Жоспар І. Кіріспе


Писхиканың психологиялық құрал = белгілер мен іс-әрекеттік себептендіруінің жанама сипаты



бет5/7
Дата16.12.2023
өлшемі32,83 Kb.
#197350
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
RDVIETIXNGME13122023165006

Писхиканың психологиялық құрал = белгілер мен іс-әрекеттік себептендіруінің жанама сипаты
Психологиялық құрал белгілер = арқылы өтеді
(Психологиялық құралдар
еңбек кұралдарымен

Жоғары психикалық функциялар




ұқсастықта бөліп шығарылады)
Л.С.Выготскийлің бар күш-жігері іс-әрекет категориясы мен психологиялық теорияны түсіндіруші иринципі ретінде бекітуге, яғни іс-әрекеттіің бірінші әдіснамалық қызметін зерттеуге бағытталды.
Іс-әрекет дербес зерттеу пәні ретінде, яғни іс-әрекеттің екінші әдіснамалық қызметі ретінде Л.С.Выготскийдің шығармашылығында қойылғанымен, жетілдірілген жоқ.
 
Іс-әрекет бағыты дамуы бағдарларындағы
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары
көзқарастарындағы алшақтықтар
Жалпы психология ғылымындағы іс-әрекет бағытының дамуында екі бағдарды бөліп шығаруға болады.
Бірініші бағдар психика дамуының белгілік-рәміздік жүйесімен (Л.С.Выготский), екіншісі — психика дамуының іс-әрекеттік жүйесімен (Л.Н.Леоньтев, А.Р.Лурия т.б.) байланысты. Л.С.Выготский іс-әрекет бағытының негізін қалаушы бола отырып, өз зерттеулерінде іс-әрекеттің бірінші әдіснамалық қызметіне, дәлірек айтқанда, іс-әрекетті жалпы түсіндіруші принцип ретінде ерекше назар аударды. Ол өзінің жоғары психикалық қызметі туралы психологиялық теориясын адамның практикалық іс-әрекеті категориясын индивидуалдық категория ретінде пайдалана отырып жасап шығарады.
Бұл категорияларды «психологияландыру» мен «дараландыру» мәселесін шешуде және оны психологиялық зерттеу пәніне айналдыруда іс-әрекет бағытының негізін салушылардың бірі — Л.С.Выготский мен іс-әрекет мәселесінің басқа да көрнекті зерттеушілерінің, соның ішінде оның ізбасар шәкірттерінің көзқарастары алшақтады.
Л.С.Выготский психикалық қызмет генезисінің негізі болып табылатын психологиялық құрал немесе белгі идеясын дамыта отырып, адамзаттың тарихи дамушы заттық іс-әрекетінің «психологияландыру» құрал ретінде кез келген жоғары психикалық қызмет бастапқыда интерпсихологиялық, тек кейіннен интрапсихологиялық сипатта болады деген тезисті тұжырымдады. Онтогенездегі психикалық қызметтердің мәдени-тарихи (белгілер) жанамалануы арқасында төменгі психикалық қызметтер негізінде пайда болады.
Л.С.Выготский интерпсихикалықтың интрапсихологиялыққа айналу процесін қарастыра отырып, жоғары психикалық қызметтер генезисі мен адамдар қарым-қатынасындағы белгілерді пайдалану арасындағы байланысты негіздеді. Л.С.Выготский еңбектерінде негізінен белгі және белгілер жүйесі идеясы іс-әрекет түсіндіруші принцип ретінде қарастырылды.
Л.С.Выготскийдың шәкірттері А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия және т.б. психологиядағы іс-әрекет бағытын жетілдіре отырып, іс-әрекеттің екінші әдіснамалық, дәлірек айтқанда, іс-әрекет зерттеу пәні ретіндегі қызметіне ерекше назар аударды.
Олар да, Л.С.Выготский секілді, іс-әрекетті түсіндіруші жағынан көрді, алайда белгі және белгілер жүйесін іс-әрекет мәселесі аясында қарастырған жоқ. Іс-әрекетті зерттеу пәні ретінде қарастыруда А.Н.Леонтьев және т.б. жеке-дара іс-әрекет идеясын жасады. Мұнда іс-әрекеттің жеке-дара категория ретіндегі «психологияландыру» мәселесі шешілді.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет психологиясының концептуалды жүйесінде іс-әрекет адам психикасына әлеуметтік және тарихи бағыт тұрғысынан қарастырылады.
Психика дамуының іс-әрекеттік жүйесін жасай отырып, ол іс-әрекетті психикалық өмірдің негізгі процесі ретінде айқындап, оның құрылымы мен жалпы құрамы мәселелерін шешті.
 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет