатар әртүрлi төлемдерден, алымдардан, мемлекеттiк займдардан және мемлекеттiк меншiктердi сатудан түскен пайдадан тұрады.
Ал мемлекеттік бюджеттің шығындары экономиканы қаржыландыруға, мәдени-әлеуметтiк салалардың бағдарламаларына (зейнетақы, жәрдемақы, жұмыссыздарға беретiн көмек), басқару жүйесiне, қорғанысқа, мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, несие және басқа мемлекеттерге көмек т.б. жұмсалады.
Бюджеттiң түсiмi (кiрiсi) шығынынан аз болса, бюджет тапшылығын құрайды. Кеңес одағындағы бюджет 1984ж. бастап тапшылық күйiн кеше бастады. Нарықтық қатынастарға көшу бюджет тапшылығына қатты әсер еттi. Ол жылма-жыл қарыздар болған кәсiпорындар меп ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсiндiрiлдi. Өнеркәсiп өнiмiн сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнiмiн сату бағаларының тепе-теңдiгiнің бұзылуы нәтижесiнде де болды. Күрделi әлеуметтiк бағдарламалар мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттiк бюджеттің тапшылығының себептерi мынаған байланысты болады:
1) Қоғамдық өндiрiстiң құлдырауы;
2) Қоғамдық өндiрiстiң шектi шығындарының тым жоғары өсiп кетуi;
3) Бос ақшалардың айналымға көптеп шығарылуы;
4) Әлеуметтiк бағдарламалардың шамадан тыс көбеюi;
5) Әскери кешендердi дамытуға ақшаның шамадан тыс көп жұмсалуы;
6) “Көлеңкелi капиталдың” айналымының кең өрiс алуы;
7) Өндiрiстiк емес шығындардың көбеюi-өндiрiлген өнiмдi жинай алмай қалу, ұрлық т.б.
Әдетте, бюджет тапшылығы кiрiс сомасының 10% -не дейін болса, ол қарапайым жағдай деп есептелiнедi, ал егер одан асса қиын жағдай деп есептелiнедi де, қосымша ақша басып шығару көбейедi. Жалпы бюджет тапшылығының нормасы 6-8 % аспауы керек.
Бюджет тапшылығын жабатын үш түрлi жолы бар:
а) Мемлекеттiк займдар шығару;
б) Салық салуды қатайту;
в) Ақша өндiрiсi немесе “сеньораж” (фр: ақша басып шығару). Бұл әрине тиiмсiз, себебi ол инфляцияны ұлғайтады.
Бюджет тапшылығының артуы мемлекеттiк қарыздың өсуiне әкеледi.
Мемлекеттік қарыз – белгiлi бiр уақытта жиналған бюджеттiк тапшылықтың сомасы. Бұл сомадан осы уақыттағы бюджеттiң оң сальдосы шегерiледi.
Мемлекеттiк қарыздың екi түрi болады: iшкi және сыртқы қарыз.
- Ішкі мемлекеттік қарыз - өкiметтің өз елiнің азаматтарына қарыз (жалақы, стипендия, зейнетақы, экологиялық төлем т.б.).
- Сыртқы мемлекеттік қарыз – шет ел мемлекеттеріне, ұйымдарына, жеке тұлғаларына қарызы. Оның мәнi терiс, себебi мемлекет шет елге өзiнiң бағалы қағаздарын бередi және қарыз жүгiн келесi ұрпаққа қалдыра бередi.
Жалпы мемлекеттiк қарыздың болуы, шынайы терiс зардап-салдарға әкелiп соқтырады.
1) Iшкi қарызды халыққа пайыз төлеу арқылы өтеу әр түрлi әлеуметтiк топтардың табысының сәйкессiздiгiн өсiредi, себебi мемлекеттiк мiндет- теменiң көп бөлiгi халықтың жағдайы жақсы бөлiгiне үлестiрiлген. Кiм мемлекеттiк бағалы қағаздарды иемденсе, оларды өтеу кезiнде, сол оданда байиды.
2) Мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз төлеу мақсатымен салықты көтеру немесе азайту, өндiрiстiң экономикалық ынтасын үзедi.
3) Мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз төлеу үшiн үкiмет капитал нарығында займ алса, бұл экономикаға терiс әсерiн тигiзедi, себебi бұл жағдай ел iшiнде капитал салымының қысқаруына әкеледi.
4) Мемлекеттiк қарыздың болуы елде психологиялық зорлануға әкеледi, бұл жалпы экономиканың және әр азаматтың iскерлiк белсендiлiгiне сенiмсiздiк туғызады.
Екінші сұрақты бастағанда мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансфердің өсу немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.
Кезеңдік бюджет артышылығының өсуі экономикалық өрлеу кезеңдерде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияны күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлем ақы ретінде беру (облигацияларды өтеу, тұрмысы нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісенше бюджет артықшылығын «тыйым салу» артық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.
Бюджет тапшылығын тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты болады.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері мыналар:
а) Ақша – несие эмисиясы(ақша шығару)
б) Займ шығару
в) Мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін қосымша ақша шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Нарықты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарлауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.
Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақытылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.
Мемлекеттік тапшылықты жою үшін ақша шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Ұлттық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеделдетілген пайыз мөлшерінен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.
Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы төлемейді. Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетің болса, онда олар тауар бағасын алдын ала көтереді. Мұндай жағдай төлемей кетүден сақтандырады. Бұл орташа баға деңгейін көтереді және инфляция деңгейі көтеріледі.
Егер мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Ұлттық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін өсіреді. Сондықтан ақша шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі. Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару арқылы қаржыландырса, онда орташа нарықтын пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол қазыналық саясатың ынталандырушы әсерін азайтады.
Бюджет тапшылығы қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне ақша шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады. Бірақ қарыз алып қаржыландыру тәсілі инфляцияның өсуін тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге мүмкіндік береді, бұл жағдай Қазақстан экономикасына тән. Егерде мемлекеттік зайымның облигациясын Ұлттық банкке орналастырмай, халыққа берсе және коммерциялық банктерге орналастырса онда, инфляция әлсірейді. Бірақ Ұлттық банк бұл облигацияларды құнды қағаздар нарығынан екінші рет сатып алып, жалған қазыналық іс-әрекеттерін кеңейтуі мүмкін, мұндай құбылыс инфляциялық қысымның өсуіне әсер етеді.
Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс қорларға төлем пайыз мөлшері мен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизіміне айналады.
Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезенде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.
Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі мыналарға байланысты:
а) Экономиканың кірістірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі нәтижесінде;
б) Пайыз мөлшерілемесінің жоғарлауынан пайда болатын мемлекеттік емес секторлардың ығыстыру әсерінің өсуі;
в) Бюджет тапшылығын өсіру, бір мерзімде салық салудың мөлшерлемесін және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.
Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетілген.
Бұл сұрақтың соңынды салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасындағы байланысты американдық профессор А.Лаффер өзінің ұсыныс теориясында дәлелдеген. Ол табыс салығының көтерілуі бірдей іскеркерлік, белсенділікті төмендетеді, немесе кәсіпкерлік қызмет болады деп көрсетті. Ал салық мөлшерінің аз болуы жұмысқа, қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелділік қабылдауға, ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады. Нәтижесінде салық негізі кеңейеді. Бұл салық мөлшері төмен болса да, салық түсемдерін жоғарылатады. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Сөйтіп, салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс «Лаффер қисығы» деген атау алды.
Достарыңызбен бөлісу: |