Емі. Тістердің түсі беттерінде қақтардың шөгуі нәтижесінде өзгерген болса, оларды қақтан тазарту қажет. Қазіргі кезде тіс қақтарын ультрадыбыс, Аир-Фло, Мастер Пезо көмегімен тазалау әдісі кең қолданылады. Бұл әдіс тіс кіреукесіне ешқандай зиян келтірмейді және пародонтқа күш түсірмейді. Қақты алғаннан кейін тістерді арнаулы ағартқыш абразивті қойыртпақтарды пайдаланып щеткамен тазалап ағартады және жылтыратады. Ол үшін арнайы қойыртпақтар немесе глицеринге шыланған пемза қолданылады. Жылтыратқыш ұнтақ ретінде фосфат-цементінің ұнтағын да пайдалануға болады. Тістерді тазартып, беттерін жылтыратқаннан кейін қызыл иек жиегін 3 пайыздық сутегінің асқын тотығымен және 1-2% иодтың спиртті ертіндісімен өңдеп алған жөн.