Жоспар: Жерге орналастыру дегеніміз не? Жерге орналастыру кезеңдері Жерге орналастырудың табиғи заңдылықтары Жерге орналастыру міндеттері Тақырыбы



бет1/3
Дата23.02.2023
өлшемі19,56 Kb.
#169970
  1   2   3
Байланысты:
реферат жер.орн
Мүктәрізді өсімдіктер, философия реферат, реферат жер.орн, 13 Лекция

Жоспар:
1.Жерге орналастыру дегеніміз не?
2.Жерге орналастыру кезеңдері
3.Жерге орналастырудың табиғи заңдылықтары
4.Жерге орналастыру міндеттері


Тақырыбы:Аралық шаруашылықты жерге орналастыру кезеңдері
Жерге орналастыру дегеніміз — жер заңын орындауға жасалатын, жерді және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.Жерге орналастыру жер қатынастарын бағыттауға, жерді негізгі өндіріс құралы, операциялық базис, табиғи ресурс және жылжымайтын мүлік ретінде тиімді пайдалануға және қорғауға бағытталған, жер заңдылығын орындау үшін жүгізілетін шаралар жүйесі. Жерге орналастырудың мазмүны қоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар:ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының жіне басқа шаруашылықтың құрылымдарының жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет