5. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді.
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.