Қорытынды бөлім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бұл күн адамзаттың жаңа тарихына еніп, әлемнің көптеген елдері азаматтарының санасын дүр сілкіндірді. 1991 жылғы 29 тамызда сол кездегі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» 409 нөмірлі Жарлыққа қол қойды. 1945 жылы әлемдегі алғашқы ядролық жарылыстан кейін 46 жыл өткен соң ғана талай адамның ажалына себепкер болған полигон мәңгілікке жабылды. Бұл – КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік кешеніне ғана емес, сонымен бірге АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай кірген ядролық клубтың басқа мүшелеріне қарсылық еді. Қазығын жаңа қаққан, әлемге таныла қоймаған жас мемлекет үшін бұл батыл қадам болды.
Пайдаланылған әдебиет 1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
2. О. Жанайдаров «Менің елім — Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10