Сүйекішілік жансыздандыру жүргізгенде сүйектің кортикальді пластинкасын арнайы трепанмен немесе жіңішке шар тәрізді бормен теседі. Жасалынған тесік арқылы ине көмегімен 1-2 мл анестетик ерітіндісін жі
Сүйекішілік жансыздандыру жүргізгенде сүйектің кортикальді пластинкасын арнайы трепанмен немесе жіңішке шар тәрізді бормен теседі. Жасалынған тесік арқылы ине көмегімен 1-2 мл анестетик ерітіндісін жібереді.
Сүйекішілік жансыздандыру жүргізгенде сүйектің кортикальді пластинкасын арнайы трепанмен немесе жіңішке шар тәрізді бормен теседі. Жасалынған тесік арқылы ине көмегімен 1-2 мл анестетик ерітіндісін жібереді.
Интралигаментарлі жансыздандыру
Анестетикті тістің периодонтына енгізу арқылы жасалатын жансыздандыру. АРнайы интралигаментарлі жансыздандыруға арналған инъектормен тістің түбіріне 30С бұрышпен қызылиек жүлгесіне 1-3 мм тереңдікте, тіндердің кедергісі пайда болғанға дейін инені енгіземіз.
Пульпаішілік жансыздандыру
Жергілікті анестетикті сауыттық немесе түбірлік пульпаға енгізетін инфильтрациялық жансыздандырудың түрі. Эндодонтияда, пульпитті емдегенде, пульпаны витальді және девитальді тәсілмен экстирпациялауда қолданылады. Сауыттық пульпа ашылып, апликационды жансыздандыру жүргізіліп болғанда түбір каналдарына инъекция жасайды.
Өткізгіштік жансыздандыру
Нерв бағанасының немесе оның ірі бұтақтары бойымен сезімталдық жойылады.
Инфильтрациялы анестезиядан өткізгіш анестезияның бірнеше артықшылықтары бар (С.Н. Вайсблат). Олар:
1. Инені бір шаншығанның өзінде –ақ аумақты анестезиялайды.
2. Жұмсалатын анестетик мөлшері аз.
3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды.
4. Қабынған сүйек қабығынан инфильтрациялы анестезия жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш анестезиясында бұл кемшіліктер жоқ.
5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық анестезияға мүмкіндік туады.