№5 диета (№5а, 5п) - бауыр және өт жолдары ауыратын адамдарға белгіленеді:тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған күйінде беріледі;
- тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
- күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), көмірсу - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
- рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпа, бал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
№6 диета-подагра және несеп жолдарының ауруларымен ауырғанда белгіленеді: құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер; №6 диета-подагра және несеп жолдарының ауруларымен ауырғанда белгіленеді: құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер; - сұйық ішуді көбейту, әсіресе табиғи шырындар;
- тамақ ішу жиілігі күніне 4 рет;
- күндік рацион құрамы: белок - 80-90 г., май - 80-90 г., көмірсу - 400 г;
- рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.
№7 диета (№7а, №7б) - бүйрек қабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді.
Бос сұйықтықты, ас тұзы мөлшерін азайту;
Тамақ қайнатылған және буға пісірген күйінде беріледі;
Тағам рационынан белокты шектеу;
күндік рацион құрамы: белок - 20 г., май - 80 г., көмірсу - 400 г;
рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |